Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне кінәлі адам бостандыққа шығуы мүмкін

Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі үшін сотталған Ержан Өтембаев жақын арада бостандыққа шығуы мүмкін. Ведомство басшысының атап өтуінше, сот бір ай көлемінде шешім шығаруы тиіс.

Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне кінәлі адам бостандыққа шығуы мүмкін "Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазды. Тиісті арызы сотқа жолданды", - деп, "Власть кз" қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібековке сілтеп, хабарлады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер Өтембаевтың тәртіп бұзбай, түрменің ішкі ережесін сақтап жүргенін жеткізген. Бұған дейін оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату 2014 жылдың 22 қазанынан кейін мүмкін болады деп хабарланған. Еске салсақ, Сенат аппаратының экс-жетекшісі, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты және оның екі көмекшісін өлтіруге ықпалдасқаны үшін 20 жылға сотталған. 2013 жылдың желтоқсанында қылмысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Сөйтіп, Өтембаевтың ісі қайта қаралды. Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін атқан Рустам Ибрагимов саясаткерді өлтіруге шын мәнінде кім тапсырыс бергенін былтыр мәлімдеді. Оның айтуынша, тапсырыс берген - бұрынғы дипломат Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев. Ибрагимовтың дерегінен кейін Сот Өтембаевқа тағайындалған жазаны өзгертіп, қамау мерзімін жеті жылға қысқартқан-ды.