«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. «КӨШ-КЕРУЕН» атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!

136
9

МҮШӘЙРА!!!  «МӨЛТ ДҮНИЕ!..»  БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!

 

Qazaquni.kz ұлттық порталы  қараша -желтоқсан айында  жариялаған «МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты  мүшәйраның алғашқы тақырыбы «Ай – Ару» деген атпен өткені белгілі. Жарық дүниенің  жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір шумақ жазған ақындар саны 52-ден асып кетті. Оқырмандар саны 10 мыңнан асып, 170-тен аса пікір жазылды. Ендігі тақырып «КӨШ – КЕРУЕН». Иә, Өмірдің өзі көш-керуен… 

Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,

Бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз…

 Жеңімпазды оқырмандар пікірі  мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.

Мүшәйраға қатысу мерзімі де   ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі  мүмкін…  Ақындардың жасына шек қойылмайды.  Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру  үшін  пікір-коммент орнына жазылады.

 Мүшәйра арналатын  сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.

Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.

Әділқазылық еткен ақын  аты қорытынды шыққанда жарияланады.

Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.

qazaquni.kz

 

* Бұрын жарияланған Мүшәйра туралы жарияланымдар:

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” АЙАРУ     http://www.qazaquni.kz/?p=31000
«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. АЙАРУ»  атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ! 
http://www.qazaquni.kz/?p=32120

 

КӨШ – КЕРУЕН» атты МҮШӘЙРАНЫҢ ЕКІНШІ ІРІКТЕУІ

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты мүшәйраның  «Көш  Керуен» тақырыбының  екінші  іріктеуіне дейін бір айда 120  пікір жазылып, оның ішінде 71  ақынның жыр шумағы түскен. Бұлардың жыр шумақтарын  28 ақпанға  дейін  8100-ден аса  адам оқыған. Осы 71 ақынның жартысы  35 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Бүгін екінші іріктеуге   тағы жартысы 18 ақын жіберілді. Қорытындысы кешке шығарылады.

Ой-пікір , ұсыныстарыңызды жазып қалыңыздар!

 

Бақжан Елсінбекқызы

 

  • Шығыстан ән өріліп, ығысқан шақ,
    Күміс таңнан төгіліп күміс моншақ.
    Боз бұйдаға байланған қазақ ғұмыр-
    КӨЗҚҰЙМАҒА айналған азат тұғыр.

Көшетінбіз,жайлауға, ел төсіне,
Таңсәріден ай мініп желкесіне.
Қала кездім,боз інген бұрылмады,
Бала кезді байлап ап өркешіне…

 

Рахай Іңкәр

Күн сайын таң атады кеш кіреді,
Дүние сан жаңарып ескіреді,
Атаң төрде қартайып, алжығанда,
Жөргектегі балаңа ес кіреді.
Бұл өмір керуендей, аялы жоқ,
Боздаған үні ғана естіледі…

 

Ботакөз

Сағынышы сан соқпақпен сырғанаттырды
Түйеге теңдеп тағдырын көшкен елімнің.
…Тек кірпігінің астымен күн қарап тұрды
Көшпелі тұрғындарына өтпелі өмірдің…

Сенбек Сансызбай

Мәңгі қоныс жалғаннан таба алар кім,
Мен де ертең бір елес саналармын.
Махаббатым – мәңгілік, аттанармын,
Жалғап көшін батагөй б
абалардың …

 

Ақгүл Тұрсынбай

Ей,Адамзат! Сен ояндың. Тірісің.
Тіршіліктің сезудесің тынысын.
Керуеннің көшіндей боп жалғасқан,
Шүкір етіп, әрбір жарық күн үшін
Алланы сүй!

 

Ай-Керім Қуанышбай

Көш-керуен, мүмкін, көшелі ғұмыр, көш-тағдыр.
Көшкен үмітке көзінің жасын қосқан кім?!
Кеудемде мына соқпағың қалды, көш-дәурен
Көңілімде болса, көш-әуені жүр достардың!
Көшеді бәрі! Қош! Қалдым…

Қазақбай

Қолымызда желбіреп бөрі байрақ,
Жеріме-құт дарыды, еліме-айбат.
Қазағымның ерлігін әйгілеумен,
Өмір-керуен көшеді қоңыраулап

Гүлісхан Домалайқызы

Керуеннің түйесіндей тізбектелген,
өмірге кімдер келіп-кім кетпеген,
жолына жүк қалдырмас қара нардай,
жақсыны атайды Ел құрметпенен,
бұл өмір бірде,түнек,бірде арайлы,
бірде шөл,бірде жасаң гүл көктеген.

 

Гүлбахрам

Қара дала төсінде көш келеді,
Қараңғылық түсіріп еске нені
Дүние меңіреу күй танытса да,
Бір сәуле тоқтатпайды ештеңені.

Қазақ

АЛАШЫМДЫ аймалап əппақ арай,
Болмасын жауға таба, жатқа малай.
Күн түбіне жол тартқан қазақ көшін.
Оң жолына бастасын хақ тағалай.

 

Ақылжан

Бабамыздан үзілмей көш келеді
Көшке еріп жас ұрпақ өскен еді
Болашақтан жарқын таң қол бұлғайды
Қам қылмайтын өмір бар ештемені.

 

Гүлнәр Өмірбек

Мәңгі сарын тербеп Ұлы даланы,
Көз ұшында керуен көшіп барады
Күн өртенді ұясына батарда,
Жанарынан жылдар құлап налалы.

 

Ұлықбек Бекұзақұлы

 

Оты жанып бұрынғы өшкен күннің,
Арал жақтан самалы ескен жырдың.
Тарихымнан сыр шертіп жатқан болар,
Естіледі ысылы көшкен құмның…

 

***

 

Жері жоқ салттан аттап, бұзған ғұрып,
Ел десе – құлай салар құздан күліп.
Әшірбек, Ибрагим, Герағамды,
Сұм ажал алды-ау жанды сыздандырып.
Фәниден бақи жаққа көшті олар да,
Артына өшпейтұғын із қалдырып…

 

 

Руслан Қаюпов

Жүк артып ауыр, сенім мен сезім сандығын,
Егелік етіп соңында бұған қалды кім?
КӨШ – КЕРУЕН өмір, өтерде кетер бір күні,
Сағым мен елес, бейнесі сынды бар күнің.

 

Бақытхан

Жақсы,жаман бір ғұмыр кешкенімен,
Соңғы нүкте пенде үшін өшкенімен!
Тірлік біткен жұтылып кететұғын
Уақыт-тоқтамайтын көш-керуен.

 

Ақылбек Шаяхмет

Көш келеді шұбалып… Жолға қара.
Шөл даладай қатігез бар ма дала?!
Әлем-жәлем киім жоқ, әшекей жоқ,
Алыпты әркім керегін жолға ғана.

 

Нұрғазы Нұрболат

Өмір көші – керуен жалғасатын,
Асу, еңіс, шөл, өзен жол басатын.
Адам Ата бастаған керуенді,
Біз жалғаймыз, жаратқан қолдаса тым…

 

Нұрболат Досжан

Жайлауында шертер мұңын күйменен,
Түркі ұрпағы кешпейді енді күйбелең.
Жер анамның төсін сүйіп келген ем,
Мәңгі Қазақ –
Азат деген күйде өлем!..

 

«МӨЛТ ДҮНИЕ!.. «КӨШ-КЕРУЕН»  атты МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ!

 

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..  «КӨШ-КЕРУЕН»  атты МҮШӘЙРА  қорытындысы шықты. Бүгінге дейін мүшәйраға  134  пікір жазылып, оның ішінде 71  ақынның жыр шумағы түсті. Бұл жыр шумақтарын   8500-ден аса  адам оқыған. Осы 71 ақынның жартысы  35 ақын іріктеліп, әділқазы-ақынға жіберілген болатын. Екінші іріктеуге   тағы жартысы 18 ақын жіберілді. Енді міне, қорытындысы  шығарылып, жүйріктер мәреге жетті.

Алғашқы мүшәйраның қорытындысын осы мүшәйраға алғашқы жүлдені тіккен ақын Қазыбек Исаның өзі жасаған болатын.  Бұл жолы мүшәйраға демеушілік еткен азамат та, әділқазылық еткен ақын да есімдерін жария етуді қаламады.

Жалпы, бұл  екінші Мүшәйраға да түскен жыр шумақтарының  басым бөлігі жақсы жазылған, шымыр шыққан шумақтар. Сондықтан да, жүлдегерді анықтау оңай болған жоқ.  Жүлдегер  соңғы іріктеуге өткен Бақжан Елсінбекқызы, Ботакөз, Рахай Іңкәр, Сенбек Сансызбай, Ақгүл Тұрсынбай, Ай-Керім Қуанышбай, Гүлбахрам, Қазақбай,  Гүлісхан Домалайқызы,  Бақытхан, Гүлнәр Өмірбек секілді жүйріктер арасынан таңдалды.

Сонымен бірге Ақылбек Шаяхмет,  Нұрболат Досжан, Нұрғазы Нұрболат, Қазақ, Ақылжан, Руслан Қаюпов және т.б. жырлары сәтті шыққан деуге болады.

Бұлардан өзге авторларда  жыр шумағын әдемі алып келіп, қарапайым өлең техникасынан ауытқып кетушілік  бұл жолы да кездесті.

Осы жолы, көктем мен қыздар мерекесі жақындаған соң ба, әдемі жазатын ақын қыздарымыз көп  кездесті. Сонымен, ұзақ іріктеуден соң, солардың ішінен тақырыпты тап басуына байланысты екі ақын үздік деп танылды. Олар  Бақжан Елсінбекқызы мен Ботакөз!  Жүлдегерлерді  бәйгесімен және көктем мерекесімен құттықтаймыз!

 

Бақжан ЕЛСІНБЕКҚЫЗЫ

Көшетінбіз, жайлауға, ел төсіне,
Таңсәріден ай мініп желкесіне.
Қала кездім,боз інген бұрылмады,
Бала кезді байлап ап өркешіне…

 

БОТАКӨЗ

Сағынышы сан соқпақпен сырғанаттырды                                                

Түйеге теңдеп тағдырын көшкен елімнің.                                                        

Тек кірпігінің астымен күн қарап тұрды,  

  Көшпелі тұрғындарына өтпелі өмірдің…

Жүлде осы екі ақынға бөліп беріледі. (Көктем мерекесі қарсаңына байланысты жүлде көбейтіліп, әр ақынның әр шумағына  10 мың теңгеден беріледі).

Екі ақынның да, толық аты-жөндері, мекендері белгісіз, фотолары жоқ. Сондықтан, qazaquni.kz ұлттық порталы поштасына хабарласуын сұраймыз.

Жүлдегерлер банк карточкасы нөмірін qazaquni.kz порталы  поштасына qazaquni@mail.ru немесе 8-707-124-2-124 телефонына жіберуі керек.

 

КЕЛЕСІ МҮШӘЙРА үшін  ТАҚЫРЫП пен СУРЕТТІ ОҚЫРМАНДАР ДА ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ.

Көктем мерекесі  құтты болсын, Мүшәйра қатысушылары!  Күн шуағымен бірге , шығармашылықтарыңыз гүлдене  берсін!

Qazaquni.kz ұлттық порталы

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 

МҮШӘЙРА!!!  «МӨЛТ ДҮНИЕ!..»  БІР ШУМАҚҚА БІР ЖҮЗ ДОЛЛАР!

Qazaquni.kz ұлттық порталы  бұрын-соңды болмаған  мүшәйра жариялайды!!! 

«МӨЛТ ДҮНИЕ!..» атты бұл мүшәйраға жарық дүниенің  жалт еткен бір сәулелі сәтін бейнелеген суретке арнап бір ғана шумақ жазсаңыз жетіп жатыр. Тақырыбын да өзіңіз қоясыз.

Бәрінен асып түссеңіз, оқырмандардың көп дауысын алсаңыз,

бір ғана шумағыңыз үшін бір жүз доллар (18 000 теңге+) аласыз…

 Жеңімпазды оқырмандар пікірі  мен әділқазы қорытындысы анықтайды. Бір шумақтан құралған ақындар бәйгесіне әділқазы да бір ғана адам болады. Әр мүшәйрада әр ақын әділқазылық етеді.

Мүшәйраға қатысу мерзімі де   ары кеткенде бір ай көлемінде. Мүмкін одан қысқа уақытта да шешілуі  мүмкін…  Ақындардың жасына шек қойылмайды.  Мүшәйраға жолданатын шумақтар бірден оқырман оқып, ойын білдіру  үшін  пікір-коммент орнына жазылады.

 Мүшәйра арналатын  сурет сайт редакциясы мен оқырмандар тарапынан да қабылданады.

Жеңімпаз qazaquni.kz ұлттық порталында, сонымен қатар «Қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналы мен сайтында және т.б. бірнеше сайттарда жарияланады.

Әділқазылық еткен ақын  аты қорытынды шыққанда жарияланады.

Сонымен, бір шумақ, бір жүз доллар, бір әділқазы, бір демеуші, бір ай мерзім.

 

         * Мүшәйра туралы жарияланымдар:

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” АЙАРУ

http://www.qazaquni.kz/?p=31000

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен

http://www.qazaquni.kz/?p=32482

МҮШӘЙРА!!! “МӨЛТ ДҮНИЕ!..” Көш-керуен.
http://www.qazaquni.kz/?p=32482

 

 

 

 

 

 

136 ПІКІРЛЕР

  1. Күйін кешіп жүрміз-ау деп өлмектін,
    Өзгелердей өзімді алдап көрмеппін…
    Өр өмірім өгейсітсе ,өкпелеп –
    Уын татып алушы едім шөлмектін..

  2. Сағыншты күй толы елеңменен,
    Сезімге бөленейін бөленбеген.
    Портретке ұқсатшы өлеңімді,
    Портретіңді салайын өлеңменен…
    *
    Суретшім-ау кеудеме еңіп кетші…
    Еңіп кетші мендегі өлеңменен…
    Нұрболат Досжан

  3. Рахай Іңкәрдің шумағы өте керемет, тек бір қатарын былай өзгертсе:
    Жасы жетіп төрде атаң қартайғанда, теңдесі болмас еді!

  4. Сенбектің мына ақын қыздарға арнаған шумағы 8-наурызға мүшәйра болса, бас бәйге алатындай екен…

  5. Бақжан, Ботакөз поэзия аспанында қалықтай беріңдер! Канаттарың талмасын!
    Тамаша, жырдан өрнек салулары,
    Ақылы, көркі болған қарулары.
    Қарашаш анамыздан қалған мұра,
    Жасай бер қазағымның арулары!

  6. Бақжан мен Ботакөзді шын жүректен құттықтаймын! Келе жатқан мерекесімен де!

  7. Әссаламу әләикум ақын жандар
    өлең десе алтын сөз сапырғандар
    қара өлеңмен қара тұн қақ айырлып
    қара өлеңмен күміс таң атырғандар.
    Бақжанның өлеңдері ұнады. Алла қолдасын. керемет шумағың

  8. Ассалаумағалейкум достар,жарыс болған соң бәйге болады,бәріңніңде талаптарына нұр жаусын,бірақ бәрі бір жеңімпаз біреу ол-Бақжан Елсінбекқызы!!!тек алға Бақжан,сәттілік саған…

  9. Кош келедi кун нурына малынып, Таубе десiп,кыс курсаудан арылып. Мангаз баскан туйелерден коз алмай, Мен отырмын жайлауымды сагынып.

  10. ***

    Біреуі жаяу, көлікте әлді жол бастап
    Өтеді жылдам уақыт шіркін ойқастап.
    Теңдікті ойла, бірлікті қамда кеш қалма,
    Барады батып суретте күн: ой тастап.

  11. Күн көзіне күйдіріп көк күймені,
    күңіреніп керуен көш келеді.
    Көненің куәсіндей көгілдір кеш
    Көңілдің күңгірт күйін кестеледі.

  12. кун козине куйдырып кок куймени
    кунренип керуен кош келеди
    коненын куасындей когылдыр кеш
    конилдин кунгирт куйин кестеледи

  13. Көш керуен ғасырларға алмасатын.
    Жоғалытпай келген бірақ қазақ атын.
    Ал бул ғасыр көшінен ұят кетіп,
    Батыска еліктеп көш бара жатыр.

  14. Жері жоқ салттан аттап, бұзған ғұрып,
    Ел десе – құлай салар құздан күліп.
    Әшірбек, Ибрагим, Герағамды,
    Сұм ажал алды-ау жанды сыздандырып.
    Фәниден бақи жаққа көшті олар да,
    Артына өшпейтұғын із қалдырып…

  15. Оты жанып бұрынғы өшкен күннің,
    Арал жақтан самалы ескен жырдың.
    Тарихымнан сыр шертіп жатқан болар,
    Естіледі ысылы көшкен құмның…

  16. АЛАШЫМДЫ аймалап əппақ арай,
    Болмасын жауға таба, жатқа малай.
    Күн түбіне жол тартқан қазақ көшін.
    оң жолына бастасын хақ тағалай.

  17. Бұрынғы Ұлы жібек жолында,
    Шығысымнан ағарып күн шыққанда
    Жүктері түйесіне тиеп алып
    Өтіп -жатыр бұл жерден ата -баба

  18. Қара дала төсінде көш келеді,
    Қараңғылық түсіріп еске нені
    Дүние меңіреу күй танытса да,
    Бір сәуле тоқтатпайды ештеңені.

  19. Қазағым керуен тартып көш түзеген
    Көшпендіден біз қалған көшпіз ерек.
    Біз арғы бабалардың арқасында,
    Ұрпақпыз ой қорытып ес түзеген.

  20. Мөлт дүние көз тоймас,
    Бейне таңмен іңірдей.
    Уысыңда көп тұрмас,
    Өте шығар білдірмей.

    Көш керуен өмір сын,
    Сенде тарих тағдырым.
    Мәңгі өшпейтін сезімсің,
    Жалғастырар таң нұрын.

  21. Сағынышы сан соқпақпен сырғанаттырды
    Түйеге теңдеп тағдырын көшкен елімнің.
    …Тек кірпігінің астымен күн қарап тұрды
    Көшпелі тұрғындарына өтпелі өмірдің.

  22. Жайлауында шертер мұңын күйменен,
    Түркі ұрпағы кешпейді енді күйбелең.
    Жеранамның төсін сүйіп келген ем,
    Мәңгі Қазақ –
    Азат деген күйде өлем!..

    Нұрболат Досжан.

  23. керуеннің түйесіндей тізбектелген,
    өмірге кімдер келіп-кім кетпеген,
    жолына жүк қалдырмас қара нардай,
    жақсыны атайды Ел құрметпенен,
    бұл өмір бірде,түнек,бірде арайлы,
    ,бірде шөл,бірде жасаң гүл көктеген.

