Қандас бауырларымыздың шет мемлекеттердегі азаптары
2013 ж. 30 желтоқсан
1523
0
"Астана" телеарнасы өтіп бара жатқан жылды түйіндейді. Бұл жолы арна шет елде жүріп шоқ басқан қандастарымыздың жайын жіліктеді.
Ыстығы басылмай жатып, Араб Әмірліктерінде 12 жерлесіміз белгісіз жағдайда қамауға алынды. Тізе берсек тізім ұзақ, тек осы күнге дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі азуы алты қарыс елдерден өз азаматтары жайлы ақпарат ала алмай отыр. Бүгін де "Астана" телеарнасы уәкілетті органнан жауап алуға тырысты.Сәуірде болған Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп ұсталған екі қазақстандық студент, ізінше АҚШ-та тұтқындалған таэквондист Азамат Теңізбаев. Ал Сириядағы соғыс ортасынан бір-ақ шыққан, "джихад" жолындағы 150 қазақстандық жайлы ақпарат елді тіпті есеңгіретіп тастады.
Бар ақпарат осы...
Осы жылы журналистер есігін жиі жағалап, сан сұрақ астына алған мекеме - Сыртқы істер министрлігі шығар. Бірақ тілшілер қанша төнсе де, ресми орган беретін ең тұрақты, жаттанды жауап осы еді. Неліктен? Талдап көрелік... Сәуір. Бостондағы марафон кезінде жарылыс болып екі адам қаза тапты. 180 тұрғын жараланды. Лаңкестікке қатысы бар деп ұсталған ұлты шешен Царнаев қаза тапты, інісі құрыққа ілінді. Сорақысы, сол кіші Царнаевқа жәрдем беріп, айғақтың көзін құртуға ат салысқан қазақстандық екі студент болып шықты. Америка сотының айыбы осындай. Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев әлі АҚШ түрмесінде, ата-аналары екі құрлыққа қатынап жүр. Екі студентке қатысты ендігі сот қаңтар айының ортасына белгіленген. Ал терракттан кейін ізі суымай бірқатар азаматтарымыз АҚШ-та абақтыға жабылып жатты. Азамат Теңізбаев, таэквондист, америка азаматшасына "тиісті" деп тұтқындалды. Біраз саябырсыған еді, кейін кенеттен "Франция 24" арнасы ел үшін сұмдық жайттың бетін ашты. Сириядағы қақтығысқа аттанған қазақстандықтарды да шет ұалдыру мүмкін емес! Саны 150 деген дерек бар. Олар адасып барды ма, алданып барды ма, әлі белгісіз. Мұндай сұмдықтан кейін ел билігі бейнедегі азаматтар жайлы ақпарат жинай бастады.Бірқатарының туған - туыстары бауырларын бейнеден танып, Сыртқы істер министрлігіне жәрдем сұрап ағылып жатты. Бірақ жабулы қазан, әлі күнге жабулы күйінде. Тек жорамалдар мен жобалар.
"Менің ойымша, ең тиімді жол - ол Түркия. Біздің елден ол жаққа визасыз шығуға болады. Осыны пайдаланып, олар емін-еркін екі ел ортасында жүре алады. Ыстамбұлға жеткен соң, өз адамдары күтіп алып, қажетті жерге апарады. Әрине, ол бір адамның қолындағы нәрсе емес. Арнайы ұйымдастырушылары болуы ықтимал", - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы /21.10.13./. Билік де бейнебаянның ақиқат екеніне күмәнмен қарады біраз. Арандатушылық, арнайы ұйымдастырылған деп те айтты. Алайда туғандарын танып, соғыстың ортасында отырған күнәсіз бала-шағаны елге жеткізуді сұрап келген ағайынның аяқ алысынан кейін уәкілетті органдар үнсіз қалды. Олардың Қазақстан азаматы екенін растамады да, теріске шығарған да жоқ. Біздің арнаға берген сұхбатында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Нартай Дұтбаев бұл жайға қатты алаңдаулы екенін айтты. "Азаматтардың көбі алданған. Жалған дін жетегінде кетіп, санасы уланған. Ең сорақысы қандастарымыз соғыстың ортасына балаларын да жетектеп әкеткен. Бұл не деген масқара? Соғысқа қатысатын болса, бұл азаматтарға өлім жазасы кесілуі де мүмкін ғой", - дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дұтбаев.Ал кәрі құрлық мұндай азаматтарынан тіпті бас тартып жатыр. Ұлыбритания Сириядағы соғысқа аттанған отандастарын азаматтықтан айыруға кірісті.
Ағымдағы жылдың өзінде Башар Асад билігіне қарсы шыққан экстремистермен бірігіп, соғысқа аттанған 20 британдық паспортсыз қалды. Қазақстанда да мұндай тәжірибе болған. Осыдан 6 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының 12 тұрғыны Түркия, Сирия, Иран және Ирактағы соғыс әрекеттеріне қатысқаны үшін Қазақстан азаматтығынан айрылған. Бұл жолы қалай болмақ? "Ешкімді күштеп әкеле алмаймыз. Адам өзі қалауы керек. Ал азаматтығынан айыруға ешкімнің құқығы жоқ", - деген еді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахан. Сирия саябырси бастаған беті, Араб әмірлігінен жайсыз хабар жетті елге. Ислам елінде 12 қандасымыз бір түнде түрмеге тоғытылды. Қазір араб елінде абақтыға қамалған азаматтарымыздың туған-туыстары биліктен көмек сұрап, табан тоздырып жүр. Десе де Сыртқы істер министрлігі ұсталған қазақстандықтар жайы түгіл, олардың не үшін қамауға алынғанынан бейхабар. Екі ай бұрын Біріккен Араб Әмірліктеріне жолданған ресми хат әлі жауапсыз. Осы азаматтар бойынша нақты мәселелер болса, қосымша түсініктеме беруге дайынбыз. Алыс елге аттану туралы арманға қол жеткізуге болады. Қолыңызда - құжат, қалтаңызда қаржы болса, болДесе де қазақстандықтар үшін баруға қолайлы және қолайсыз елдер сұрыпталып жатыр. Сыртқы істер министрлігі қауіпті елдердің қара тізімін жарияламақ.
"Әрбір мемлекет бойынша біз ұсыныстарымызды береміз. ҚР азаматтарына Сирияға бармауды қатаң түрде ескертеміз. Сонымен қатар Мысырдағы жағдайды жіті бақылап отырмыз", - ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахан. Толассыз шаралар, халықаралық деңгейдегі көрмелер. Еліміз осылайша өзгеге қазақты танытпақ. Ал шет елде қауіптің ортасында қалған қазақтардың қазіргі жайы сол күйі тұманды.nur.kz