ҰЛТ КӨСЕМІ МҰСТАФА ШОҚАЙ ДАУЫСЫН ӘР ҚАЗАҚ ТЫҢДАУЫ ТИІС! - Қазыбек Иса
2021 ж. 29 желтоқсан
8469
0
МҰСТАФА ШОҚАЙ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ
Биыл күзде елордамызда біршама мектептерге Алаш арыстарының, ұлт қайраткерлерінің аттары берілді.
2021 жылы 8 қазанда Нұр–Сұлтан қаласының №51 мектеп-гимназиясы ел тәуелсіздігі мен түркі бірлігі үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың есімімен аталды.
Өткен аптаның сенбісінде, 25 желтоқсанда Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен саяси күрес жолдарынан сыр шертетін Мұстафа Шоқай мұражайының ашылуы өтті.
Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса, Жұлдыз Сүлейменова, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, шоқайтанушы ғалымдар, журналистер, Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары, білім беру саласының өкілдері қатысты.
Жиналғандар Мұстафа мұражайын тамашалап, мұстафатанушы Әбдіжәлел Бәкір мұражайдың ашылуы туралы арнайы сөз сөйледі.
Мектеп залында Мұстафа Шоқайға арналған жиын болып, қойылым мен концерт өтті.
Алғашқы болып сөйлеген белгілі ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Мұстафа Шоқайдың ел тарихындағы ерекше маңызды рөлін айшықты тілмен айқындап берді.
- “Ұлт көсемі, мұзбалақ Мұстафа Шоқайдың Алаш жастарына айтқан сөзі әр қазақ тыңдап жүруі тиіс” деді Қазыбек Иса.
Сөзге шыққан сенатор Нұртөре Жүсіп Шоқайтануда істелер жұмыстарға тоқталды.
“Арландар” футбол клубы президенті Фазылбек Әбсаттарұлы мектептің үздік оқушыларына Мұстафа Шоқай атындағы стипендия беріп , талантты футболшы оқушыларды Түркияға дайындыққа жіберетінін мәлімдеді.
Маңызы зор осындай тағылымды шара ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім басқармасы мен Мұстафа Шоқай атындағы 51 мектеп гимназиясына (директоры Данара Жомартова) ұжымына алғыс айтамыз.
Қазақ үні
Видеодан Қазыбек Исаның ұлт көсемі Мұстафа Шоқай туралы сөзін тыңдай аласыздар: