ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 2015 жылы ҰБТ-ның өткізілу форматы

19
11892

2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің форматы өзгермейді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.2015 жылы ҰБТ-ның өткізілу форматы өзгермейді

2015 жылғы маусым айының 1-і мен 15-і аралығында елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі, оған 100 мыңнан астам мектеп түлегі қатысады деп күтілуде. ҰБТ оны өткізудің арнайы пункттерінің базасында ұйымдастырылады.

«ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таңдау бойынша пән (таңдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таңдау бойынша пән – еркін) бойынша өткізіледі», – делінген хабарламада.

Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді.

Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және министрлік тарапынан тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.

Источник: ИА «Казинформ»

19 ПІКІРЛЕР

  1. Шынымен де, неліктен Ұбт да калькулятор қолдандырмайды? Физика, химия пəндерін таңдайтын түлектерге ауыр тиеді гой. Осы жайды бір қарастырса.

  2. Біреуге олай кінә артпаңдар. барлығы кітаптағыдай артық ешқандай сұрақ жоқ, Тек толық дайындалуларың керек еді 2015 түлектері

  3. Математика баяғыдағвдай оп оңай емес. Заман озгерген сайын ол да күрделі болды. Не үшін калькулятор пайдаландырмайды?! Жоғарыдағылар неге осындай өзгеріс енгізбейді?!!!

  4. жауап қайтарғандарға Алла риза болсын
    барлықтарыңызға сәтілік 125бал жинауларыңызға тілектеспін Алла жар болсын

  5. мен өтте қобалжулымын өйткені ҰБТ-ға дайындық енді бастап жатрмын 1мектептен тек 2ақ қыз өтініш қандай жерден дайындалуға болады айтыныздаршы
    математика өтте күрделі калькулятор қолдануға мүмкіндік болса өтініш

  6. Ұбт да математика және физика есептерін шығару үшін кем дегенде екі сағат кетеді. бар уақытың формуа жазу емес соны орнына қойып есептеуге кетеді, Тіпті түбірден шығаратын, кубын, квадратын табуға тура келетін сандар болады. мүмкін шағын калькулятор қолдануға рұқсат берілсе, уақыт үнемдеуге болар еді. Ал қалған пәндерді асықпай, оқушы ойын жинап ойланып жауап беруге болатын еді. Дегенмен қорқу, қобалжу болады.

  7. биылғы жылы математикадан тест сұрақтары өте күрделі болып кетті уақыт жетпей жатады осы мәселеге қандай жеңілдіктер болады екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз