Ғаббас Қабышұлы: ТӨРТ АУЫЗ СӨЗ

   Соңғы жылдары бізде  «әсіресауатты» тарихшылар пайда бола бастады. Жасы мен жасамысы аралас. Қазақ тарихына қалам тартса-ақ: «1917-жылғы Қазан төңкерісі қазақтың соры болды... Кеңес өкіметі 1932-33 жылдары  аштық жасап, 1937-38 жылдары саяси қуғын-сүргін ұйымдастырып, 1941-45 жылдары соғысқа күштеп қатыстырып, қазақты қырғынға ұшыратты...» деп сайрай жөнеледі. Патшалық Ресейдің қазақты қор қыларын бажайлаған баба жырауларымыз «Керзаман келді!» деп дабылды жыр төксе, олардың бүгінгі кейбір «бәрінбілгіш» ұрпақтары Кеңес дәуірін «шерзамандатып» әлек. Екі заманның арасы жер мен көктей екенін тым болмаса бір уақ ескерсейші!..  Осы «құбылысқа» орай өзімдік мына бірер ойымды айтуды ұйғардым:                        1.Қазан  революциясы  қазаққа қасірет  болды ма? Ресей Алтын Орданың шегінен заман ағымымен шығып, өз алдына патшалық ел болғаннан кейінде «еуропаға терезе тескен» 1-Петр патша  Дін басы мен Жандармерия бастығын шақырып алып, үшеуі шет елдердей бай болу үшін Ресей тұрған құрлықты түгелдей орыстандыруға шешім жасапты. «Бұратана» халықтарды әуелі дін жолымен алдап-сулап жіпсітіп, христиан дініне енгізу, аты-жөндерін орысшалау, егер оған көнбесе, қару күшімен мәжбүрлеу керек десіпті. Сөйтіп, олар «кембағалдардың» жерлерін тегін иеленіп, асты-үстінің байлығына кенелудің оңай жолы - «тоқаш пен тоқпақ»  саясатын жүргізу дескен. Мен оны сонау жылдары, қызмет бабымен аралас-құралас болып жүрген кезімде, мәскеулік жазушы-тарихшылардың бірнешеуінен естідім. Үшеудің «тарихи» құжаты Кеңес Одағының мемлекеттік орталық мұрағатында сақтаулы екен де, «№1 үстелдегі» онымен танысқысы келетіндер СОКП Орталық Комитетінен рұхсат алуға тиіс екен, ал рұхсат сұрағанға беріле салмаған және құжаттан көшірме алуға тиым болған.     «Азиаттар білім-ғылымға қабілетті емес, олар қара жұмысқа ғана жарайды», деп бетпақтанған 1-Петрдің бұтарлау саясаты құрлықтың Солтүстігін, Қиыр шығысын жұтып алып, Қазақстанға ойысып, көк түріктің  көне мекені – қазақ Алтайының жартысын жалмаған кезде Октябрь революциясы болып, Ресейдің отарлаушыға айналған патшалық жүйесі жойылды да, Алтайдың екінші жартысындағы (бүгінгі Кенді Алтай. Шығыс Қазақстан облысы) қазақтар шоқындырудан аман қалды. Бірақ, Ресей дала билігімен бұрынғы шарттасуы бойынша қазақ жерін тіміскілеп, «ғылыми экспедицияларын» шығарып, «оларды қорғайтын әскери бекініс» дегендерін сала бастап, қарашекпенділерін қаптатып үлгірген. Сол сұрқиялықтың зардаптарын зерттеген қарт журналшы-жазушы Сапабек Әсіпұлы  деректі үш кітап жазды («Қазақ қасіреті», «Қатерлі дерт, қалжыраған халық», «Қауқарсыз қазақ мәселесі»), өкінішке қарай, тарихшылар қауымымыз «ғылыми дәрежесі  жоқ» автордың ол еңбектерін зерделемеді. Енді Алтайдың орыстандырылған жартысындағы (Горный Алтай) бір қаламдасымның  халін баяндайын. Барнаулдық (қала аты түріктекті төлеуіт халқының «по-ронгы-ул» - «лайлы өзен» сөзінен шыққан) ақын Сергей Сергеевич Каташ 1973-жылы Алматыға келіп, Ғылым академиямызда докторлық диссертация қорғады.     