Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы қолдауымен «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының негізгі бағыттарының бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» облыстық байқауын ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты:
- Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,
- Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау;
- Алаш мұрасын оқуға қызығушылықтарын ояту,
- Қазақстандық рухани бірлікті қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
- кез келген Алаш қайраткерлерінің прозалық не драмалық шығармаларынан үзінді оқу;ф
- мәнерлеп өлең оқу.
Байқау шарттары:
- шығарманы оқу уақыты 4-5 минуттан аспауы керек;
- дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
- талапкерлер мәтінді жатқа білулері қажет.
Байқауға 16 -25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
Кәсіби өнер саласының мамандары, сондай-ақ мектеп, жоғары оқу орындарының мұғалімдері байқауға жіберілмейді.
Байқау сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
- дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
- көркем мәтінді таңдау талғамына;
- сахнада өзін-өзі ұстауына;
- сахналық киім сәніне баса назар аударады.
Байқау жеңімпаздары Басқарманың және «Ақ жол-жастар» жастар қанаты атынан қазылар алқасының шешіміне сәйкес, дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қатысушылардың сұраныстары
ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасына жолдануы тиіс.
Анықтама:
Ақтау қаласы, 29а- ш/а “Нұрплаза” б/о, 14- кабинет,
Байланыс телефондары:
Тел/факс: 33-73-55
Электрондық адрес:
akzholmangystau@mail.ru
Жауапты: Исаева Алия Жангелдинқызы