Қазақтың тазы иті өзге елдің игілігіне айналуы мүмкін
2014 ж. 29 қаңтар
1974
3
Аты аңызға айналған қазақтың тазы нәсілді иті өзге елдің игілігіне айналуы мүмкін деп мәлімдейді Tengrinews.kz "31 канал" телеарнасына сілтеме жасап.
Отандық ит өсірушілер әлі күнге дейін қазақтың аты аңызға айналған тазы итіне халықаралық кинологтар ассоциациясынан патент алмаған. Сол себепті қазақтың тазы иті халықаралық жарыстарға да қатыса алмайды. "Бізде 300 ғана ит тіркеуден өткен. Олардың саны мың болуы қажет. Сонда ғана бізді әлем мойындайды. Мұнымен жүйелі түрде айналысу керек. Ит деген жетеді. Бірақ олардың көбі тіркелмеген. Тіркеуде болмаған соң оларды ешкім танып білмейді", - дейді итқосшы Рамазан Гусеев.
Гусеевтің сөзіне қарағанда, ол Қарағанды бойынша тазы нәсілінің жалғыз ресми итқосшысы. Аймақтарда тазы жүздеп саналады, бірақ олардың иелері итке құжат рәсімдемейді, республикалық көрмелерге қатыспайды. "Көрмеге тазы жетектеп келетіндер бар. Бірақ олар тіркеуден өтпейді. Сырттай бақылап тұрады. Тазысымен мақтанады. Өздерінше, менің итім ең жақсы деп ойлайды. Оған ешкімнің таласы жоқ, бірақ оны сөзбен емес, іс жүзінде дәлелдеу керек", - дейді "Лидер-Ит" кинологтар клубының жеткшісі Елена Полякова.
Отандық кинологтар халықаралық кинологтар ассоциациясына тазыны тану туралы өтініш берген. Тазы итінің стандарттары жасалған, дегенмен рәсімдеу жылға созылуы ықтимал. Егер отандық кинологтар асықпаса, онда тазыны өзгелер тіркетуі мүмкін. Мысалы, Санкт-Петерборда тазы өсірумен белсенді түрде айналысып жатқан көрінеді.
tengrinews.kz