Ол өздерінің педагогика институтында Алтай филологиясы кафедрасының меңгірушісі, профессор, «Алтай баатырлар» атты көптомдықты құрастырған тарихшы-ғалымдар тобының жетекшісі екен. Жазушылар одағында танысып, еркін әңгімелесіп жүрген күндеріміздің  бірінде ол: «Ай, Ғабба! Ата-әкелерің де, өздерің де бізше: Иванов, Сидоров, Козлов, Гусев, Воробьев... болып кете бармай, байырғы қазақ қалыптарыңда қалған сендер өте бақыттысыңдар! Владимир Ильич Ленинге күн сайын дұға бағыштасаңдар да көп емес. Арыда қазақ, беріде орыс болып кеткен бізді көрсеңші! Біз - ата-бабамыздың тілінен,  дінінен мақрұм өскен бейбақпыз!» деп күйінді (әрине, орыс тілінде сөйлеп). Жүрегім езіліп кете жаздады. Оның сол минөттегі әлемтапырық қазақы әлпеті әлі де көз алдымда, дірілдей құмыққан дауысы әлі де құлағымда!.. Жақұт (якут) жазушысы Николай Габышевтан да сондай налыс естігенім бар. Ол екеуіміздің фамилиямыз ұқсас екеніне таңдана жымиып отырып: «Осы «Кабышев» деген фамилияны саған дейін Белоруссияда, Украинада   естідім. Генерал болған Карбышев та ұқсастау, демек, православтықтардың арасында сонау заманда күштеп шоқындырылған бабаларымызда осындай кісі аты болғаны. Түрік тұқымды маған бұл аты-жөнді халқымызды қорқытып-үркітіп шоқындырған орыстар беріпті, саған кім берді, сендер шоқындырылған жоқсыңдар ғой?» деді. Мен: «Әкемнің аты Қабдырахман екен, әжесі «Қабыш» деп еркелетіп, кейін солай жазылып кетіпті» дедім... Және бір жәйіт. 1978-жылы КСРО жазушыларының «Дубулты» шығармашылық үйіне (Балтық теңізі жағасында) дем алуға бардым. Ықшам денелі, қараторы жігітағасымен үстеліміз бір екен, таныса отыру үшін сөз бастап: -Туысқан, қайдансыз?  Қырғызсыз ба, өзбексіз бе?- дедім. -Не понимаю, - деді ол, қысық қара көзі күлімдей жымиып. Сұрағымды орысшаладым. -Я - коряк.  Моя фамилия - Косыгин, а зовут - Владимир, - деді. -КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Алексей Николаевич Косыгин туысыңыз емес пе? - дедім, әзіл аңғарта. - Ол кісі кеше келіпті, осы жағадағы үкіметтік санаторийде. -Онымен туыс болсам, өстіп жүрем бе? - деді. Үнінен қыжыл аңғарылды. -«Өстіп жүрем беңіз» қалай?- дедім, көмескі қыжылын аршып көргім келгенін жасырмай. -Патшалық Ресейдің басқыншылық саясатынан хабарыңыз бар шығар, Ленин мен Сталиннің еңбектерінде айтылған ғой. Біздің коряк ата-бабамыз сол саясаттың құрбаны болыпты. Поптарын бетке ұстаған патшалық әскери жасақтар Қиыр Шығысты басып алып, бізді - коряктарды да христиан дініне алдап-арбап, ұрып-соғып кіргізген, ата-бабамыздың аты-жөнін жойып, орыстың аты-жөнін берген. Көнбегендерді көрге лақтырған. Менің ұлы атам Бола Коянто екен, ол - «Еркін тірлік» деген ұғым, «Коянтоны» олар «Косыгинге» айналдырыпты, балаларына  коряктің атын қоюға тиым салыпты. Содан бері біздің үрім-бұтақ – косыгиндер: Владимир, Василий, Иван, Ефрем, Кирилл… болып жүрміз. -Жазушысыз ба?-  дедім. -Ана тілі орыс тілі болып кеткен ақынмын, Мәскеуде екі жинағым шықты. КСРО Жазушылар одағының мүшесімін. Бірақ, міне, бес жыл болды, коряк аты-жөнімді қалпына келтіре алмай жүрмін, өтініш бермеген жерім жоқ, біріне бірі сілтеп шаршатты, - деді. Ол ақырын сөйлесе де, ашық ашынып сөйледі, сірә, менің де басқа ұлттан екенімді аңғарып, біздің арамызда бірімізді біріміз жатырқамас  себеп бар деп топшыласа керек. Маған: -Сіз қайдансыз? Ұлтыңыз қайсысы?- деді. -Мен Қазақстаннанмын, ұлтым – қазақ, - дедім, сөз бастамас бұрын өзімді таныстырмағаныма іштей өкініп. -Казакстан?! -Қазақстан – Совет Одағы құрамындағы одақтас он төрт республиканың бірі. -Космонавтар ұшып жүрген  жақ па? -Иә, космонавтар біздің Байқоңыр деген космодромнан ұшады. -«Казакпын» дедіңіз бе?  Орыстармен туыссыздар ғой? -Туыс емеспіз. Біз «қазақ» деген халықпыз. Казактарға қатысымыз жоқ, олар - христиандар, ал біз - мұсылманбыз, «қазақпыз», Қазақстан!-  дедім, «қ» әрпін қатаң айтып. -Қызық екен. Аты-жөніңіз кім? -Ғаббас Қабышұлы. Бізде орысша ат-жөн жоқ, - дедім, «Қабышев» дегендегі «ев»-ті  жасырып. -Патшаның арнаулы отрядтары сіздер жақта болмаған ба?! - деді ол, шын таңданып. -Болыпты, мысалы, біздің Шығыс өңірімізге Ермак Тимофеевич деген атаманның отряды зеңбіректерін сүйретіп келіп, қырғын жасап, жерімізді тартып алуға кірісіпті, бірақ біздің Сәтбек деген батырымыз ол жауыздың отрядын талқандап, өзін Ертіске батырып өлтіріпті. -Сіздер бақытты екенсіздер! - деді Косыгин, қысық қара көзі өткірлене. Үнінен  ризашылықтың нышаны байқалды. - Біз де аздап бақыттымыз, - деді ол сәлден соң. - Егер патшалық Ресейдің езгісінде енді он жылдай жүрсек, сауатымыз ашылмастан құрып кеткен болар едік, сөз жоқ, коряк ретінде құрып  бітетін едік, енді қазіргі күнімізге шүкіршілік етіп жүрміз... Егер 1917-жылы революция болмаса, қазақтар да патшалық Ресейдің «құшағында» кетіп, мөлшері 1920-25-жылдары жұтылып тынатын еді. Бұл – анау арғысы, ал мынау бергісі, қысқа қайырғанда, қазақ халқы сақталып,   оның перзенттері: Абай шет жұрттарға да танылып, ескерткіштері қойылар ма еді? Патшаға қарсы күрескен Исатай-Махамбет, Аманкелділер дәріптелер ме еді? Жыр алыбы Жамбыл «Дала Гомері» аталар ма еді? Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Күләш Байсейітова және басқа Тұлғаларымыз алыс-жақын елдерге мәшһүр болар ма еді? Әміре Қашаубаев Парижде қазақ әндерін шырқар ма еді? Публицист жазушымыз Әнуар Әлімжанов әлемнің алпыс шақты елінде   болып, Қазақстанын, қазағын насихаттар ма еді?.. Кеңес өкіметін көзді жұмып, құлақты бітеп алып күстәналай бергенше, бір уақ осыны неге ойламасқа?! Қазан революциясы («төңкеріс» - билік тобын өзгерту, «революция» - билік жүйесін өзгерту, яғни «Қазан революциясы» деу жөн сияқты) әлемге әкелген Кеңес дәуіріне тоқталсам, бүгінде қайсыбір: саясатшы, тарихшы, журналшы-жазушы қазекемдер оны да тілі жеткенінше жамандауда, онысын қостамағанды «Кеңесін аңсап жүр» деп мардымсып мұқатады. «Мен білем!» деген бұл ғадет саяси Алаш қозғалысымызды ұйымдастырған, басқарған арыстарымызда да болыпты, біразға дейін әр пұшпақты илепті. Ортақ мақсатта   ортақ тілді бола бермей, Қазақ Өлкелік партия комитетін басқара алатын «қазақ таба алмай», Кремльге «құда түсіпті». Сөйтіп: Пестковскийді, Акуловты, Голощекинді... келтіртіп «жарылқаныпты» (сол жолмен Мирзоян (1933 ж.), күні кеше (1986 ж.)Колбин де әкелінді). ...Халықаралық қағида бойынша, халықтық мемлекет білім беруі мен медицинасы тегін елде ғана болады. Кеңес мемлекеті солай болды:   мектептің 1-сыныбынан бастап, жоғары оқу орындарында білім беру тегін, тіпті студенттер жатақханасы да ақысыз болды ғой?! Диплом алған студенттер жер-жерден келіп жататын сұранысқа қарай мамандығы бойынша қызметке  жолдамамен барып, онда да тегін жатақханада тұратын, көп кешікпей тегін пәтер алатын. Иә, Кеңес дәуірінде «пәтер сатып алу» деген сөз де болған емес. Сондай-ақ, медициналық қызметтің де барша түрі ақысыз емес пе еді? Қазірде ше? Бәрі керісінше. Және бір салыстыру: Кеңес өкіметі тұсында «жұмыссыздық» деген суық сөз де болған жоқ. Бүгінде ше? Бүгінде жұмыссыздық қоғамның бір дерті болып тұр, - оған ем қонуы үшін ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, ғылым-білімді, мәдениетті, медицинаны кеңестік қалпына келтіру қажет. «Халықтық мемлекет» дегенге орай бір жәйтті айта отырайын:     Кеңестік қарсыбарлаушылар тобы 80-жылдардың басында АҚШ-тың «Гарвард жобасы» деген құпия материалдарын қолға түсірген. Оның КСРО мен Ресейге арналған алғашқы үш томы: «Қайта құру»; «Реформалар»; «Реформалардың аяқталуы» деп аталған да, онда: КСРО мен СОКП-ны, Ресейді, Варшава шартын, бүкіл социалистік жүйені ыдырату және бұл жүйенің негізін - тегін білім беру мен тегін дәрігерлік жәрдемді жою жоспарланған. Жанды жерден ұру ғой?!. Ол мақсаттың орындалуына, АҚШ Орталық барлау басқармасының мәлімдеуінше, жиыны 13 триллион доллар жұмсалған.  Соңғы жылдары кейбір «бәрінбілгіштер» әләуләйләп жүргендей, «КСРО саяси, экономикалық құлдырау шегіне жетіп, өзі де құлағалы тұрған» жоқ-ты. Өйтіп тұрса, «гарвардшылар» арнайы жоба жасап жанталаспас еді, қыруар қаржыны ысырап етпес еді, «жар басына тақалғанды» табалап күліп күте тұрар еді. АҚШ  Совет Одағын ыдыратуды 1948-жылы-ақ көздеген. Оның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің сол жылғы тамыз айының 18-нші күні бекітілген №20/1 құпия жобасында: «Біздің мақсатымыз – Совет өкіметін құлату» делінген.  Бұлай боларын И.Сталин 1939-жылы әйгілі дипломат А.Коллонтаймен сұхбатында болжап айтыпты. Сол сұхбатынан бір үзінді: «...Партия мен халқымыздың көптеген игілікті ісі әуелі шет елдерде,  содан соң өзімізде бұрмаланады, ғайбатталады. Әлемдік билікті көксеуші сионизм біздің табыстарымыз бен жетістіктерімізді жоққа шығаруға, бізден есе қайтаруға жанталасады. Ол Ресейді шикізаты ғана бар жабайы ел етпекші. Менің де атыма балағат жаудырып, өсек-өтірікті өршітеді. Небір сұмдық  жала жабады. Халықаралық сионизм біздің Одақты жоюға, Ресейді еңсесін ешқашан көтере алмайтын етіп жаныштауға барлық күшін жұмсайды... Ұлтшылдық ерекше екпінмен бас көтеріп, интернационализм мен патриотизмді біраз уақыт тұншықтырады. Ұлттар іріткіге, қақтығысқа ұшырайды. Өз ұлтына сатқындық жасайтын көлгір көсемдер пайда болады.   Жалпы болашақтың жүрер жолы тым аласапыранды, шұғыл бұрылысты, тар да тайғақ болады. Әсіресе Шығыс шым-шытырыққа айналады, Батыспен қырықпышақ болады...».   Айтқаны келді емес пе?!. Ал сионистер  түпнұсқасы Ресейдің Орталықтандырылған мұрағатында сақтаулы (КСРО Ішкі істер министрлігінің мұрағатында жатқан) бұл сұхбатты жоққа шығару  үшін әлі де жанталасуда.  
  1.                 Ашаршылықтың  «астары» мен «тысы»
Дүние жүзіндегі бірінші социалистік ел - жас КСРО тірлігінде небір қияметтер болды десек, соның бірі - 1921-жылдан  басталып, 1933-жылмен аяқталған ашаршылық. Троцкий мен Сердловтың «ұрпақтары» солар бастап жасаған «қызыл қырғынды» түгелдей И.Сталинге аудара салғандарындай, «Ашаршылықты Сталин ұйымдастырды!» деп те күжілдеп жүр. Олар негізінен табиғаттың  тарынуынан болатын аштық көптеген елді дағдартқанын және қайталанып та тұратынын ескеруді керек етпейді. Жаңа Ресейді 1921-жылы сұрапыл аштық жайлап, В. Лениннің барша жұртшылықтан көмек сұрап ашық хат жазғаны мәлім. Сол жанайқайға құлақ қойған біздің Арал балықшылары Волга бойындағы  жұтаған жұртқа мыңдаған тонна балық жөнелтті. Ол ашаршылық Ресейдің 34 провинциясын қамтып, 5 мииилонға жуық адам көз жұмған. Сол жылғы және бергі жылдардағы аштық туралы жазғандар оның себебі: ұжымдастыру оң жүргізілмеді; астық дайындау бақыланбады; мал есебі қадағаланбады; ауыл-село халқы қуғындалды, ол үшін Совет үкіметі, Коммунистік партия, Сталин кінәлі деседі. Иә, ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың  көп жерде бейбастақ жүргізілгені рас. Ол жағдаят туралы ең  алғашқы  да құнды  құжат - жазушы  Михаил Шолоховтың  1933-жылы көкек айының 4-і күні И. Сталинге: «...Если все описанное мною заслуживает внимания ЦК,  пошлите в Вешенский район доподлинных коммунистов, у которых хватило бы смелости, невзирая на лица, разоблачить всех, по чьей вине смертельно подорвано колхозное хозяйство района, которые по-настоящему бы расследовали и открыли не только всех тех, кто применял к колхозникам омерзительные «методы» пыток, избиений и надругательств, но и тех, кто вдохновлял на это. Обойти молчанием то, что в течение трех  месяцев творилось в Вешенском и Верхне-Донском районах, нельзя. Только на Вас надежда», деп тұжырған батыл хаты. Аталған аудандарды жұртшылықтың дабыл-тілегі бойынша үш ай аралаған М.Шолоховтың  ол хатын оқысаң, төбе шашың тік тұрады. Колхозға қарсы жергілікті қаскүнем белсенділер жасаған айуандықта шек болмаған. Жазушыға жауабында Сталин соншама сорақылықтың болып жатқанын  дәлелдеп жазғаны үшін оған алғыс айтып, хат ізімен Шкирятов бастаған комиссия барып тексеру жүргізетінін ескерткен. Хатынан кейін өміріне қауіп төнген Шолохов жасырынып, Мәскеуге қашып барып, Сталиннің қабылдауында болды. Сөйтіп, аштық буған Дон бойының жағдайын көзбе-көз баяндап, ауыр жағдайды оңдауға тиіс үкіметтік шаралардың белгіленуіне үлкен үлес қосты. «Донның солтүстігіндегі аудандарда «колхозшылар талан-тараж жасап жатыр» деген жаламен колхозшыларды астықсыз қалдырған алаяқ басшы-қосшылардың айла-шарғыларын түбегейлі тексерген комиссияның  деректері бойынша Кремль қатаң шара қолданды. Халықты аштыққа душар еткендер атылды» (М.Шолоховтың «Об истинном слове» мақаласынан). Сол жолғы әңгіме соңында Сталин: - Михаил Александрович, үйіңізге қайтып баруға қорықпайсыз ба? - деп әзілдегенде Шолохов: - Иосиф Виссарионович, сіз қорғамайсыз ба? - депті. ...КСРО-да 1919-1922 және 1931-1933 жылдарғы  аштықтан қырылған халық саны әлі де анықталған жоқ. Зерттеушілер аштыққа кінәлілердің  бірі – Бүкілодақтық совет атқару комитетінің (БОАК) төрағасы Я.Свердлов деді (тарихшы И.Плотников жазғандай, шын  аты-жөні – Ешуа-Соломон Мовшович. Одан Янкель Мираимович; Яков Михайлович Свердлов болған. Әкесі – Михаил Израилович Свердлов, шешесі – Елизавета Соломоновна). Ресейдің белгілі тарихшы-жазушыларының бірегейі В.Шамбаровтың «Я.Свердлов. Оккультные корни Октябрьской революции» кітабынан үзінді: «...1918-жылы мамыр айының 20-күні Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің жоспарлы мәжілісі күнтәртібіне «Советтердің деревнядағы міндеттері» мәселесі қойылып, комитеттің төрағасы Свердлов баяндама жасап, шаруаларға қатысты жаңа бағытты жария етті. Ол былай деді: «Біздің деревнядағы міндеттеріміз туралы мәселені қарауымыздың маңызы зор, біз онда не істеу керектің негізгі мақсатын көрсетуге тиіспіз... Біз қалалардағы ірі буржуазияны «өлтіре» алсақ та, деревняларда әлі де өйте алмай жүрміз... Сондықтан  деревняда бір-біріне қарсы өшпенді екі топ жасау жайындағы аса маңызды міндетті шешіп, кедей көпшілікті кулактар әулетіне қарсы қоюымыз керек. Егер біз деревняны бітіспес жаулық пиғылдағы екі лагерьге бөле алсақ, егер араларына от салып, жақында ғана қалаларда болғандай азамат соғысын аша алсақ, егер деревня кедейлерін деревня кулактарына қарсы көтере алсақ, қалаларда істегенімізді деревняларда сонда ғана жүзеге асырамыз... Мен деревнядағы жұмысымызды жоғары деңгейде атқара алатынымызға күмәнданбаймын!». Свердловтың «Жер туралы декрет» қабылданған сол мәжілістегі сөзі деревняға, шаруаларға қарсы құтырық жорықтың басталғанын айғақтады. Л.Троцкиймен ымы-жымы бір Свердлов Жер  мәселесі жөніндегі Халық комиссары Середа екеуі БОАК нұсқауымен құрылған «Селошаруашылық коммуналары» мен «Кедейлер комитеттерінің» 1918-жылы желтоқсанның 11-күні өткен құрылтайында деревняға еселеп соққы берді. Коммунаның бағдарламасы толықтырылып: «Коммуна мүшелерінің барлық мүлкі ортаға салынып, өздері казармаларда тұруға тиіс. Жалақы болмайды. Тамақты коммунаның асханасында ішеді. Балалары ұжымдық тәрбие орындарына беріліп, сонда өз күндерін өздері көретін болады», делінді («Қазақстанда кіші Октябрь революциясын жасамай болмайды!» деп аттандаған Филипп Исаевич (Шая Ицикович) Голощёкин Свердловтың досы, қолшоқпары болыпты). Ал сталиндік ұжымдастырудың талабында («Большая энциклопедия»): «...Колхозшылардың үй-жайлары, қора-қопсылары, құрал-саймандары, ұсақ малдары, үй іргесіндегі кәсіби жер телімі өзіндерінде қалдырылсын» делінген. Халықты Совет өкіметіне қарсы қою үшін жер-жердегі троцкийшілдерге бай-кулактарды қолдағы байлықтарын қорғауға, билікке бағынбауға астыртын үгіттеу туралы нұсқау берілгені сөзсіз. Бұлай деу себебім:   журналшы жолым басталған жылдары «ашаршылық», «халық жауы» туралы жазуды ойладым. Ол сұмдықтар жайында санқилы сөздерді мен де естіп өстім ғой. Жазуды ауылымыздың көнекөз, кәріқұлақ ақсақалдарымен әңгімелесуден бастадым. Бес қарт бар еді, солардан естігендерім: Біздің өңірде «колхоздастыру» жүргізіле бастаған 1931-жылдың жазында ауылға жоғары жақтан «ұжымдастыруды қолдау насихатын жүргізу үшін» келген қаратаяқ қазақ жігіт жұртты жинатып, «Совет өкіметінің коллективизация саясаты халыққа жақсы болатыны» жайында құлшына сөйлейді де, жиналыстан кейін, іңірде, Жамабек байды және алты орташаруаны  оңашалап алып, оларға: «Совет өкіметінің беті жаман! Мен мұны сіздерге ғана айтып отырмын, көпшілікке айтуға болмайды, сотталып кетемін. Бұл өкімет «колхоз болу дұрыс» деген алдаумен малдарыңды түгелдей тартып алып, ортаға салады. Өйткеніне көнбегендеріңді жер шетіндегі итжеккен деген, мұз басып жатқан айдалаға айдап сорлатады! Ол ол ма, дүние-мүліктеріңе қоса қатындарың мен қыздарыңды ортақ етіп алады! Сол қиянатты көре бастаған ауылдардағы есті адамдар мынау іргедегі Қытай деген жайлы елге жасырын көшіп кетіп жатыр. Сендер де сөйтіңдер, кеш қалып жүрмеңдер!» деп шошытқан. Жамабек байдың 300 шамалы жылқысы, 400-ге жуық қойы, 20 шақты сиыры бар екен, сол бірнеше  күннен кейін жоқ болып кетіпті. Сөйтсе, малын алдына салып, жалшыларын алып, Қытайға түнделете жасырын өтіп кеткен екен... 31 үйлі ауылдың кедей-кепшік 19 үйі қалған да, басқалары Қытайға, Монголияға, Ресейге ауып кеткен, біраз малы барлардың кете алмағандары: «Сәбетке бұйырғанша, ит-құсқа бұйырсын!» деп, малдарын сай-салаға апарып қырып салған, өзенге тастап, ағызып жіберген. «Адамның тілінен аспандағы бұлт айналады» деген – сол. Советке іштей қарсы арандатушылар табиғаттың тарынуынан басталған ашаршылықты солайша  асқындырыпты. Сол бір зобалаң, алапат заманның өзім естіген осы шындығы «халық жауы» деп тұтқындалған Тұрар Рысқұловтың 1937-жылы шілде айының 3-і күні тергеуші Нейманның: «Директивы, которые Вы получили от Рыкова, Вы начали осуществлять?» деген сұрағына қайтарған жауабынан да көрінді. Ол жауап: «Да. Во-первых, в целях срыва коллективизации крестьянского хозяйства и сеяния недовольства среди масс населения против Советской власти, я от имени Рыкова  предлагал организовать через кулацко-байские элементы ряд перегибов, особенно в отношении бедных и середняцких хозяйств. Я также предлагал организовать массовый убой скота, порчу семян, сельского хозяйства инвентаря. Я должен признать, что эти предложенные Рыковым мероприятия этой части проводились нами уже с конца 1919 года. Наша подрывная работа с сельским хозяйством продолжала развиваться по тем же линиям, которые были указаны Рыковым» (Болатбек Нәсенев, «Халық жаулары»). А.Рыков Қазан революциясына қатысып, Ленинмен, Сталинмен бірге партиялық, үкіметтік жоғары басшылықта болса да, кейінде Троцкийді жақтаған. Т.Рысқұлов онымен Мәскеуде, КСРО Ұлттар істері халық комиссариатында бірге қызмет істеген. Свердлов та, Рыков та, олармен әмпей басқалар да «нағыз революцияшыл» Троцкимен саяси ауа райына қарай ашық та, астыртын да кеңесіп жүрген. Совет өкіметіне, халыққа қарсы зұлымдықтары  үшін елден қуылған Троцкий Ресейдегі пиғылдастарына хат жазып, нұсқау беріп отырған. Қастандықшыл Тройкийдің досы Свердловқа қай мәселеде, қандай «ақыл-кеңес» бергенін де білу қиын емес. Бұл екеуі туралы жазылған деректі кітаптар жеткілікті. ...1947-жылы, 6-сыныпта оқып жүргенімде, біздің үйге бір ағай келді. Әкем екеуі құшақтасып амандасты. Ол сол күні бізде қонды. Іңірде екеуі әңгімелесіп отырғандарында оның: «Қаба-ау, айтар бар ма, қиын болды... Совет өкіметіне жасалған қастандық