Азат Перуашев: Еліміз бостандық құнын қанымен өтеді
2022 ж. 31 мамыр
3260
0
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының «ақжолдық» депутаттары, қоғам қайраткерлері мен ұжым қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухына тағзым етті. «Алашқа тағзым» атты партияның дәстүрлі еске алу шарасы Алжир қасірет мемориалынан бастау алып, зұлмат пен зобалаң құрбандарының әруақтарына құран бағышталды.
- Біз бүгін еліміздің бостандығы мен егемендігі үшін зұлмат жылдардың нәубетінен құрбан болған миллиондаған боздақтарымызды еске алып отырмыз. Олардың қатарында Алаштың айбатты арыстары да, жазықсыз миллиондаған қатарлы жандар да, бейкүнә сәбилер де бар. Олардың ауыр тағдыры зая кеткен жоқ. Оған бүгінгі тәуелсіз Қазақстанымыз дәлел. Бүгінде «Қазақстанға Тәуелсіздік аспаннан түсті» деп жүргендер бар. Бұл жалған ақпарат. Еліміз тұғырлы тәуелсіздік үшін ең қымбат баға төледі. Бостандық құнын қанымен өтеді. Сондықтан, біз бүгінде мемлекеттілігіміз бен жер тұтастығын сақтап, құрбан болған бабаларды ұмытпай, рухына тағзым етуіміз керек. Ал, Алаш арыстарына келсек, осыдан 100 жыл бұрын Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның тапсырмасымен мемлекет қайраткері Барлыбек Сырттанұлы қазақтың тұңғыш конституция жобасы мен Алашорда уставын жазған болатын. Бүгінде біз де Жаңа Қазақстанға қадам басып, жаңарған конституциямызды ертеңгі күні референдумға шығарып, мемлекетімізге жаңа серпін беруіміз керек. Арыстарымыз аманаттаған Тәуелсіздігімізді бағалап, кемел келешекке ұмтылуымыз қажет. Баршаларыңызға ниеттеріңіз қабыл болсын деймін. Құрбан болғандардың жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын, - деді Азат Тұрлыбекұлы Алжир мемориалындағы еске алу жиынында.
Қилы кезеңнен сыр шертетін Алжир мемориалды кешенінен кейін «ақжолдықтар» Нұр-Сұлтан қаласындағы Сейфуллин – Республика көшелері қиылысынан Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке дейін қуғын-сүргін құрбандарының портреттерін көтеріп, еске алу шеруін жүріп өтіп, гүл шоқтарын қойды.
Жиынға келгендердің арасында жергілікті тұрғындар, ақсақалдар да болды. Бір топ ақсақал жиыннан соң Мәжіліс депутаты Азат Перуашевті алқалап, көкейдегі сұрақтарын қойып, әңгіме өрбітті. Сұрақтардың дені констиуциялық өзгерістер мәселесін қозғап, «Ақ жол» басшысы реформаның өзектілігі туралы ақсақалдарға кеңінен түсіндірді. Жиналған қауым депутатқа конституциялық реформадағы жер мәселесіне қатысты, парламенттік институттарды күшейту туралы ұсыныстарын жеткізді.
Мәжіліс депутаты өз сөзінде бұл Президент Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін өзгертудегі алғашқы қадамы екендігін тілге тиек етіп, аталған көптеген мәселелер бойынша елуден астам жаңарған заңдарды конституцияға сай енгізу барысында келтіре алатындығын айтты.
- «Ақ жол» партиясы жалпы парламенттік республиканы қалайды. Сол үшін біз осы реформаны бұдан да терең, бұдан да батыл өзгерістерге жол ашатын алғашқы қадамы ретінде қолдаймыз, - деді А. Перуашев.
Алжир мемориалы кешенінде де, ескерткіш алдындағы еске алу шарасына келген қариялар бүгінгі шарада «Ақ жол» депутаттарынан басқа өзге ешбір депутаттың келмегенін де айтып, Азат Тұрлыбекұлына риясыз ақ тілегін арнады.
Гүл қою рәсімінен кейін журналистер Азат Перуашевке сұрақтарын қойып, соның ішінде Украинадағы ашаршылық туралы да сұрады.
Мәжіліс депутаты өз сөзінде бұл Президент Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін өзгертудегі алғашқы қадамы екендігін тілге тиек етіп, аталған көптеген мәселелер бойынша елуден астам жаңарған заңдарды конституцияға сай енгізу барысында келтіре алатындығын айтты.
- «Ақ жол» партиясы жалпы парламенттік республиканы қалайды. Сол үшін біз осы реформаны бұдан да терең, бұдан да батыл өзгерістерге жол ашатын алғашқы қадамы ретінде қолдаймыз, - деді А. Перуашев.
Алжир мемориалы кешенінде де, ескерткіш алдындағы еске алу шарасына келген қариялар бүгінгі шарада «Ақ жол» депутаттарынан басқа өзге ешбір депутаттың келмегенін де айтып, Азат Тұрлыбекұлына риясыз ақ тілегін арнады.
Гүл қою рәсімінен кейін журналистер Азат Перуашевке сұрақтарын қойып, соның ішінде Украинадағы ашаршылық туралы да сұрады.
- Украин тарихшыларының болжамы бойынша ашаршылықтан Қазақстан халқының 4 миллионнан астам халқы қаза тапта. Яғни, халықтың 2/3 бөлігі қырылған. Атақты демограф Мақаш Тәтімов ашаршылық болмағанда қазақ халқының саны бүгінде 60 миллионнан асатын еді деген тұжырым келтіреді, - деді Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар, тілшілердің бірі «Ақ жол» партиясы қашаннан бері Алаш идеясын насихаттауға ден қойғаны» туралы сұрады.
- «Ақ жол» партиясы Мәжіліске кіріп, парламенттік фракция құрылғаннан бері ең алғашқы біздің депутаттық сауалдарымыз осы Алаш мұрасына қатысты болған еді. Сол кезде, 2012 жылы, біз Алаш қозғалысының 95 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуді Үкіметке ұсынған едік. Өкінішке орай, бұл сауалдарымыз билікке жақпаған сияқты. Біз жыл сайын бұл тақырыпты түрлі сауалдарда көтеріп жүрміз. Біз Алаш идеясын еліміздің ұлттық идеясы ретінде мемлекеттік дәрежеде қабылдауды талап етіп жатырмыз. Себебі, бүгінде түрлі идеологтар түрлі ұлттық идеяларды шығаруға әрекеттер жасауда. Бірақ, қолдан жасалған идеялар ретінде олардың өмірі ұзаққа бармайды. Ал, Алаш идеясы, міне, 100 жыл болды жасап келеді. Тіпті, Кеңес үкіметі халықтың жадынан өшіруге тырысып түрлі әрекеттер жасаса да бұд идея халықпен бірге жасап келеді. Біздің ойымызша, Алаш арыстарының еңбектерінде көрсетілген ұстанымдар әлі де өзекті. Оның әлеуетін толық аша алған жоқпыз. Алаш идеясының өзектілігін көрсету үшін біз он жылдан бері «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жас ғалымдарға арналған жалпыұлттық байқауды өткізіп келеміз. Оның басты мақсаты Алаш ұстанымдарының өзектілігін қазіргі заманда әлеуметтік, экономикалық, саяси, демократиялық өміріміздің талабына сай келтіріп, Алаш тарихындағы ақтаңдақ тұстарды ашу. Біз бұл жұмыста дәстүрлі түрде он жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеміз және жалғастыра береміз, - деп жауап берді А. Перуашев тілші сауалына.
Атап өту керек, ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеушілердің пікірінше, Қазақстан халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешіп, халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауы тиіс.