ЖҮЗ АЛПЫС ЖАННЫҢ ТАҒДЫРЫ...
2024 ж. 29 сәуір
1190
0
Большевиктік биліктің «халық жаулары», «ұлтшылдар» деген жаламен, әсіресе, 1937-1938 жылдары Қазақ елін кең көлемде шарпығаны баршаға аян. Онда аса қатыгездікпен қуғындалғандар арасында Оңтүстік Қазақстан тұрғындары да аз емес еді. Мысалы, бір ғана Түркістан қаласынан 161 адамның тағдыры тәлкекке түсіпті. Бұл аймақ Қазақ елінің маңызды бөлігі ретінде сол кезде елімізде болып өткен қоғамдық-саяси процестердің тұрпатын толықтай дерлік бере алады деуге негіз мол.
Жоғарыдағы есепті жүргізіп, зерттеу жасаған – түркістандық жерлесіміз Нұрмахат Назаров. Енді осынау тізім не дейді?..
Абдурахманов Сайтнәби – 1868 жылы туған. Түркістан қаласында сатушы болған. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған. Абдурахманов Хиския Израилович – 1877 жылы Түркістан қаласында туған. Саудагер болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 23 қарашада ақталған. Абдусаттаров Исмаил – 1864 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған. Абдулходжаев Исматулла –1868 жылы Түркістан қаласында туған, жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы қаңтарда ақталған. Абишев Тулеген – 1903 жылы туған. Түркістан стансасы, Ащысай полиметалл теміржолында жол қараушы болып жұмыс істеген. 1938 жылы 28 шілдеде сотталған. 1971 жылы 25 тамызда ақталған. Абсаметов Абдужаппар – 1885 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған. Абсаматов Абсаттар – 1893 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған. Авекиев Сергей Кириллович – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде плановик болып жұмыс істеген. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 4 тамызда ақталған. Алдашукуров Құрбан – 1904 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Корчагин. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы мамырда ақталған. Алдияров Мухитдин – 1905 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Түркістан аудандық партия комитетінде насихатшы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1963 жылы 28 желтоқсанда ақталған. Алиев Ағажан – 1909 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында жұмысшы болған. 1938 жылы 26 қазанда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған. Амантаев Джаганша – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Ащысай руднигіндегі асхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталып, 1960 жылы 9 тамызда ақталды. Анарбаев Асет – 1908 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, диқан болған. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1993 жылы 29 қазанда ақталған. Андрес Зельман – 1896 жылы Полынаның Собота қаласында туған. Түркістан қаласындағы Буденный атындағы мектепте мұғалім болған. 1942 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1990 жылы 4 мамырда ақталған. Анчиков Иван Иванович – 1893 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Қалалық ауруханада жұмыс атқарған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1959 жылы 5 наурызда ақталған. Асетдинов Уркуш – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған. Асқаров Есім – 1893 жылы туған. Түркістан ауданында тұрған, еңбек артелінде аға есепші болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1958 жылы 16 қыркүйекте ақталған. Асылбеков Қадырбай – туған жері Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Шымкент қаласының жер бөлімі, Түркістан жер бөлімі. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 3 тамызда ақталған. Асылбеов Кульджан –1920 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Хантағы қыстағы. Хантағы руднигінде лебедчица болып жұмыс істеген. 1945 жылы 5 ақпанда сотталған. 1945 жылы 5 наурызда ақталған. Атажанов Ибай – 1887 жылы туған. Түркістан ауданы Карачинде тұрған. Әртүрлі жұмыстар істеген. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған. Атаджанов Қонбай –1896 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, «Ынталы» колхозында төраға болып жұмыс атқарған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 сәуірде ақталған. Атаходжаев Ташходжа – 1898 жылы туған. Тұрған жері –Түркістан қаласы жұмыс істемеген. 1938 жылы 28 наурызда сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған. Аташев Ахмет – 1866 жылы туған. Түркістан, Оранғай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 27 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған. Атансанов Ибат – Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 31 наурызда ақталған. Ахметов Патша – 1908 жылы туған. Түркістан қаласында асханада аспазшы болған. 1938 жылы 26 шілдеде сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған. Ахметов Судан – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесіндегі рудникте жұмысшы болған. 1937 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1957 жылы 16 мамырда ақталған. Әбдірахманов Моша – 1895 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Түркістандағы №1 сырахананың меңгерушісі. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған. Әбдіғалиев Темірғали – 1912 жылы Қарағанды облысында туған, қазақ. Түркістан ауданы бойынша қаржы тексерушісі. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
***
Осынау шындықты бертінге дейін солақай мемлекеттік, қоғамдық саясат бойынша теріс бағамдап келгеніміз мәлім. Сөйтіп бүкіл тарихымыз бұрмаланып отырды. Біздіңше, әлі де болса ашылмаған жәйттер баршылық. Оның бәрін безбендеу – уақыт еншісінде.
Дайындаған – Жангелді ҚЫНАЯТОВ.