ҚОРЫҢ БОЛСА – қор болмайсың...

444

Қартаймайтын адам жоқ. Құдай ғұмыр берсе, уақыт та тоқтамайды, жылдар да өз дегенін істейді. Қоңыр қазақ қанағатшыл ғой: «Әдемі қартайып, немере-шөбере сүйсем, арманым жоқ» деп, мамыражай күн кешіп отыра береді. Бірақ, бүгінгі қылығымыз бен былығымыз бізді әдемі қартайта қояр ма екен?..

Алдымен, есеп білетін қазақтың бір баласы қалмағандай, бірқатар неміс банктері акцияларының қожайыны Григорий Марченкоға Ұлттық Банктің құлағын ұстатып қойдық. Мұнымыз аздай «халықаралық дәрежедегі мықты топ-менеджер» деп айдар таққан бұл «мықтымыз» өз жұмысын Ұлттық Банк ғимаратындағы әйелдер дәретханасын түгелдеуден ба­стады. Сосын, тек әйелдер м ә с е л е с і м е н а й н а л ы с у ғ а құмар Марченко Зейнетақы қорларының мол қаржысына қызықты ма, «Қазіргі Зейнетақы қорларының қызметі тиімді е м е с » д е й т і н с ы л т а у м е н аналарымыздың зейнет жасын қысқартуға қолына нән қайшы алып, біржола кірісті...

Ә дегенше, аламан басталып кетті. Тер төкпей, тақыр жер­де «миллардер» атанғандар ат­тарын ерттеп, мол ақша, тегін қазынаға қарай тағы да тепеңдей жөнелді. Бірақ, зор-мықтынықалқан қылған Марченко тәтті тортқа қайта-қайта ұмтылған шыбын-шіркейді үркітумен бол­ды, ал, ақырында, болдырды һәм шаршады. Сөйтіп, зейнетақы жа­сын қысқарту кейінге қалып, бір қазақтың жігіті, министр Серік Әбденов «құрбандыққа» шалын­ды...

Ал, Г.Марченко бұқара мен баспасөздің қаһарынан қорқып, әрі жиналған қаржысын санап келуге шетелге тайып тұрды. Теңіздің жылы суына шомы­лып рахаттанып қайтқан Мар­ченко көп ұзамай жер жәннәті Алматы қаласының Көктем ықшамауданындағы көз тар­тар қызмет ғимаратына оралды. Енді, күн тәртібінде жалғыз-ақ мәселе тұрды, ол – Зейнетақы қорларының қаржысын «рет­теу», дәлірек айтсақ, ұрыспай- таласпай, бөліске салу. Соны­мен, Ұлттық Банк Жинақтаушы зейнетақы қорларын Үкімет құзырына берді. Үкіметтің 2013 жылдың 31 шілдедегі №747Қаулысымен коммерциялық емес Біріңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Халық банкінің, Казкоммерцбанктің, БТА банктің барлық деңгейдегі Зейнетақы қорлары біріктірілді. Басқа да Зейнетақы қорлары осы мекемеге жинақталды. Мәселенің нүктесі жылдың аяғына дейін қойылуға тиіс.

Ал, мемлекет Зейнетақы қорларының қожайындарына не береді?.. Коммерциялық емес Біріңғай Жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары шығарылып, сатылады. Яғни, еліміздегі ең ірі банктің иелері өздерінің бұрынғы Зейнетақы қорларының орнына коммерциялық емес Біріңғай Жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын алады. Иә, «Қой да аман, қасқыр да тоқ»...

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Мәжіліс мінберінен: «Банктердің апан ауыздарына шектеу қою қажет. Кәсіпкерлер банк мүддесі үшін ғана жұмыс істеуге мәжбүр.Табыстардың теңдей қайта үлестірілуіне жол бермейтін, әлеуметтік әділетсіздікке апа­ратын басты себеп – сыбайлас жемқорлық. Тәуелсіздік жыл­дары ішінде Қазақстанның оффшорларға барлығы 138 мил­лиардтан астам АҚШ доллары шығарылыпты. Бұл дегеніңіз, қазақстандықтар «ресейлік «әріптестерінен» 2,5 есе асып түсті» деген сөз! Міне, біздің қаржыларымыз қайда кетіп жатыр?!. ...Байлар мен кедей­лер табыстарының арасында 30 еседей айырмашылық бар. Бұл алшақтық кәсіпкерлерді жолдан тайдырып, жастардың санасынакері әсерін тигізеді, «әлеуметтік инфантилизм» секілді кертарт­па құбылыстың пайда болуына себепші болады» – дегені бар еді.

Расында, «Қоры болса – қор болмайтынын» кез келген қазақ түсінеді. Бірақ, қор жинау үшін, ең алдымен, қазақ қоғамында әлеуметтік әділеттілік қағидалары мықтап орнауы керек. Қазақтың бұл бұлжымас қағидасының орнығуы жолында ақжолдық де­путаттар талай мәрте ескертіп, аяусыз күресіп келеді.

Қажымұқан ҒАБОЛЛА

өз тілшіміз,

Батыс Қазақстан облысы