  24. кун сайын таң атады кеш кіреді,
    дүние сан жаңарып ескіреді,
    атаң төрде қартайып,алжығанда,
    жөргектегі балаңа ескіреді,
    бұл өмір керуендей ,аялы жоқ,
    боздаған үні ғана естіледі.

  25. Жусанымен изені ебелегі
    Жыландысы «Құрықтың»керім еді
    Елестейді көзіме бабалардың
    «Бесқалаға» жол тартқан керуені

  26. Көшіп жүрген ел едік кеше ғана,
    Түйемізге жүкті арты, кездік дала.
    Қалды екен қайда қалып, мына көш,
    Болдық біздер егеменді ел,байтақ дала.

  27. Баянсыз көш

    Кеткен жандар баяғыда шет ауып,
    Қайта көшкен көк байрақты бетке алып.
    Орта жолда тосылды көш тосаттан,
    Ну орманды, көш жолдарын өрт шалып.

  28. Ерте кезде көш керуенді көрген ел,
    Бұл қазақтың көші екен десетұғын,
    Бабалардың жалғастырып дәстүрін,
    Бар ма ұрпақ жалғап соны өсетұғын?!

  29. Көз алдымда бала күнгі көш-керуен,
    Елес қалды, санамда сол көштерден,
    Балалықтың, ұмытылмас қимас сәті,
    Томпаңдап, тайға мініп көшке ерген.

  30. Дүние көші – ұлттардың ой шайқасы,
    Жеңілгені жоғалды, кетті басы.
    Тағдыр тағы да сүйікті жалқау қазағына:
    – Қимылдаш-ау, ми аямай, қыр баласы!..

  31. Түейлер көрсем тізілген,
    Көшкім келеді арқаға!
    Көшпенділердің ізімен,
    Жетіп өлсем ғой! отанға!!!

  32. Баянсыз көш

    Кеткен жандар баяғыда шет лағып,
    Қайта көшкен көк байрақты бетке алып.
    Орта жолда тосылды көш тосаттан,
    Ну орманды, көш жолдарын өрт шалып.

  33. Қарауылға! айдың келіп кезегі,
    Керуен күн, кетіп барады ұйқыға!
    Терібеліп тал бесіктей төсегі,
    Ақмамық орап барады бұлтына!!!

  34. Көш – керуеннің іздеріменен,
    Үгітілуде сан алып өңір.
    Қыс,жазы, көктем күздеріменен,
    Жылжиды баяу жаңарып өмір…

  35. Мен ілескен көш керуен қайда бармақ,
    Көш ішінде нарлар мен бота-тайлақ.
    Әркімнің өзіне сай жүгі де бар,
    Тиесіңді өзіңе арт, жүрме жайдақ.

  36. Көшкен елдің жұртында,
    Шала жанған күл жатыр.
    Кәріліктің сыртында,
    Сырғып өткен жыл жатыр.
    Сыйласпасаң тірлікте,
    Өмірдің құны – бір пақыр.
    Болмаса көктем нөсерлі,
    Алдағы жазың қу тақыр.

  37. Жүрсемде тағдырымда сан шапқылап.
    Барібір бір деңесі ақсап тұрат.
    Жамандықта жасадым кешіріңдер..
    Жақсы болу мен ушін мақсат бірак!!

  38. Дүние көші тарихы – ұлттардың үнемі ой шайқасы… Жеңілгендер жоғалды. Қазаққа құдай тағы мүмкіндік берді. Сол ой салу үшін жазғаным ғой… Бақытты болыңыз, әдемі жазасыз, тумаларым!.. Қазақия жасасын!

  39. Қарауылға айдың келіп кезегі,
    Керуен күн, кетіп барады ұйқыға.
    Тербеліп тал бесіктей төсегі,
    Ақмамық, орап барады бұлтына!

  40. Көшімізді жау жайлап, бұзып атыр!..
    Әне жерде шайқасады алты батыр!..
    Мына жерде шеп ұстауда жалғыз батыр –
    Ойдан қарап,ойбайланып, қазақ жатыр…

  41. Көшеді күндер, жылжиды жылдар керуендей,
    Алтын уақыттың қадірін кім бар білгендей.
    Бір сағат емес, бір секунд шешіп жатады,
    Туылдың-өлдің, жандың да өштің дегендей.

  42. Қоштасу
    Көш-керуен, мүмкін, көшелі ғұмыр, көш-тағдыр.
    Көшкен үмітке көзінің жасын қосқан кім?!
    Кеудемде мына соқпағың қалды, көш-дәурен
    Көңілімде болса, көш-әуені жүр достардың!
    Көшеді бәрі! Қош! Қалдым…

  43. Дүние көші думан емес, ойлан, қазақ!
    Өз ұлдарын өзі жұтқан, ойран-қазақ…
    Ата жолын өзі таптап, ойбан-қазақ…
    Азаттықтан, адыра қалма, ойдан-қазақ…

  44. Мың өліп, мың тірілген, қайран қазақ!
    Мың алданып, мың сүрінген, аңқаң қазақ!
    Өзіара тіл табыспай, өзгелерге тізгін берген,
    Торға түспей, көшті түзе, ойлан, қазақ!..

  45. Адамзат көшіп барад маймылданып,
    Шөпке мәз қойланып та, шакалданып.
    Құдайым, осы көшті жалт бұруға күш бере гөр,
    Жүрейік бәріміз де адам қалып!..

  46. Ақылбек, Гүлнұр, Ақгүл Тұрсынбай,Бақжанның жырлары жақсы екен. Әсіресе,Бақжан Елсінбекқызының қос шумағы да әдемі!

  47. көшетінбіз,жайлауға, ел төсіне,
    таңсәріден ай мініп желкесіне.
    қала кездім,боз інген бұрылмады,
    бала кезді байлап ап өркешіне.

  48. Шығыстан ән өріліп, ығысқан шақ,
    Күміс таңнан төгіліп күміс моншақ.
    Боз бұйдаға байланған қазақ ғұмыр-
    КӨЗҚҰЙМАҒА айналған азат тұғыр.

  49. КӨКЖИЕКТЕН КҮН НҰРЫ ТАЛАСАДЫ,
    КӨШ-КЕРУЕН ҚҰМДЫ БАСЫП, БЕЛ АСАДЫ.
    ӘР ПЕНДЕНІҢ МАҢДАЙЫНДА ТАҒДЫРЫ БАР,
    ТӘҢІРДІҢ БҰЙРЫҒЫНАН КІМ АСАДЫ?!

  50. КӨШ-КЕРУЕН ЖАЛҒАП БАБА РУХЫН ІЗГІ,
    АДАМЗАТҚА ӘЛІМСАҚТАН ЖЕТКЕН БІЗГЕ.
    ЖАЛҒАСЫП ӨМІР КӨШІ ӨЗ РЕТІМЕН,
    КЕЛЕР ҰРПАҚ СЕН ЕШБІР КҮДЕР ҮЗБЕ?!

  51. Сусынсыз саба тесіледі,
    Әділсіз жол кесіледі.
    Тоймастар-ау тыйылмаса,
    Қазақ көші өшіледі…

  52. Хош делік керуенге өтіп жатқан,
    Заманның аязымен кетіп жатқан.
    Ашиды ішім менің өтпегенге,
    Құрметін өз тіліне жетпегенге.

    Хош делік безінгенді ата-анадан,
    Ұлтыма сіңбеген еді бабалардан.
    Хош делік жетімдерді жылатқанды
    Ондайды қазақ халқым табалаған.

    Хош делік, шіркін жаңсақ пікірлерді
    Ұмытып барамыз-ау зікірлерді.
    Ашиды ішім менің, ашумен-ақ,
    Тағыда сөз қыламыз кәпірлерді.

    Хош делік, дінін бұрып кеткендерді,
    Соларға ішім менің өртенеді.
    Хош делік…
    Хош дей берсек не болады?
    Қадірлеп көтереміз тепкендерді.

    Жазған жоқпын жүлдені мансап қылып,
    Күйіп-жанып жазғаным, шаршап тұрып.
    Шіркін-ай тойдыратын көңілімді,
    Бұл да емес, айта берсем самсап тұрып.

    Ағайын қазақ тілін құрметтеңдер,
    Кімсің сен ана тілің күрмелгенде?
    Ағайын тілің туған, тек кетпеңдер,
    Кімсің сен, анаң кетіп, сүрленгенде.

    Ағайын дінің қайда, ділің қайда?
    Ойланшы, көкірегің жұлынбай ма?
    Көш деген осы міне кетіп жатқан,
    Өзгелер кеткен көшке сұғынбай ма?

  53. Бабаның қадірін кім ұққан сірәда,
    Төккен қан,аққан тер қалды ғой мұраға.
    Білгенге маржан-сөз,ой жатыр бейнеде,
    «Ақтабан шұбырын алқакөл сұлама»…

  54. Акылжан олен шумактары оте керемет. Бизге сондай олен шумак керек ед.
    Аллам барлык тилек армандарды кабыл ет

  55. Бір керуен халық едік көшпелі,
    Заман менен ұрпақ әрі жалғасын.
    Мәңгілікке атымыз да өшпеді ,
    Көшбасшымыз дұрыс жолға салғасын..

  56. Кошимиздин толыкталып катары
    Елмиз биздер, иманы бар баталы.
    Мангилик ел боламыз деп аттанган.
    Онды болсын Нурлы кадам сапары

  57. Ей,Адамзат! Сен ояндың. Тірісің.
    Тіршіліктің сезудесің тынысын.
    Керуеннің көшіндей боп жалғасқан,
    Шүкір етіп, әрбір жарық күн үшін
    Алланы сүй!

  58. Бабамыздан үзілмей көш келеді
    Көшке еріп жас ұрпақ өскен еді
    Болашақтан жарқын таң қол бұлғайды
    Қам қылмайтын өмір бар ештемені

  59. Әл-мисақтан беріден ойлан, балам,
    Көш жолында емеспіз салған сайран.
    Мұсылмандар керуені басталады
    Хира үңірі – Мұхаммед пайғамбардан!

    **************************

    Көш-тағдыр өкініштен күйінер ме,
    Сан саққа жүгіретін ойы күнде.
    Керуеннің кеткенінен пайда бар ма,
    Ұмтылмасаң шыңдардың биігіне!

  60. Маң далада бабам жүрген бұлай,
    Арай төккен күннің әсем нұры-ай..
    Болашаққа бағыт алды Қазақ,
    Өмір-көшін тоқтатпашы, Құдай!?

  61. Барлық өлеңдер керемет. Маған ең ұнағаны Нұрғазының өлеңі. Тақырыпқа сәйкестігі мен мағынасы да ерекше.

  62. Оралман ойы…

    Көңілдің керуен көші көншікпей жүр,
    Көңілсіз «көкесіне» келгендер тұр.
    Кес – кестемей келгеннің алды – артынан,
    Көмек бергің, кедергі келтірмей құр… .

  63. Ғұмыр-жалған – көш керуен тәрізді:
    Сан тарау жол, соқпағы мол, сан ізді.
    Адам болып келгеннен соң өмірге
    Өшпейтұғын із қалдыру маңызды

  64. Дуниенин дархан тосинде
    умиттер канша сонбеген .
    Мангилик елдин кошинде
    келеміз нурлы жолменен….

  65. Ақылбек Шаяхмет

    * * *

    Көш келеді шұбалып… Жолға қара.
    Шөл даладай қатігез бар ма дала?!
    Әлем-жәлем киім жоқ, әшекей жоқ,
    Алыпты әркім керегін жолға ғана.

  66. Қолымызда желбіреп бөрі байрақ,
    Жеріме-құт дарыды, еліме-айбат.
    Қазағымның ерлігін әйгілеумен,
    Өмір-керуен көшеді қоңыраулап

  67. Ассалаумағалейкум! Мүшәйраға қатысушы барша ақындарға сәттілік тілеймін! Айтар тұшымды сөздеріңіз таусылмасын. Ал енді бәйгеге түскен ақындардың ішінде бір шумақ өлеңімен ең тиянақты ойын жеткізе білген Нұрғазы НҰРБОЛАТ бауырымызға Алла риза болсын. Өлеңі көңілімнен шықты. Қалған ақындарда мықты жазған. Қазақ өнері өрге жүзе берсін. Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын ағайын!

  68. АссалаумағалейкумАссалаумағалейкум! Мүшәйраға қатысушы барша ақындарға сәттілік тілеймін! Айтар тұшымды сөздеріңіз таусылмасын. Ал енді бәйгеге түскен ақындардың ішінде бір шумақ өлеңімен ең тиянақты ойын жеткізе білген Нұрғазы НҰРБОЛАТ бауырымызға Алла риза болсын. Өлеңі көңілімнен шықты. Қалған ақындарда мықты жазған. Қазақ өнері өрге жүзе берсін. Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын ағайын!

  69. Мөлт дүние қызарып тарихқа енген.
    Қиырға сапарлатты керуенмен.
    Құм көмген ізіңді аршып алу үшін,
    Көш- керуен артқа бір шегінер ме ең?..

  70. Мөлт дүние- аи,Мөлтілдеген жанарым,
    Түн жамылып,үдере көшті- ау саналың.
    Шөлді кезген,шөңге кірген,шөлдеген.
    Қызарып батқан,
    Қорқыныш ақ таң.
    Тырнады- ау қатқан, жара мың.

  71. Күн нұрымен жер, көкті аймалады,
    Тарихты тағы бүгін қайталады…
    550 жыл тарихын жинап-теріп
    Көш келеді шулатып айналаны!
    Сүйінші!!!
    Дәстүрлетіп, дүркіретіп,
    Толтырып киіз үйге сай-даланы,
    Той болады, көл-көсір той болады…

  72. Тас ғасырың өтті ғой, мыс ғасырың
    Ашпастан адамзатқа қанша сырын.
    Мына көш елестетті Қазағымның
    Қадірлі, қасіретті бес ғасырын…

  73. Көш-керуен келеді шөл далада,
    Ақ Нарым iз салады мөр далама.
    Аптап ыстық ми қайнатты-ау
    Бұлақтың зәмзәмінә шөл қанама?!

  74. Көшіп барад, көшіп барад көш керуен,
    Атаң түйе ауыр жүкті тиеген.
    Өмір осы,асу еңіс жол ұзақ,
    Жалғасатын, жалғасатын күндермен.
    Қоңыр кеште күн қызарып батқанда,
    Аспан жақты қызыл пүліш жапқанда.
    Бабаларым көшетұғын осылай,
    Қоңыр кеште. Қоңыр салқын мамыржай.

  75. Мәңгі сарын тербеп Ұлы даланы,
    Көз ұшында керуен көшіп барады
    Күн өртенді ұясына батарда,
    Жанарынан жылдар құлап налалы.

  76. Керуен дүние өтерсің ескен желдей,
    Аманатын Алланың бергің келмей.
    Талайлар өтті өмірден қолды сермей,
    Бойындағы өзінің жауын жеңбей…

    /жауы – нәпсісі секілді жаман әдеттері/

  77. Жүк артып ауыр, сенім мен сезім сандығын,
    Егелік етіп соңында бұған қалды кім?
    КӨШ – КЕРУЕН өмір, өтерде кетер бір күні,
    Сағым мен елес, бейнесі сынды бар күнің.

  78. Көш-керуен, көше берші тоқтамаған,
    Ажалдан кім қашады оқ қадаған.
    Көш көлікті болғанда армансызсың,
    Ант ұрар ата салтын сақтамаған.

    Полатбек ЖАНБАЕВ

  79. Тақырып өте ауқымды екен. Бір шумақ өлеңге ғұмыр жалғанды түгел сыйғызып суреттеу мүмкін емес шығар. Бірақ, Нұрғазы бауырымыз жақсы жазған екен. Адам атадан бастау аған тіршіліктің қазірге дейінгі ащы-тұщысын керемет суреттепті. Өмірдің біркелкі болмайтынын жеткізе біліпті. Мықты!!!

  80. Өмір-керуен, Өлім-керуен көшеді кезек алмасып
    Жылжиды алға, тоқтауы жоқ, жоқ та қалу адасып…
    Бар тіршілік, көшке ілескен, қайда кетіп барады?
    Жұмыр жер де бара жатыр, ғалам көшіне жармасып…
    Бектас

  81. Жақсы,жаман бір ғұмыр кешкенімен,
    Соңғы нүкте пенде үшін өшкенімен!
    Тірлік біткен жұтылып кететұғын
    Уақыт-тоқтамайтын көш-керуен.

  82. Көш керуен өткен жолы бабамыздың,
    Көш-керуен тарихы даламыздың.
    Көш -керуен туған жерге бой түзеген-
    Көші ме екен, шет елдегі, қазағымның…

  83. Кайырлы кеш курметти окырмандар! Такырыптын ози тым асерли жане манди екен, ал олен шумактары ишиндеги ен жаксысы жане магыналы жазылганы, оз пикирим бойынша Нургазы НУРБОЛАТтынолен шумактары керемет, жарайсын:)

  84. Бір шумақ өлеңдердің ішіндегі ең ерекше шумақ өлең Нұрғазы Нұрболаттікі.Өзіме ерекше ұнағаны осы кісінің жазған бір шумақ өлеңі.Тамаша! Ұйқас бар,керемет жазылған!

  85. барлығыда өте жақсы жазылған,керемет..бірақ Нұрғазы бауырымыздың шумақ өлеңі жақсы,ұйқасты жазылған екен!

  86. Өмір көші – керуен жалғасатын,
    Асу, еңіс, шөл, өзен жол басатын.
    Адам Ата бастаған керуенді,
    Біз жалғаймыз, жаратқан қолдаса тым…

  87. Азаматтың шумағын поэзиядағы баға жетпес туындыға жатқызса болады екен! Керемет! Нағыз Азамат!

  88. Үміт-арман сағымдай боп елестейді
    Әр пендені сағым-керуен жетелейді.
    Аптап ыстық, қарлы боран тоқтатпайды ау…
    Барша жан бір мақсатқа жетсем дейді.
    Бектас

  89. Өмір өзі керуен көші емес пе,
    Өткен күндер түсіреді соны еске.
    Көктем мен жаз қош айтысып, күз келді,
    Лаж бар ма өмір керуен демеске?!

  90. Көш-керуен сағымдармен араласып
    Барады көк жиекте құмнан асып…
    Үміт-арман пендені жетелейді
    Келген кезден бұл өмірге, тәй-тәй басып…
    Бектас

  91. Мәңгі қоныс жалғаннан таба алар кім,
    Мен де ертең бір елес саналармын.
    Махаббатым – мәңгілік, аттанармын,
    Жалғап көшін батагөй бабалардың …

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз