"Алаштың ХХІ ғасырдағы жарқын жолы" жалпыұлттық байқауының екінші туры өтеді
2021 ж. 29 қаңтар
2551
0
30 қаңтарда 2020 жылғы "Алаштың ХХІ ғасырдағы жарқын жолы" жалпыұлттық байқауының екінші туры өтеді. Шара онлайн форматта өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басында "Ақ жол" партиясы жариялаған байқаудың қорытындысын шығару мерзімі сайлау науқанына байланысты кейінге шегерілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде ұғыну және насихаттау.
Байқау келесі үш номинация бойынша өткізіледі:
1. Қазақ республикасының 100 жылдығына: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АССР-не дейінгі эволюциясы
2. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: Ұлы ақын шығармашылығын насихаттаудағы Алаш қайраткерлерінің рөлі
3. Алаш қозғалысы тарихындағы "ақ дақтар".
Әр номинация бойынша тақырыптық бағыттар бар.
1-ші кезеңде сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды іріктеп алды. Жалпы саны 29 үздік жұмыс екінші кезеңге жіберілді.
2-ші кезеңде авторлар баяндама жасайды. Әр номинациядан 3 үздік жұмыс (барлығы – 9) финалдық кезеңге өтеді.
Іс-шараның басталуы сағат 11.00-де.