Елдің бәрін "Аспанға қаратқан..." әнші бір күнде 6 тойға барады...(фото)

Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты

"Аспанға қараймын" әнімен Абай Бегей бір демалыс күні кемінде алты тойды аралайды. Оның гонорары да қазір арзан емес.

Кемінде осы "хит" ән үшін 3000 АҚШ долларын алады. Алғаш рет бұл әнді 100 АҚШ долларына орындаған екен. Шын есімі Абай Ниязқұловпен NUR.KZ тілшісі салтанатты кештердің сыйлы қонағы болып қайтқан еді. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Абай Ниязқұловтың осы демалыстағы алғашқы тойы Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы қымбат мейрамханалардың бірінен басталды. Мына суретте салтанатты кеште ән орындайтын сәтті тосып отыр. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Әнші ауқаттылар мерекесін тойлайтын орында әніне менсінбеушілік болады ма деп те алаңдады. Не де болса уақыт көрсетеді деп діттеген орынға кіріп барды. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Әрине, ұйымдастырушылар әншіні  сый-құрметін жасап күтіп алды. Мұнда атышулы әуе компания басшысы әйелінің туған күні тойланып жатыр екен. Қырық адамға жайылған дастархан басына әрине қымбат киінген, бай-бағландар жиналған. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Әр кеште инстаграмға бірнеше сурет салатын әншілер расымен де әр он минут сайын суретке түсетінін көрдік. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Абай Бегей барған тойда, халыққа кеңінен таныла қоймаған жас әншілер оған аса қызыға қарайды екен. Бұлай танылуының сырын сұраушылар да көп. Мүмкіндік болса, қолдау күтетін жастар Абай ағасымен жылы әрі жақын сөйлесіп қалуға тырысатынын байқадық. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Ауқатты азаматтар жиналған мерекелік кеш. Той асабасы Абай Бегейді таныстырып жатыр. Мерекелік дастархан себепкерін құттықтап, әнші әдетінше қонақтарды биге шақырды. "Аспанға қараймын" әніне расымен де қонақтардың барлығы биледі. Әншінің қорқынышы да басылды. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Абай Ниязқұлов барған жерінің бәрінде  "Аспанға қараймын", "Мұңайма Үрбибі" әнін, артынша тағы бір рет "Аспанға қараймынды" орындайды екен. Кеш қонақтары оны байқағанымен, көтеріңкі көңілдің кезінде қайта жер теуіп билей түсті. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Абай Бегей тойдан шыға сала келесі салтанат кешіне жол тартты. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Барлық жерде, мерекелік кештің атауы мен себепкері, қонақтары басқа болғанымен әнші сол екі әнді үш рет орындаумен болды. Әнші, журналистер қанша сұрағанымен, отбасын жасырын ұстағанды дұрыс көреді. Шаңырағында өзінің сөзінше, үш қызы мен бір ұлы және жары бар екен. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Отбасы мүшелерін жұрттан жасыратын себебін былай түсіндірді: "Өзім жайлы қазір түрлі өтірік-шыны аралас өсек-әңгімелер көп. Бірі бірнеше әйелі бар десе, тағы бірі әуежайларда естей сала, әнімді "сапасыз" деп сынап жатады. Ол менің жеке шаруам. Халық өзі ол әнді "хитке" айналдырған. Отбасымды эфирлерден алшақ ұстайтын себебім, осындай әңгімелерден аулақ болсын деймін", - дейді әнші. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Бұл әншіні соңғы кездері халық әртістері де қатаң сынап жүр. Мысалы, Роза Рымбаева дәл осы әншінің "Аспанға қараймын" әнін радиодан тыңдағысы келмейтінін, тіпті радиодан ести сала, оны өшіретінін, телеарналардан осы сынды жеңіл әндердің таратылмағанын қалайтынын айтқан еді. Осындай талғамсыз жазылған әндер жастардың санасын улайды деген болатын. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Расымен де Абай Бегейге еліктеушілер саны көп екен. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Салтанатты кеш қонақтары оны танып, естелік суреттерге де түсіп жатыр. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Абай Бегей: "Аспанға қараймын" әнін  еш жарнамасыз халық жоқ дегенде төрт қатарын менімен бірге жатқа орындайды. Мені сынайтындар "жеңіл ән" деп жатыр. Жастарды, сапалы, концерттік ән айтыңдар деп алдамаған дұрыс. Себебі, концерттік ән орындайтын топтардың өміршеңдігін көріп жүрміз. Аз уақытта тарап кетіп жатады. Бізде шоу-бизнес жоқ. Той-бизнесіне ән жаздырып орындаған жөн. Әнші де отбасын, өзін асырау керек", - деген пікірде. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото)Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото) Осылайша Абай Бегей атымен танылған азамат демалыс күні алты тойды аралады. Танымал хиттың орындаушысы бір тойдағы нәпақасының көлемін ашты (фото)
Источник: NUR.KZ