Жақып Ақбайұлының дипломы Омбыда жатыр
2014 ж. 21 ақпан
3938
2
«Қазақ үні» газетінде алаштанушы Нұрлан Дулатбековтың «Әлихан Бөкейханның бағалары көрсетілген дипломы табылды» деген материалын оқып қуанып қалдық (19 ақпан, 2014). Ұлт көсемінің бұл дипломы – алашқа қатысты тарихымызды түгендеп, оның құнды жәдігерінің бірі ретінде бағаланады деп есептейміз. Осы орайда Әлиханмен үзеңгілес болған алаштың тағы бір ардақтысы – Жақып Ақпайұлының дипломы есімізге оралады. Омбы мұрағатында сақталған бұл тарихи құжат туралы 2007 жылы шыққан «Омбыда оқыған қазақтар» деген еңбегімізде жазғанбыз.
Омбының мемлекеттік архивінде, облыстық кітапханасында, өлкетану мұражайының қорында Жақып Ақпайұлына байланысты деректер көп сақталған. Жақып Ақбайұлы туралы Омбы мұрағаттарынан жиналған материалдарды хронологиясы бойынша көрсетсек, олар төмендегідей:
- Санкт-Петербург университеті ректорының Омбыға жазған хаты (Орысшасы – «благонадежность». Жақыптың сенімділігі жөнінде). Бұл құжат 1903 жылдың 18 шілдесі күні жазылған.
- «Журнал заседания Омского окружного суда». Оның ішінде Ж.Ақбайұлы туралы айтылған.
- «Жақып Ақбайұлы Мемлекеттік Думаға өтпейді».
- «Жақып Ақбайұлы мен Әлихан Бөкейханов Мемлекеттік Думаға выборшиктардан шығарылып тасталады», 14 ақпан 1907 жыл.
- Ж.Ақбайұлының 1906 жылы «Қарқаралыдан Семейге барғым келеді» деген жеделхаты.
- Әкесі Ақбайдың Омбыға жолдаған жеделхаттары.
- 1918 жылғы оқиғаларға байланысты Жақыптың ел ішінде жүріп Омбыға, дәлірек айтсақ, Әлихан Бөкейханға, Айдархан Тұрлыбайұлына жазған жеделхаттары т.б.
Қайырбек КЕМЕҢГЕР,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
www.qazaquni.kz