«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы мәресіне жетті

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы мәресіне жетті

Бүгін «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының қорытынды кезеңі Астана қаласы «Ақ жол» партиясының бас кеңсесінде өтті. 

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің телеграм арнасында жазды. 

"Қазақ үні" ақпарат агенттігі Мәжіліс депутатының жазбасын оқырман қауымға ұсынады.

***

Биылғы жалпыұлттық байқауға «Ақ жол» барлық аймақтардан 430-дан астам жастар қатысты, бірінші кезеннен 42 қатысушы өтсе, Талдықорғанда Жетысу университетінде жарты финалдан 12 үміткер іріктелді.

Бүгін олар ақтық кезеңде бәйгеге түсті.

Байқау қазылары алқасында ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» институтының директоры, ф.ғ.к., Сұлтан Хан Аққұлұлы (Токиодан он-лайн), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Тіл комитетінің төрағасы, алаштанушы Ербол Тілешов, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұл болса, модератор ретінде байқауды ЕҰУ Қазақ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., алаштанушы Қайырбек Кемеңгер жүргізді.

Сонымен қатар, “Ақ жол” Демократиялық партиясының Мәжілістегі депутаттары пікірсайысты тамашаладық.

Байқаудың ашылу рәсімі мен қорытындысында сөз сөйлеп, бірнеше маңызды мәселені атап өттім.

Бір ғасыр бұрын біздің ата-бабаларымыз, Алаш арыстары Елімізге тәуелсіздік алып келеміз деп үлкен ерлікке барып, құрбан болса да, олардың істеген еңбектері, ерліктері өшпес мұра. 

Алаш Ұлттық идеясы толығымен іске асырып, біз мықты, бай, дамыған мемлекет болуға толық мүмкіндігіміз бар.

70 жылдан астам Алаштың идеясы ғана емес, оның іс-әрекеті де, тоталитарлық жүйенің өз халқынан жасырып, жойып жібергісі келген азаттық пен мемлекеттілік жолындағы күресі – бүгінгі ұрпақ үшін өшпес мұра және саяси өнеге. 

Алаш Арыстары қалдырған мұрасының ішінде: экономикалық, әлеуметтік, жаңғырту және мемлекет құру идеялары сияқты қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін өзекті болып қала беретін жан-жақты және терең тұжырымдамалар бар.

Алаш идеясы біздің елімізге – тарихи терең тамырдан сусындаған ұлттық бірегейліктің берік негізін қалап, демократиялық құндылықтар мен стратегиялық дамудың бағдарын айқындайды. Сондықтан біз жастар арасында байқаумызды жыл сайын өткіземіз. 

Алаш идеясы - қазақ елінің тек тарихы емес, сонымен қатар ол - біздің бүгініміз бен болашағымыз. Біздің мақсатымыз - оны тек қазіргі уақытқа сай келтіру ғана емес, оның алдын алу. ХХІ ғасырда еліміз тағы қандай жағдайларға келуі мүмкін, қандай жағдайға жауап іздестіруі керек? Жас буын үшін Алаш идеясы соған да тиісті жауап беруге қаблетті.

Байқау номинациялары аясында ерекше қызықты, танымдық және терең мазмұнды баяндамалар мен дискуссиялар өтті. Бұл материалдардың жоғары сапасы мен қоғамдық маңыздылығы соншалық, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы жеке өзі бастама көтеріп, кейбір үздік жұмыстарды көпшілікке тарату мақсатында, авторлардан оларды республикалық газет беттеріне жариялауға рұқсат сұрады.

Бұл факт – жас мамандар мен студенттердің Алаш мұрасын жаңғыртуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын және олардың идеяларының қоғамдық пікірге ықпал етуге дайын екенін көрсетеді. Іріктеу кезеңдерден финалға өткен 12 қатысушы баяндамаларымен пікір-сайыстарының нәтижесінде жүлдегер атанғандар:

«Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы» номинациясы бойынша:

I орын - Айдын Алтай– Жетісу облысы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ғылым департаментінің бас менеджері, педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант

II орын - Руслан Ахмаганбетов– Әл-Фараби атындағы КазҰУ Саясаттану магистрі (Алматы қ.)

||| орын - Анара Арманқызы – Алматы қ., Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студенті.

«Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және оның қазіргі Қазақстан қоғамына маңызы» номинациясы бойынша:

| орын - Данияр Ихсан– Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты

|| орын - Кәмшат Төреқұлова– Маңғыстау облысы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалім. 

||| орын - Алпамыс Файзолла – Астана, Ұлыбританиядағы Абердин университетінің Ағылшын тілі мен әдебиеті бойынша Гуманитарлық ғылымдар магистрі.

«Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы бойынша:

| орын - Медина Қиса – Маңғыстау облысы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі.

|| орын - Канатбек Куянбаев – Астана, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты.

||| орын - Ардах Амиш – Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

«Алаш тарихының «ақтаңдақтары» номинациясы бойынша:

| орын - Дінмұхамед Байжұма – Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия кафедрасының магистранты.

|| орын - Даниял Айдаров – Алматы, Әл-Фараби университетінің студенті.

||| орын - Перизат Оралханова – Форт-Шевченко, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі.

Құттықтаймыз!