«Ақ жол» үшін бұл еңбектің мән-мағынасы өте зор - Азат Перуашев
2025 ж. 21 қаңтар
216
0
Бүгін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзі Бас редактор болған «Алашорда ісі. 1920-1940. Құжаттар мен материалдар» атты Алаш тарихын қамтыған 12 томдық жинақты "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевқа табыстады.
Бұл туралы партия лидері өзінің телеграм арнасында жазды.
- 12 томдық - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ. Ал жобаның ғылым жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев екен.
Ерлан Тынымбайұлы осыған дейін «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі ретінде «Алашорда ісі» деп аталатын 12 томдық жарық көретінін айтқан еді. Енді міне, қолымызға тиді.
Қазақ тарихына, оның ішінде Алаш тарихына елеулі үлес болған жинақ деп айтар едім. Алаш идеясын басты бағыты еткен «Ақ жол» демпартиясы үшін де бұл еңбектің мән-мағынасы өте зор.
Осындай үлкен еңбегі үшін Ерлан Тынымбайұлына, редакция алқасына да «Ақ жол» Демпартиясы атынан алғыс айтамыз, - деп жазды Азат Тұрлыбекұлы.