«Ақ жол»: «АЛАШТЫҢ» АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТУ ҚАЖЕТ

0
894

       Биылғы жыл – Алаш қозғалысының 95 жылдығы. 1917 жылдың 5-13 желтоқ­санында Орынбор қаласында өткен екін­ші жалпы қазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқ­саны – қазақтың алғашқы заманауи үкі­метінің – Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, 
ХХ ға­сырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азат­тық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қа­зақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта то­лыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті. Бұл туралы жақында Астанада Қа­зақстанның «Ақ жол» демократиялық пар­тиясы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия­лық ұлттық университеті бірлесіп өткізген «ХХІ ғасырда Қазақстан қоғамын жаң­ғыртудағы «Алаш» қозғалысы идея­лары­ның өзектілігі» атты ұлттық ғылыми-прак­тикалық конференцияда егжей-тегжейлі әңгіме болды. Конференцияның жұмы­сына жетекші алаштанушылар, белгілі ғалымдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қай­раткерлері, сарапшылар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, жоғары оқу орын­дарының студенттері, БАҚ өкіл­дері, алашордалықтардың ұрпақтары қатысты.
«Алаш Орда» көшбасшыларының заң­дық тұрғыда ақталғанына қарамастан, әлі күнге дейін «Алаш» қозғалысына толық баға бермей жүрміз», – деді конференция­ны кіріспе сөз сөйлеп ашқан «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Партияның Парламент­тегі фракциясының жетекшісі Азат Пе­руашев, – «Біз Алаш идеяларының әле­уетін әлі толық аша алғанымыз жоқ. Конференцияның мақсаты – Алаш қозғалы­сының, Алаштың көшбасшыларының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құ­қық­тық, ұлттық-мәдени салаларға қатысты көзқарастарына берілген бағалар мен пайымдауларды, ғылыми тұжырымдарды жаңа заманның талаптарына, сұра­ныс­тарына сай зерделеуге тырысу. Алаштың аманатына адалдық танытып, Алаш идея­ларының іске асырылуының тәуелсізді­гімізді нығайта түсуге қызмет ететіне қо­ғамдық пікір туғызу. Яғни, бұл біз үшін теориялық ғана емес, бұл ең алдымен, қоғамымыздың жаңғыруына, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық мәселе».
Конференция үш сессиялық бағытта жұмыс істеді. Оның біріншісі: «Алаш» көшбасшыларының мемлекеттілікке, ұлттық құндылықтарға көзқарастары» бойынша баяндамалар жиынтығын құ­ра­ды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент–мүшесі Дихан Қам­забекұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қо­ғамының Президенті, ҚР ҰҒА-ның ака­демигі Өмірзақ Айтбаев, ЕҰУ «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қа­былдинов, саясаттану ғылымдарының док­торы Әбдіжәлел Бәкір өздерінің баян­дамаларында Алаш идеясының өзегі ұлт­тық мемлекеттік дербестік болғанын, бүгінгі Қазақстан Республикасы – Алаш­тың бұл арманының іске асуының көрінісі екенін, Алаш көшбасшыларының қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол заман­дағы нақты жағдайларға бейімдеуді өз­дерінің анық та айқын мақсаты тұтқанын тілге тиек етті.
Екінші, «Алашордалықтардың» эко­номикалық тұжырымдамалары туралы» өтетін сессияның да жүктемесі жауапты бол­ды. «Алаш» партиясының бағдарла­масы, біріншіден, қазақ елін өзінің бө­лінбейтін территориясы бар, отарлық тә­уелділіктен азат елге айналдыруды, екін­шіден, қазақ халқының өмірін жаңа сапаға көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пәрменді реформалық шараларды іске асырғылары келді. Кез келген мемлекеттің тұрақты және тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету­дің маңызы зор екенін Алаш қайраткер­лері жете түсінді. Оны ұлттық басым­ды­лықтардың бірі ретінде қарастырды. Алашордалықтардың көбісі ұлттық бур­жуазияның өкілдері болғандықтан да жер мәселесін, кәсіпкерлік, жеке меншік мә­селелерін ел экономикасынан бөліп қара­маған, оны экономикалық өсудің негізі деп санаған. Осы тақырыпта баяндамалар жасаушылар Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің депутаты Екате­рина Никитинская, экономика ғылым­дарының докторы Мырзагелді Кемел,
Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, фило­ло­гия ғылымдарының докторы Шәріп Аман­тай, ЕҰУ университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ Алашордалықтардың экономикалық тұжырымдамасына жаңа қырынан келе алды. «Алаш» қайраткерлерін саясаткер ретінде ғана емес, олардың әрқайсысының білікті мамандар болғанын нақты дерек­термен көрсетті.
«Алаш» көшбасшыларының әлеуметтік жаңғыртуға көзқарастары» үшінші сессия аясындағы баяндамаларда мұқият тал­дан­ды. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Назарбаев еліміздегі әлеуметтік, сондай-ақ глобальды экономикалық және саяси үдерістер үшін тұжырымдамалық маңызы аса зор Әлеуметтік жаңғырту бағ­дарламасын ұсынып, ол халқымыздың қол­дауына ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің Пленумы бұл мәселені арнайы қарап, Мемлекет басшысы ұсынған бағдарла­маны еліміздің бұдан әрі дамуының стра­тегиялық бағыты ретінде толық қолдай­тынын, оны іске асыру үшін белсенді түрде атсалысатынын мәлімдеген болатын. Шын мәнінде, бұл бағдарлама мемлекеті­міздің дамуына жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін жаңа құндылықтар жүйесін қа­лыптастырып отыр. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат еткен «Алаштың» асыл мұраттары біздің еліміздің қазіргі жедел жаңғыру, модер­низация бағытымызбен үндес келеді. Мұны, «Ақ жол» партиясының белсенді өкілдері: Мәжіліс депутаты Азамат Әбіл­даевтің, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасарлары Анарбек Орманның, Людмилла Жуланованың, Қазбек Исаның, Партияның Ақылдастар алқасының төр­ағасы Аманкелді Айталының, Ақылдастар алқасының мүшесі, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының, Партияның жастар қа­натының жетекшілерінің бірі, сая­сатта­нушы Мақсат Жақаудың, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Омар Жәлелдің, Семей қаласынан арнайы кел­ген алаштанушы ғалым Ерлан Сайлау­байдың баяндамалары мен сөздеріндегі дәйектер дәлелдей түсті.
Конференцияға қатысушылар Алаш идеясын біржолата ысырып тастауды көз­деген кеңестік жүйеде өмір сүрген кез­дегі ойлау жүйесінен, сол кездегі пси­холо­гия­лық пиғылдан тұтастай ары­луға, ұлттық сананы биікке көтеруге күш жұмсаудың қажеттілігін айтты. Осы кезге дейін Алаш дегенде басқа ұлттың өкілдері осы қоз­ғалысты ұлтшылдық бағытта деп қана ой­лап, оған күдікпен қараушылар бар. Кон­ференцияда осы күдіктер жоққа шы­ға­рылды. Орыс тілінде де бірнеше баянда­малар жасауға мүмкіндіктер берілді. Алаш идеясын әрбір қазақстандық үшін елді ажы­рататын емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек. Конференцияға қатысушылардың көптеген қадау-қадау пікір-ұсыныстары «Ақ жол» партиясы Парламенттік фракциясының осы мәселе бойынша жария етілген Үкімет басшысына жіберілген депутаттық сауалымен үндесіп жатты. Сонымен қоса тың ұсыныстар да айтылмай қалған жоқ. Жинақтай келгенде олар мынаған саяды: Тұңғыш Ұлт ке­ңесі – Алашорда үкіметі құрылған тарихи күн: 1917 жылдың 13 желтоқсаны құрметі­не жыл сайынғы 13 желтоқсанды ресми түрде «Алашорда» күні деп атау; Жыл сайын қараша мен желтоқсан айларында оқу орындарында, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімшелерде, мұрағаттар мен кітапханаларда «Алаш тағылымдары» та­қырыбына Алаш оқуларын: бұқаралық лекциялар, сабақтар, дәрістер, конферен­циялар, жиналыстар, көрмелер т.б. шара­лар өткізу; Астанада Алаш қайрат­керлері­нің ескерткіштері орнатылған «Алашорда» аллеясын ашу. Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін Алматыда, барлық облыс орта­лықтарында орнату; Алаш қозғалы­сына тікелей қатысы бар Ресейдің Петер­бор, Омбы, Орынбор, Өзбекстанның Таш­кент, Қоқан қалаларында, еліміздегі Се­мей, Торғай, Жымпиты т.