ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Қазақты миллиондап қырған Голошекиннің немересі қазақты миллиардтап тонап отыр
2021 ж. 01 маусым
16381
0
Әлем жұртшылығы 1932 жылғы ашаршылықты қазақ ұлтына қасақана жасалған геноцид деп мойындамай (өзіміз мойындатпай), қазақты теспей сорып отырған Машкевичті үш миллион алаштың түбіне жеткен Голощекиннің немересі деп танып, еліміздің жер асты, жер үсті байлығын аяусыз тонаудан аластатпай бәрі бекер, қазағым.
Егер біз Қазақстанды отыз жыл бойы жыртқыштықпен тонаған Машкевичті сотқа тартып, атасы Голощекин қазақтың дәулеттілерін қалай кәмпескелесе, сол байлардың аман қалған тұқымдары Машкевичті тура солай кәмпескелеп кек алмай, жыл сайын қуғын-сүргін құрбандарын құр осылай еске алумен өміріміз өксімек
Мұндай қандықол қарақшы жендеттің жиенін жетпіс жылдан соң, қайта төрге шығарып мемлекет байлығын есепсіз тонатып қою – ешбір елдің тарихында болмаған шетін жағдай.
Осының өзі – қазақтың әлі ұлттық санаға көтеріле алмағанын, көтерілсе де кейінгі отыз жылда қайта кері кеткен, рулық-тайпалық санада қалып қойған қор ұлт екенін әйгілейді.
“Қас жаманның белгісі әкесін өлтіргенмен дос болар” дейді қазақ. Осы бір ауыз сөзге қазақтың соңғы бір ғасыр бойы тартқан азабы мен мазағы қатар сыйып кетіп тұрған жоқ па?!
Құй мойындайық, құй мойындамайық, біз – намысы өлген ұлтпыз. Әйтпесе, қандықол жендеттің туған жиенін отыз жыл бой төбемізге тайраңдатып қоймас едік қой?!
Дереккөз: “Адырна”порталы