САПАЛЫ ҚАЗАҚ болу үшін НЕ ІСТЕУ керек?!.
2013 ж. 14 шілде
12233
21
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила мастер класс өткізеді.
САПАЛЫ ҚАЗАҚ
Қазақстан елінің сапалы болуы - Әр Қазақстандық азаматтың сапасына байланысты!
Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіруіміз керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек.Бай болуға кәсіп керек.Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
- Білімді болуымыз керек. Білімді болуға оқукерек.
- 2. Бай болуымыз керек. Бай болуға кәсіп керек.
- Күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек.
- 4. Ден саулығымыз мықты болу керек. Сау болу үшін салауатты өмір сүру керек.
- 5. Мәдениетіміз жоғары болу керек. Бір бірімізді, қоршаған ортаны сыйлап үйренуіміз керек.
- 6. Қайырымды болуымыз керек. «Елім маған не береді» демей, «мен еліме не беремін» деп жұмыс істеуду үйрену керек. Болмаса: Жетім- жесірге, елімізге қолғабысымызды тигізу жолында жұмыс істеуіміз керек.
- Білім жолында: Сапалы қазақ деген Сайт ашып, осында әр мамандықтар бойынша кітаптар орналастырамыз, бірге оқып талқылаймыз.
- Бай болу жолында: Кәсіп ашып, бай боламын деген жастарға нақты жол көрсетіп, Бизнес жоспарды қалай жасайды, мекемені қалай басқаруға, өнімді қалай өндіріп, сату жолдарын көрсететін тренингтер өткіземіз. Вебинар арқылы интернеті бар Қазақстанның елді мекендерімен онлайн тренингтер өткіземіз.
- Бірлік жолында: Діни көзқарасына, саяси көзқарасына, тіл білгеніне қарап алаламай, бір бірімізге толерантты көзқараспен қарауды үйренеміз.
- Денсаулық жолында: Салауатты өмір салтын насихаттап, іс жүзінде қолданатын боламыз. Арақ, шарап, зиянды сусындардан бас тартып, спортпен шұғылданамыз.
- Мәдениет жолында: Боқтық сөздерден арылып, қала мен даламыздың тазалығын сақтау жолында жұмыс істейміз.
- Қайырымдылық жолында: Жетімдер үйіне, жарымжан адамдарға көмек көрсетеміз. Еліміздің болашағы үшін жан- тәнімізді аямай жұмыс істейміз
Ахмет Байтұрсынұлы
Сапалы Қазақ сайтының бас редакторы Ахметбек Нұрсила Ахметбек Нұрсила Қазақ тілінде “САПАЛЫ ҚАЗАҚ” Мастер класс өткізеді. Көшбасшы болу (Лидер), “Жалақы” алып, жалшы болмау дегенді көп адамдар көзалдына елестете алмайды! Ал сіздің көз алдыңызда: Мекеме ашып, артынан адамдарды ертіп, өзіне де, жақынына да, еліне де пайдасы тиіп жүрген жандар қаншама! Ұйқыдан оянып, өз тағдырыңызды өз қолыңызға алып, қаражат қысылысынан шығу кез келген адамның өз қолында! Тренингте осы жолдарды үйренесіз! Өзіңізге деген сеніміңіз күшейді! Программада:- Сапалы өмір дегеніміз не? Өміріңіздің сапасын қалай өлшеуге болады?
- Өмірге деген дұрыс көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?
- Өміріңіздің сапалы болуы үшін не істеу керек?
- Кәсіп ашып, “Жал ақы “ алатын жалшы болудан қалай құтылуға болады?
- Кәсіпкер (Бизнесмен) болудың жолдары қандай?
- Өмірлік мақсатты қалай дұрыс таңдауға болады?
- Өмірде орны толмас ресурс УАҚЫТТЫ қалай дұрыс пайдалануға болады?