"Алаштың сара соқпағына «Ақ жол» партиясы түсті»

 Құлтас ДОСТАН,«Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы:

Алаштың сара соқпағына  «Ақ жол» партиясы түсті»

Алаш­­тың ардақты аламан-ұл­дары кейінгі ұрпағын жері мен елі үшін қайтпас күреске, ұлты мен жұрты үшін таймас тартысқа тәрбиелеп-тәлімдеген. Осынау орасан кү­ресті, маңызды майдан­ды – Алаш­тың асқар асулардан асатын ақ жолы деп түсінген. Алаштың жолы – тым бұра­лаң-бұрылысты болса, «Ақ жол» партиясының да соқпағы тақтай­дай тегіс, оқтаудай түзу болған жоқ. Тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей келе жатқан «Ақ жол­дың» енді ғана арнасы ашылып, даңғылы тазарған сияқты… Қай-қай байыпты басшыға да ақыл мен алғырлық ауадай қажет. Саяси күрестің кескілескен кү­рес­терінен сүрінбей өткен атпал азамат Азат Перуашевтың келуі­мен, шындығында, «Ақ жол» пар­тиясының тынысы кеңейіп, қа­наты ашылды. Ең алдымен, Қа­зақстандағы №2 партияға айнал­ған «Ақ жол» Парламент Мәжілі­сінің 8 депутаттық орны­на қол жеткізді. Сөз жоқ, бұл – жалпы партия басшылығы мен мүшеле­рінің жеңісі десек те, ең бі­рінші, Азат Тұрлыбекұлының ерен ең­бегінің, биік беделінің, асқақ абыройының жемісі. Бір даныш­панның: «Мықтыны мо­йын­дай білу де – мықтылық!» де­гені бар. «Жақсының жақсылы­ғын айт – нұры тасысын!» де­ген­дей, ақи­қаты: Азекең «Ақ жол» партиясы­ның жұмысына жаңа бағыт, тың түрен салды. Қазір «Ақ жол» партиясының мүшелері күн санап артып келеді. Біздің Алматы қаласының қар­сы қалың зиялы қауымы біздің пар­тиямыздың бағыт-бағдарларын ұстана бастады. Міне, бүгін ішінде өзім де бар, 15 адам "Ақ жол" партиясына өтудеміз. Өйткені, "Ақ жолдың" жолы - біздің жолымыз ақ, ниетіміз түзу, жұмы­сымыз айқын, бұл – Алаштың мәңгілік мұраты мен мүддесі. «Қа­зақ хандығы – мемлекетшіл­діктің алтын көпірі» десек, ал, Алаш­тың идеясы – қазақ руха­ния­тындағы ең биік, ең берік идеялардың бірегейі. Алашорда, Алаш үкіметі, Ұлттық кеңес сын­ды ұғымдар қазақтың мемлекет­шілдігіне асыл арқау болды. Алаштың парасаты мен өл­шемін белгілеген «Алаштың айнасының» көрнекті қайрат­керлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды сындарлы да саңлақ тұлғалар – бүгінгі жаңа тұрпаттағы, тың ты­ныстағы «Ақ жол» партиясының ұлағатты ұстанымы, таймас тұ­ғыры болып табылады. Жақында ғана Елбасымыз Қа­зақстан халқына арнаған «Қазақ­стан–2050»: Стратегиясы қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қа­зақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді дамыту. Біз ұр­пақ­тарымызға тілді мұраға қал­дыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадір­лейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәр­тебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атай­тын боламыз », – деді. Алаш арыстарының басты арманы – қазақтың бостандығы мен тәуелсіздігі еді. Құдай қол­дап, бодандық қамытын шештік, бірақ, елдің шынайы еркіндігі мен жұртымыздың бақытын еш­кім алтын табаққа салып әкеліп бермейді екен… Алашорда – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұр. Алаш идеясы, Алаш мұраты деге­німіз – қазақтың құқығын қорғау мен қолдау. Алаш зиялыларының пейіл-ниеті, ақыл-ойы, парасат-пайымы бізді ата-баба болмы­сынан тамыр үзбеуге, салт-дәс­түрінен күш-қуат алуға, жаңа­шыл, озық, көпшіл, бейбіт­шіл болуға үндейді. Мұны «Алаш­­тың айнасы» деп атаймыз. Кешегі кемеңгер алаш азамат­тарының сара соқпағына Азат Тұрлыбекұлы бастаған тың тұр­паттағы, жайсаң бағыттағы «Ақ жол» партиясы түсті.