ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ – ТҮРКІ ӘЛЕМІ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

4
1545

Белгілі ғалым, Түрік Академия­сының президенті Дархан Қыдырәлі «Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен» марапатталды. Бұл жаңалықты Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қорының төрағасы Яхия Акенгин салтанатты түрде жария етті.
Аталмыш сыйлық биылғы жылы он тоғызыншы рет тапсырылмақшы. Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қоры «ТҮРІКСАВ» атқару комитеті төрағасы Яхия Акенгиннің айтуынша, сыйлықты берудегі мақсат – Түркі әлеміне еңбек сіңірген қайраткерлерге назар аударып, оларды одан әрі ынталандыру. Биылғы жылғы сыйлық Түркия, Әзірбайжан, Гагауз жері (Молдавия), Қазақстан, Қырғызстан, Косово, СКТР, Венгрия, Өзбекстан сияқты бауырлас елдердегі түрік әлеміне еңбек сіңірген тұлғалар мен қоғамдардың өкілдеріне берілмек. Түркияның белгілі кино актері Жүнейт Аркын бастаған 5 адамға сыйлық «Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» сәуір айының басында табыс етіледі.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Кутты болсын! Туркi академиясынын ресми кужаттарын зандастырумен катар, коптеген халыкаралык кездесулер уйымдастырып, манызды маселелердi алга тартып жургенiн корiп те окып та журмiз. Дархан агамызга кажымас кайрат тiлеп, енбегi жана берсiн деймiз!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз