6749...он екіден бірі шығар...

  «Шығар» деп отырған себебім: сонау «халық жауларын» әшкерелеу жылдары неше мың адамның атылғаны, неше мың адамның 10 жылға сотталып кеткені және соңғыларының қаншасының отбасына орала алғаны, қаншасының сүйегі жат жерде қалғаны әлі толық анықталған жоқ. Әйтеуір, тексерген комиссия атаулының цифрлары бір-біріне жақын, яғни шындыққа жетеқабыл сияқты. Бүгінгі Ресей Федерациясының құзырлы орындары кешегі КСРО кезіндегі (1954-жылғы) мағлұматтарға қосымша зерттеу-тексерумен былтыр мынадай дерек берді: КСРО-да 1921-1953 жылдар аралығында қылмыстық жазаға тартылғандар – 3. 777. 380 адам, одан атылғаны – 642. 980. Бұлар – кілең «халық жаулары» емес, кісі өлтіргендер, кеңес құрылысына қаскүнемдік жасағандар, ұрылар дегендей, қылмыстың сан түрімен сотталғандар. Ал мұның ішінде қылмыстық заңның «халық жауы» бабымен ұсталғандар 1.344.923 адам, атылғаны - 681.692. Осындай ресми анықтауды керек етпей: - Сотталғандардың бәрі «халық жауы» лақабымен сталиндік террордың құрбаны болды, - деп жазып, ойына келген цифрды айта салатындар болды және, өкінішке қарай, әлі де бар. Мысалы: Д. Волкогонов пен Р. Медведев – 5 миллион, Н. Хрущев (СОКП ХХ-съезінде) – 10 миллион, А. Антонов-Овсеенко – 16 миллион, Ю. Феофанов – 16-20 миллион десе, А. Солженицын 110 миллион, деп лаққанның көкесін көрсетіп, 1938-жылы халқы 180 миллион КСРО-ны картадан өшіріп тастай жаздады. «Қазақ үні» газетінің 26-ақпандағы санында жарияланған, «Қазақстандағы 6. 749 адамды Мирзоян жазықсыз ажал құштырды» деген сұхбатта: «1929 жылдан 1953 жылға дейін тұтас Кеңес Одағының 40 миллионнан астам адамы сұрқия саясаттың құрбаны болғаны мәлім» делініпті. Осы цифрдың Қазақстанды кезіп жүргеніне 5-6 жыл болды. Бұл жалған есепті кімнің қайдан алғаны белгісіз. Осындай беталды есепке жүйріктер: - Қазақстанда «халық жауы» делініп сотталғандар жарты миллионға жуық, оның төрттен бірі атып тасталған, - дегенді шығарып жүр. Ал бүгінгі таңдағы ресми дерек: Қазақстанда 1920-1953 жылдары сотталған адамдар - 110 мың, оның атылғаны - 25 мың дейді. Олардың нақты қаншасы қылмыстық заңның «халық жауы» бабымен сотталғаны белгісіз. Осы 33 жылдағы «әшкерелеудің» ең қызғаны 1937-1938 жылдар болса, менің жобалауымша, бізде бұл екі жылда құрбан болғандардың саны 85-90 мыңның төңірегі. Ендеше, мақала тақырыбындағы цифр – 6749 мұның шамамен он екіден бірі болады. Бұл цифрдың төркіні мынада: ресейлік белгілі тарихшы ғалым, журналшы Ю. Жуковтың «Иной Сталин» атты деректі жазбалар кітабының «Лимиты», запрошенные руководителями региональных парторганизаций и утвержденные ПБ» (Политическое бюро, - Г. К.) деген бөлімінде Қазақстаннан Л. Мирзоян 6749 «халық жауын» (аталған сұхбат тақырыбындағы цифр осы) жою қажеттігін 1937-жылғы 11-шілдедегі хатында мәлімдеген. Оның атылуға тиісі - 2346, жер аударылуға тиісі – 4403 болған. Лимит сұрағандардың арасында Н. Хрущев 1-орында: 41.305 адам, ал Мирзоян 6-орында. Әйгілі Ежов Мирзоянның «лимитін»: атылатын - 2900, жер аударылатын - 5000, жиыны – 7900 кісі етіп, яғни 1151 адам қосып бекітіп берген. Жазушы-тарихшы Табыл Құлиясов (Астана қаласы) Мәскеуге Қазақстанның 1937-жылғы 3-желтоқсанда сұралған «лимитіне» 1600 адам қосып қайтарылғанын жазды. Оның да Мирзоян мен Ежов арасындағы «сауда» болғаны даусыз. Яғни 6749 адамға 1151 қосылғанда, мына 1600-ді қосу үшін желтоқсандағы «лимитте» нендей сан көрсетілген болуы мүмкін? Меніңше, кемінде 8-10 мың. Қазақстанды билеген бес жылында Мирзоянның Кремльге неше хат жазып, «халық жауының» нешеуін «әшкерелегенін» кім біледі? Демек, мөлшерленген 85-90 мыңның бәрі де Мирзоянның тізімімен опат болды. Иә, мирзояндардың тізімімен! Бізге Кремльден тізім келген жоқ! Сол сұмдық жылдары облыстық, республикалық гәзеттердің редакцияларында қызмет істеген қарт журналшы Мадат Аққозиннің «Вернуть из забвения» атты кітабынан мына бір жолдарды оқыдым: «Мирзоян после такого предшественника (Голощекинді айтады, - Ғ. Қ.) явился как спаситель народа. Появилась работа. Отменили карточки на хлеб, его продавали в магазинах за деньги. Начал налаживаться быт людей. Но, на смену массовому голоду пришел массовый арест с расстрелами». Мирзоянның «халықтың қамқоршысы» болуына Кремльдің жөн сілтегені, көмек көрсеткені сөзсіз. Өйтпесе, «қужақ»-Голощекин қуартып кеткен жерден ол не таба алар еді? КСРО үкіметі басқа республикалардан мал, астық, тауар алуына мүмкіндік, қаржы берді. Ол туралы деректер мұрағатжайларда бар. Міне, осындай дұрыс өзгеріс басталған кезде Мирзоянды «Мырзажан» деп атайтындар табылды. Ол атты оның қолымен қара тізімге ілігіп, жазықсыз мерт болған ондаған мың «халық жауының» отбасы, олардың жүздеген мың туған-туысқандары, дос-жолдастары, яғни халық қойған жоқ, қашан да тақтың табалдырығын иіскелеп жүретін тексіздер қойды! Бізде соны білгілері келмей, алаяқ Хрущевтің қаңырап қалған қорасын тастап кете алмай жүрген тарихшысымақтар да, айтқыш-жазғыш сымақтар да бар. Олар, мысалы, СОКП ХХ-съезінде Сталин туралы 61 өтірік айтқан Хрущевтің (Гровер Ферр, «Антисталинская подлость»): - Мен Сталинге Қазақстандағы адам төзгісіз ашаршылықтан бүкіл қазақ халқы қырылып қалуға жақындады дегенімде, ол: «Сол сары пәлекеттерден тек сондай жолмен ғана құтылуға болады» деді, - деп есуастықпен сандалғанын ессіздікпен малданып жүр. Олар «халық жауларын әшкерелеу» науқаны жылдарында көкелері Хрущевтің Мәскеу мен Киевте жиыны 160 мыңдай зиялының түбіне жеткенін біле тұра айтпайды. Сондай-ақ, ол «білгіштер» оқи тұра, мынаны да айтпайды: «13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания: «Во время сьезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме сьезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после сьезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой нацио­нал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни». Спустя два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян...». Бұл үзінді де Ю. Жуковтың кітабынан алынды. Осы тұстағы бір сұрақ: Ал­ма­тыдағы Мирзоян: «мұнда рыс­құловшылдар мен нұрмақов­шылдар революцияға қарсы ұйым құрды», «Құлымбетов қолына қару алып, жау жағына шықты, ұлтшыл-фашистік ұйымның белсенді мүшелерінің бірі» деп дабыл қағып жатса, оған Кремль, саяси бюро неге сенбесін? Ал И. Сталин 1937-жылы 5-наурызда БК(б)П Орталық комитетінің пленумында Мирзоянның жалпы жұмыс тәсіліне былай деп қатты сын айтыпты: «...Взять, например, товарищей Мирзояна и Вайнова. Первый из них является секретарем краевой партийной организации Казахстана... перетащил с собой в Казахстан из Азербайджана и Урала, где он раньше работал, 30-40 человек «своих» людей и расставил их на ответственные посты в Казахстане. Есть, стало быть, своя артель у товарища Мирзояна. Разве нельзя было подобрать работников из местных людей?.. Конечно, можно было... Я его несколько раз предупреждал: не таскай за собой своих приятелей ни из Азербайджана, ни с Урала, а выдвигай людей в Казахстане, не отгораживайся от местных людей в Казахстане, потому что, - что значит таскать с собой целую группу приятелей, дружков из Азербайджана, которые коренным образом не связаны с Казахстаном? Что значит таскать с собой целую группу приятелей с Урала, которые тоже не связаны с Казахстаном? Это значит, что вы получили некоторую независимость от местных организации, и, если хотите, некоторую независимость от ЦК. «У него своя группа, у меня своя группа, они мне преданы». Это значит недоверие местным кадрам...». Мирзоянның «артелі» 30-40 кісі емес, одан әлдеқайда көп болған. Облыс пен қала, аудандардағы партия, совет атқару комитеттерінің, прокуратура, сот, милиция, қауіпсіздік органдарының басшылары оның ертіп келген дос-жолдастары болған. Әзірбайжан мен Уралдан шыққан солардың бірсыпырасын Сталин сол сөзінде лауазымдарын көрсете атап айтыпты. Мысалы (фамилияларын ғана келтірейін): Бадабашьян, Саакасян, Саркисьян, Поузбекян, Айрапетян, Ширазян, Асриян, Саумов, Саркисов, Юсупов, Пинхасик, Свердлов, Киселев, Степанов, Кулиев, Камакидзе, Рзаев, Баранов және басқалар. Қазақстанның «халық жауларын» тізімдеген солар! Қолын қойып, мөрін басып бекітіп отырған – Л. Мирзоян. «Балтыры сыздамастың жанында басың ауырмасын» келімсектер бізді қашан жарылқап еді?! Бізде Л. Мирзоянның («Мырзажанның»!) шіріп кеткен сүйегіне табыну тиылар емес. Алматы мен Астанада, басқа да қалаларда оның аты қойылған көше, мектеп бар. Мирзоянның зұлымдығына құжат негізінде көзім жетісімен сол білгенімді жұртшылыққа айтайын деген ниетпен алғаш 2008-жылы «Алматыда «Мирзоян» көшесі» бар» деп бастап, одан бүгінге дейін қазақ, орыс тілдерінде бірнеше мақала жаздым. Соларды оқып: «Ақиқат айтылды-ау!», «Мырзажанның» кім болғанын жаңа білдік» деп маған телефон шалғандар аз болған жоқ. Оған кереғар жайт: республика парламентіне, Алматы, Астана қалаларының әкімдігіне, Алматы қалалық мәслихатына Мирзоянның кім болғанын халыққа ашып айту жөнінде жолдаған хаттарым жауап­сыз қалды. «Қазақ халқына көп жақсылық жасағаны үшін Астана қаласында Л. Мирзоянға ескерткіш орнатылатын болды» деген хабар алған соң президентіміз Н. Ә. Назарбаев мырзаға да жоғарыда келтірілген деректерді қоса қарсылық хат жолдадым (27. 11. 2011 ж. ). Қайталап айтайын: Қазақ­стан­ды билеп-төстеген бес жылында Мирзоян Кремльге «лимит» сұрай неше хат жазды, оларда көрсетілген «халық жауларының» жиын саны қанша екен? Бұл сұраққа жауап жоқ. «Мырзажан» сырқатына шалдыққандар жол бермей тұрғанда бола да қоймас. Біз, қазақтар, бір әділеттілікті қолдасақ, оған қоса екі әділетсіздікті де қолдай салатын немкеттішілміз ғой. Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