б. қала-кент­терін­де Алаш қайраткерлерінің тарихи іс­теріне байланысты белгі, ескерткіш тақта­лар орнату, мұражайлар ашу жұмысын ұйымдастыру; Тілдік бағыттарына қа­рамай мектептерде Алаш ұғымын, Алаш идеясын, Алаш қозғалысын және Алаш қайраткерлерінің өмір жолын отаншыл­дық аясында кеңінен ұғындыру. «Қазақ­стан тарихы» оқулығына жеткілікті көлем беру. Жоғары оқу орындарында Алаш идеяларын оқытудың тиімді жүйесін құру; Алаш мұрасы мен тарихы, Алаш қайрат­керлері туралы ғылыми-зерттеу моногра­фияларын, әдебиет пен өнер шығарма­ларын, деректі және көркем фильмдер және теледидар туындыларын мемлекеттік тапсырыспен шығару; Алаш қозғалысы­ның тарихын терең және жан-жақты зерт­теу үшін Қазақстанның ғана емес, Ресей, Түркияның, Қытайдың, Францияның, Германияның, Өзбекстан, Қырғыз, Түркмен және басқа мемлекеттердің мұра­ғаттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттар бөлу мәселесін қа­рас­тыру; Тарихи әділеттілік пен ақиқатқа қамтамасыз ету үшін Алашордалықтардың сот процесінің материалдарын қолжетімді ету шараларын жүзеге асыру; Қазақ елінде отарсыздану саясатын жүргізу. Әрине, бұл ұсыныстардың қай-қайсысы болсын ма­ңызды. Мәселеге терең, кешенді келуді та­лап етеді. Сондықтан да «Алаш» қозға­лысының 100 жылдығының (2017ж) да­йын­дығына қазірден тиянақты да жүйелі кірісу үшін Қазақстан Республикасы Үкі­меті арнайы кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдағаны жөн болар еді.
«Ақ жол» партиясы өз тарапынан бас­пасөз беттеріне шыққан Алаш тақыры­бын­дағы ғылыми еңбектерге, тарихи, жур­­налистік зерттеулерге студенттер, жас ғалымдар және журналистер арасында бәйге жариялап, оның қорытындысын жыл сайын шығарып тұруды жоспарлау­да. Оның бас бәйгесіне миллион теңге қойылатын болды. Бұл туралы конфе­рен­цияда Азат Перуашев өзінің қорытынды сөзінде мәлім етті. Орыс тілді аудитория­ларды Алаштың бай мұрасына тарту, үрей мен күдіктен арылту мақсатында орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан жұмыстар үшін байқаудың жеке номинациясы белгіленетін болды. Байқау жеңімпаздары атанғандар осы жұмыста­рын негізге ала отырып, келешекте өткі­зілетін конференцияларда баяндамалар жасайтын болады. Сондай-ақ «Ақ жол» Пар­тияның Ақылдастар алқасының мү­шесі, елімізге танымал ақын Ханбибі Есен­­қарақызының тікелей бастамасымен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Сұлтанбек Қожановтың басқаруымен 1920-1926 жылдарында Ташкент қала­сын­да шығып тұрған, Алаш ардақтыларының мінбері болған «Ақ жол» газетінің санда­рындағы төтенше араб тілінде жарияланған материалдарды қазіргі қазақ әрпіне кө­ші­ріп, жазылған 2 томдық зерттеу кітаптарын жарыққа шығармақшы болып отыр. «Бұл ортақ іске қосылған азғантай болса да үле­сіміз болмақ»,– деді Азат Перуашев,– «Қазақстан Тәуелсіздігінің бастауында тұрған Алаш арыстарына қандай құрмет көрсетсек те артық емес».
Конференцияны ұйымдас­тырушы­лар мен оның жұмысына қатысу­шылар «Алаш» қозғалысының 100 жылды­ғын елі­міз­дің өміріндегі аса маңызды та­рихи за­маналық маңызы бар оқиға ретінде баға­лап, оның дайындығына Үкіметті, Пар­ламентті, басқа да мемлекеттік орган­дар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірі­суге шақырды.

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз