Назар аударыңыздар!!!
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауын өткізетінін хабарлайды. Шараның басты мақсаты «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын зерделеу және оны қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына тарату болып табылады.
Байқауға қатысуға өз елінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын, ұлты және саяси партияларға мүшелігіне қарамастан студенттер, жас ғалымдар және журналистер шақырылады.
Пікірсайыс екі кезеңнен, төрт номинация бойынша шығармашылық байқау пішімінде өткізіледі.
Номинациялар:
- «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
- «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
- «Алаш» көшбасшылары жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында ағымдағы жылда жарияланған жоғарыда аталған кез-келген тақырыптар бойынша үздік публицистикалық материал.
Кезеңдер:
1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы бір айдың ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 айдың ішінде өткізіледі.
Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша баяндамалар жасайды, одан кейін бәсекелестерінің сұрақтарына жауап береді және сондай-ақ олардың баяндамаларын талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 2 үміткерден финалдық сатыға қатысу үшін іріктеліп алынады.
3 кезең: Алаш Орданың (Алаш үкіметінің) құрылғанына 96 жылдығы қарсаңында «
ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі.
2-ші кезеңнің жеңімпаздары барлық номинациялар бойынша баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлері анықталады.
Конференция материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін
келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) –
25 мың теңгеден;
- 2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) –
100 мың теңгеден;
- әр номинация бойынша Жалпыұлттық байқаудың жеңімпаздары үшін –
250 мың теңге.
2-ші және 3-ші кезеңдегі бетпе-бет пікірсайыстарға қатысуға шақырылғандар үшін іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді.
1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««
ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе
alash_akzhol@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.
www.qazaquni.kz