Cемей атауын "Алаш" деп өзгерту ұсынылды

semey25.09titСемей қаласының атауын өзгерту туралы ұсыныс бүгін Астанада "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен конференцияның Қарарында қабылданды. Конференция Қарарында Әлихан Бөкейханның 2016 жылы аталып өтілетін 150 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Үкіметі жанынан арнайы комиссия құру ұсынылды. Алаш қайраткерінің есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында 16 томдық еңбегі мен жеке энциклопедиясын бастыру туралы бастама көтерілді. Әлихан Бөкейхан туралы фильм түсіру ісі де қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар, 1917 жылдан 1920 жылға дейін Алаштың астанасы болған қазіргі Семей қаласының атауын "Алаш" деп атау туралы да ұсыныс енгізілді. Қарар жобасы алдағы уақытта ҚР Үкіметіне жолданбақ.

baq.kz