АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АРХИВІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫНДА
2024 ж. 30 мамыр
2545
0
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осынау атаулы күн қарсаңында оқырман назарына Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи университетінің PhD, аға оқытушысы, Хазретәліқызы Райгүлдің «Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты тарихының деректері Түркістан облысы полиция департаменті архивінің құжаттарында» атты тарихи мақаласын ұсынып отырмыз.
1937-1938 жж. Сталиндік қуғын-сүргіннің кезінде Оңтүстік Қазақстаннан қаншама адам НКВД Үштіктерінің шешімімен атылып кетті.
Члены особых троек НКВД СССР Үштіктің құрамында КСРО Ішкі істер жөніндегі халық комиссариатының мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі шенділері,
Шымкент қаласының Полиция департаменті архивінен әкелінген құжаттар негізгі үш тізімдемеге түзілген. «Ақталғандардың тізімі», «Ақталмағандардың тізімі» және «Әскери тұтқындардың тізімі» деп аталатын үш тізімдемемен таныстық.
Тізімдемелерде көрсетілгеніндей ақталған 4359 адам және күні бүгінге дейін ақталмаған 313 адам бар екендігі анықталды. Алдымен ақталмаған тізімді қарап шықтық. Бұл құжаттардың құпиялылық грифі болғандықтан да оларды толық ашып қарап шыға алмадық. Дегенмен алдағы уақытта осы тізімдерді қайта қарап, бұл кісілердің құжаттарымен танысып, ондағы РСФСР Қылмыстық Кодексіндегі баптарға сәйкес алдағы уақытта ақтауға ұсынылатын азаматтардың тізімін жасауды жоспарлап қайттық.
1956-1958 жж аралығында Н. Хрущевтің арнайы Қаулысымен ақталған біршама Алаш үкіметінің оңтүстік қанатын құрайтын азаматтардың тізімін қарай отырып, арасынан онға жуық азаматтардың жеке істерімен танысып шықтық. Атап айтқанда Мұстафа Шоқайдың інісі Нұртаза Шоқаевтың 0503 нөмірлі жеке құжаттарымен таныстық. Бұл жеке істе Нұртаза Шоқайдан шетелге қашып кеткен ағасы Шоқай арасындағы қарым-қатынастың қалай орнатылғандығы жөнінде сұратылған. Нұртаза Шоқайдан алынған сұрақ жауаптың барысында антикеңестік ұлтшылдық, террористік повстансиялық және шпиондық диверсиондық ұйымдардың белсенді өкілі ретінде және өзге де азаматтарды өз қатарына қосқан деген жаламен қамауға алынады. Ол алғашында 5 жылға сотталып, кейін ОҚО бойынша УНКВД ТРОИКА-сының 1937 жылдың 1 қарашасындағы шешімімен ату жазасына кесіліп, 1937 ж. 3 қарашада атылған. Тек 1956 ж. 30 қарашада ақталған.
ОҚО тумасы, Шымкент қаласындағы Қорғасын зауытының аудандық кеңес төрағасы Бабаев Уваштың 0607 жеке ісінде ОҚО УНКВД ТРОИКА тарапынан тура осындай сұрау-жауаптың алынғандығын және ату жазасына кесіліп, 1956 ж. қайта ақталғандығын көреміз. Біз қарастырған құжаттардың ішінде Османов Садуақас, Таймурзаев Махамбет, Юсупов Сыздық, Қалмұхамедов Мурзақ, Дюсембинова сыздық, Алимова Карым, Белисаров Доскул, Култасов Фазылбек, Оразбаев Оңғарбай, Серахуджаев Джамура және т.б. ОҚО УНКВД ТРОИКА-сымен атылған, бірақ арнайы жеке істері қарастырылмаған азаматтар кездеседі.
4359 адамның жеке істері қалыптастырылған. Бұдан басқа да азаматтардың жеке істері жинақталмаған. Дегенмен ТРОИКАның хаттамаларында Оңтүстік Қазақстаннан шыққан көптеген алашшыл азаматтардың аттары кездеседі. Ол азаматтар қатардағы мұғалімдер, мектеп директорлары, имамдар мен ишандар, Шымкент қаласындағы Қорғасын зауытына қарасты мектептің директоры қызметін атқарған азаматтар бар. Бұл азаматтардың арасында жергілікті қазақ өкілдерімен қатар, қытайлар, кәрістер мен өзбектер және т.б. ұлт өкілдері де кездеседі. 358 істің 5 томында 1938 ж. ОҚО бойынша УНКВД ТРОЙКАларынң сот отырыстарының хаттамалары жинақталған. Құжатардың барысында қаншама адамды түгелдей ату жазасына кескен қаулылар кезедседі. Алғашында ұсталып, тергеуге алынып, кейіннен сотталған, жер аударылған немесе атылған адамдар туралы қосымша мәліметтер жетерлік.
Тағдырлары тәлкекке түскен бұндай аты күні бүгінге дейін беймәлім азаматтардың құжаттары жеклеген хаттамалардан кездестірдік. 371 істен 383 іске дейін ОҚО бойынша УНКВД ТРОИКА-сының хаттамалары кезедеседі. Бұл хаттамаларда ТРОИКА отырыстарының барлығы түзілген. Сонымен қатар, келесідегідей істерді жекелеп қарастыруға болады. Атап айтқанда, «С предписаниями на осуждениях по 1- категории ТРОИКИ 1937-1938 гг.» (381 іс, ф.1), «Дело с выписками из протоколов заседаний ТРОИКИ и акты исполнения приговоров 1937-1938 гг.» (369 ф.1), Протоколы судебных заседаний ТРОИКИ УНКВД по ЮКО за 1938 г. (358 ф.1. том 5), «Акты приведение в исполнения ВМН. 1935-1936 гг.» (368. Ф. 1), «Дело с актами о приведении в исполнения приговоров к ВМН» (364.ф.1).
Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысына кірген бүгінгі Қызылорда мен Жамбыл облыстарының аудандарында туып өскен, сол жерде қызмет атқарған қаншама ұлт тағдырына бей-жай қарамаған азаматтардың аянышты тағдыры архив құжаттарында аранйы іс болып түзілсе, кейбірі туралы тек бір екі беттік дерек немесе бірнеше жолмен жазылған мәлімет ретінде ғана сақталған. 1937-1938 жж. атылып кеткен алашшыл азаматтар 1956-1958 жж. аралығында ақталған. Арада 20 жылдан соң ақтау туралы ескертпе қағаздарын УНКВД қызметкерлері соңғы ұсталып алып кеткен мекен-жайға жеткізілген. Алайда ол жерде атылып кеткен азаматтардың ізбасар ұрпағы да, отбасы мүшелері де табылмаған. Барлық атылған азаматтарға қытасыты мәлімет солай жинақталған. Алғашқы ұсталып, қамалғаны, олардан сұрау жауаптың алынғандығы, оларды ату жазасына кескен ТРОИКА-ның шешімі, олардың атылғандығы туралы актілер және 1956 ж. ақтауға ұсынылуы, қылмыстық дәлелердердің аздығынан ақталсын деген үкімі және ең соңында олардың отбасы мүшелері мен ұрпақтарына 1938 ж. «халық жауы» деп атылған азамттардың ақталғандығы туралы хабарды жеткізуі бәрі-бәрі де толық құжатпен рәсімделген.
Алдағы күндері аталған архивтерден және Қапзақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінен НКВД лагерлерінде жазықсыз жазаланған Оңтүстік Қазақстандық азаматтар мен Алашорда үкіметінің оңтүстік қанатына қатысы бар беймәлім, күні бүгінге дейін ақталмаған азаматтарды айқындау және ақтауға ұсыну жұмыстары жалғасын таппақ.
Мыңдаған адамдардың тағдырын шешкен бұл КСРО НКВД-ның Оңтүстік Қазақстан бойынша арнайы Үштіктің құрамында: 1.Станислав Францевич Пинталь, 2. Әбілқайыр Ысқақұлы Досов, Владимир Еремееевич Случаак, Григорий Михайлович Таганский, Борис Яковлевич Калнинг [Список лиц, входивших в состав троек, созданных по приказу НКВД СССР от 30.07.1937 г. № 00447 https://nkvd.memo.ru/index.php/Документ:Составы_троек_в_1937−1938_годах // Сайт Nkvd.memo.ru. Қаралым күні: 07.12.2022]
1937 ж. ОҚО бойынша УНКВД Үштігі сот отырысының хаттамалары
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
26.08.1937 ж.
36 адам;
2
Хаттама №2
31.08.1937 ж.
59 адам;
3
Хаттама №3
05.09.1937 ж.
21 адам;
4
Хаттама №4
15.09.1937 ж.
85 адам;
5
Хаттама №5
27.09.1937 ж.
129 адам;
6
Хаттама №6
11.10.1937 ж.
151 адам;
7
Хаттама №7
20.10.1937 ж.
106 адам;
8
Хаттама №8
01.11.1937 ж.
195 адам;
9
Хаттама №9
04.11.1937 ж.
130 адам;
10
Хаттама №10
19.11.1937 ж.
262 адам;
11
Хаттама №11
28.11.1937 ж.
516 адам;
12
Хаттама №12
04.12.1937 ж.
134 адам;
13
Хаттама №13
07.12.1937 ж.
335 адам;
14
Хаттама №14
09.12.1937 ж.
65 адам;
15
Хаттама №15
30.12.1937 ж.
529 адам.
1938 ж. ОҚО бойынша УНКВД Үштігі сот отырысының хаттамалары
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
31.01.1938 ж.
50 адам;
2
Хаттама №2
08.02.1938 ж.
160 адам;
3
Хаттама №3
14.02.1938 ж.
296 адам;
1938 жылдың 14 ақпанынан қыркүйектің 25-не дейін хаттамалар түзілмеген
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №2
30.09.1938 ж.
25 адам;
3
Хаттама №3
08.10.1938 ж.
38 адам;
4
Хаттама №4
15.10.1938 ж.
7 адам;
5
Хаттама №5
30.10.1938 ж.
1 адам;
Жапония желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
16 адам;
2
Хаттама №2
26.09.1938 ж.
26 адам;
3
Хаттама №3
30.09.1938 ж.
35 адам;
4
Хаттама №4
10.10.1938 ж.
97 адам;
5
Хаттама №5
12.10.1938 ж.
65 адам;
6
Хаттама №6
15.10.1938 ж.
40 адам
7
Хаттама №8
27.10.1938 ж.
1 адам
Протоколы по Афганской линии
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09.1938 ж.
3 адам;
2
Хаттама №2
10.10.1938 ж.
1 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
3 адам;
4
Хаттама №4
30.10.1938 ж.
5 адам;
Чехословакия желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
1 адам;
Англия желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09.1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №1
15.10.1938 ж.
1 адам;
Болгар желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
08.10.1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №1
10.10.1938 ж.
1 адам;
Иран желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
3 адам;
2
Хаттама №2
30.09.1938 ж.
31 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
24 адам;
4
Хаттама №4
26.10.1938 ж.
48 адам;
5
Хаттама №5
30.10.1938 ж.
4 адам.
Қытай желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
1 адам;
2
Хаттама №2
30.09.1938 ж.
3 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
5 адам;
4
Хаттама №4
26.10.1938 ж.
15 адам;
5
Хаттама №5
30.10.1938 ж.
2 адам.
Түрік желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №2
30.09.1938 ж.
13 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
5 адам;
4
Хаттама №4
26.10.1938 ж.
21 адам;
Фин желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09. 1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №2
08.10.1938 ж.
2 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
8 адам;
4
Хаттама №4
30.10.1938 ж.
1 адам;
Румын желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09. 1938 ж.
3 адам;
2
Хаттама №2
08.10.1938 ж.
6 адам;
3
Хаттама №3
15.10.1938 ж.
2 адам;
4
Хаттама №4
30.10.1938 ж.
1 адам;
Поляк желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
25.09.1938 ж.
3 адам;
2
Хаттама №2
27.09.1938 ж.
24 адам;
3
Хаттама №3
30.09.1938 ж.
6 адам;
4
Хаттама №4
10.10.1938 ж.
32 адам;
5
Хаттама №5
12.10.1938 ж.
18 адам;
6
Хаттама №6
15.10.1938 ж.
10 адам;
7
Хаттама №7
27.10.1938 ж.
1 адам;
8
Хаттама №8
30.10.1938 ж.
2 адам;
Эстон желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09. 1938 ж.
1 адам;
2
Хаттама №2
15.10.1938 ж.
3 адам;
Америка желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09. 1938 ж.
3 адам;
2
Хаттама №2
15.10.1938 ж.
1 адам;
Латвия желісі бойынша хаттамалар
№
Сот мәжілісінің хаттамасы
Хаттама түзілген күн
Сот мәжілісінде қаралған адамдар саны
1
Хаттама №1
30.09. 1938 ж.
2 адам;
2
Хаттама №2
08.10.1938 ж.
1 адам;
3
Хаттама №3
12.10.1938
2 адам.
1937 жылдың 26 тамызынан 1938 жылдың 12 қазаны аралығында ҮШТІК отырыстарының 76-хаттамасының негізінде жалпы саны - 3952 адам ату жазасына кесілген. Бұл саяси қуғын сүргін көрген адамдар күні бүгінге дейін ақталмаған.