АЛАШ ақыры Октябрьді ЖЕҢДІ! - Қазыбек Иса
2021 ж. 10 желтоқсан
4897
0
Октябрь аты өшіп, ӘЛИХАН ауданына айналды!
Биыл тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі!
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы!
Тәуелсіздіктің қарлығашы Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы!
Кеше ғана Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы Әлихан ауданы болып өзгертілгені туралы шешім шықты!
Әлиханның 150 жылдығында берілуі тиіс еді аудан аты. Ақорда келісім беріп қойған мәселе Қарағандыдағы 3-4 коммунист шалдың қарсы болуына бола 5 жыл кешікті! Не деген елміз десейші! Ешқандай ел есітпей-ақ қойсын мұны…. Бұған да шүкір, ұзағынан сүйіндірсін!
Әлихан атын ұлықтауды “Ақ жол” партиясы бұдан 15 жыл бұрын да, 5 жыл бұрын да, биыл 9 ай бұрын да жазған едік. Алаш пен Әлиханның 155 жылдығына арналған 2021 жылы 3 наурыздағы және 14 сәуірдегі “Ақ жол” фракциясының екі депутаттық сауалын жасағанымызда да “Октябрь ауданы Әлихан атына ауысады” деп айтып та, жазып та жіберіп едік.
Сол шешім енді шықты.
Кеше Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының келесі құрамдас бөлігі: Октябрь ауданы – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН атындағы аудан болып қайта аталсын деп Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫСЫ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМІ қабылданды.
АЛАШ ақыры Октябрьді жеңді!
Октябрь аты өшіп, ӘЛИХАН ауданына айналды!
9 ай бұрын айтқан сөзіміз де заңды күшіне енді!
ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!!!
АЛЛА АЛАШҚА ЖАР БОЛСЫН!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні