Әлия Молдағұловаға қатысты сенсациялық мәлімдеме
2014 ж. 15 сәуір
4896
5
Әлия Молдағұлованың сүйегі деген фрагменттерге сараптама жүргізген отандық мамандар нәтиже шығара алған жоқ. Бес ай зерттеу жасаған ғалымдар сол күйі қажетті көлемде ДНК бөліп ала алмағанын алға тартуда.
Бір жыл бұрын қазақтың қаһарман қызы, құралайды көзінен атқан мерген - Әлия Молдағұлованың Монаковадағы қабірі бос деген ақпар белгілі болып, қазақстандық іздестіру тобы жұмыс жүргізген еді.Сондықтан Ресейдің ну орманынан қазылған 173 сарбаздың бірі қазақтың батыр қызы деп кесіп айту мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Олар Псков облысында елеусіз қалған бауырластар зиратын тауып, 173 сарбаздың сүйегін қайта жерледі. Соның бірі Әлия деген сенім болған. Сүйекке жасалған сол сараптаманың қорытындысы енді шығып отыр.
"ДНК-ның сәйкестігін тексеру барысында берілген сүйектерден тиісті мөлшерде ДНК-ны бөліп алу мүмкін болмады. Сондықтан генетикалық профиль анықталмаған. Бұл сүйектердің әбден бұзылуынан болып отыр", - деді генетикалық зертхана директоры Ақмарал Ерденова.
70 жыл жер астында жатқан сүйек осылай жарамсыз болып қалған. Жерленген жердің топырағында қышқыл көп болғандықтан, генетикалық сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Сондықтан отандық мамандар зерттеуден нәтиже шығара алмаған.
Ал 40 жыл бойы Әлияның өмірін зерттеу жүрген Ғалымжам Байдербес қабір бос дегеннен бастап айқайға басқан. Қазір де айдар тағып, Қеңес одағының батырын даралау артық деген ұстанымда. Бірақ енді қайда жерленгені маңызды емес дейді.
"Мынау Әлия деп айдар тағып, оны бөлек жерлейміз дегені дұрыс емес. Мен оны басында-ақ айттым. Ол сол Пишинкада жатыр ма, әлде Монаковада ма ол ешқандай рөл ойнамайды. Ең негізгісі Әлия Кеңес Одағының батыры болып, теңдесі жоқ ерлік жасады", - дейді Әлиятанушы Ғалымжан Байдербес.
Дегенмен Қазақстаннан аттанған қос іздестіру тобы алған бетінен қайтар емес. Олар дәл Әлия Молдағұлова жерленген бауырластар зиратын тапқанына сенімді. Себебі ресми құжатта ақтық сапарға бірге аттанған сарбаздың медальоны табылған еді.
Сондықтан барлық 573 сарбаздың сүйегі ну орманнан Монаковаға қайта жерленген соң ғана бұл іске нүкте қойылады деп отыр.
КТК арнасы