"АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ "АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
2015 ж. 07 желтоқсан
3804
2
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 2016 жылғы ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының басталғанын жариялайды.
Байқау қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналады, Оның қорытындысы 2016 жылдың 5 наурызында – Ә.Бөкейханның туған күнінде шығарылады. Байқаудың жүлделік қоры 1 миллион теңгеге ұлғайтылып, 4 миллион теңгені құрайды.
Төменде 2016 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының жаңартылған шарттары келтіріледі.
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады. Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді. Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі. Номинациялар:- Әлихан Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
- Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
- Әлихан Бөкейхан жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
- Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;