қой... Бұл ауылда жетпіс алты жанның отыз екісі қалғанына шүкіршілік деуге болар. Қайыңдыда қырық бір жанның оны ғана қалды ғой...» дегенін естідім. Әкемнің жанында отырғанмын. Әкем: «Е, Жәке, ол ашаршылық қаншама түтінді өшіргенін кім білсін» деді. Екеуі сәл үнсіз отырды. Жәкесі сөзді жалғап: «Қаба, сол жолғы комиссияның мүшесі, бұйра шаш Тоқай ауданға қайтуға бет алғанымызда: - Ай, жолдастар, мен бір нәрсені түсіне алмадым. Біз болған үш ауылдың да орманы аң-құсқа толы, өзені балыққа толы, солай бола тұра аштан өлгендердің тым көп болғаны қалай? - деді. Құданың құдіреті, мен де солай ойлап, өзіме өзім іштей сол сұрақты қойып, жауабын тапқан сияқтанып отыр едім, Тоқайға: - Ей, Тоқа-ай, бала күнінен-ақ бай мен байшыкештің жалшы-малшысы болып, олар жасырын   қашып кеткенде тотиып қала берген, аң-құс, балық аулауды кәсіп етпеген кедей қазақтар қайтсін, иә, обал болды, - дедім. Солай ғой, Қаба?» деді. Әкем: «Иә, обал болды. Көктен түскендей болған нәубетке не дауа, қайтейік?!» - деді налыс үнмен. Әкем Жәкесінің кім екенін маған ертеңінде айтты. 1934-жылдың жазында ауданнан екі қазақ, бір орыс - үш кісі комиссия келіп, біздің Ауылдық кеңеске қарасты үш ұжымшарда болған аштықтың себеп-салдарын тексеріпті. Жәмпейіс Құмаров солардың басшысы екен. Соңғы жылдары «КСРО-да қолдан жасалған аштық («голодомор») болды» делініп жүр. Ол терминді Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде сөз       еткен кісі – тәуелсіздік алған Украинаның президенті В. Ющенко. Ол әзірлетіп, қол қойған құжат қаралып, Украинада қолдан жасалған аштық болғаны  БҰҰ бөлімі деңгейінде қуатталады. Оны әуелде Ресей де, Қазақстан да құптаған, бірақ, көп ұзамай, Ресей Федерациясының басшылары қойған қолдарынан бастартты. Өйткені «ол аштықтың жасалуына Советтік Ресей айыпты делінгенін мойындауы қате болыпты». Жалпы ашаршылық жайында: БҰҰ, Еуроодақ, ЮНЕСКО, басқа да халықаралық ұйымдардың негізгі құжаттарында «Украинадағы  аштық қолдан жасалды» деген ресми ұйғарым жоқ көрінеді. В.Шамбаровқа тағыда жүгінелік: «...Советке және орысқа қарсы  зұлымдық саясат Украинада туған жоқ. «Қолдан ашаршылық жасау» Үшінші рейхта, Геббельстің кеңсесінде ойдан шығарылды. Украина ұлтшылдарының шетауған екінші толқынындағылар Екінші дүниежүзілік соғыста гитлерлік Германия жағында болды да, неміс нәсілшілдерінің информациялық соғыс тәжірибесін үйрене бастады.  Оларды британдық және американдық арнаулы қызмет орындары қолдады. Герман ұлтшылдарының бай тәжірибесі батыс «демократиясының» өкілдеріне өмірлік қажеттілік еді, өйткені олар да Жаңа Дүние жасауды көздеді. Сонымен, британдық белгілі барлаушы Роберт Конквест «советтік айуандық жүйені әшкерелеумен» айналысты. Ол 1947 – 1956 жылдары Информация-зерттеу орталығының Ми-6 бөлімінде (жалған ақпар тарату бөлімі) істеді де, одан кейін ресми жұмысты доғарып, Советке қарсы кәсіби «маман тарихшы» болуға кірісті. Американың Орталық барлау басқармасы оның әдеби  қызметін бірден қолдап, соның нәтижесінде ол: «Власть и политика в СССР», «Советские депортации народов», «Советская национальная политика на практике»  және басқа кітаптарды жазды. Оның атағын дабырайтқан негізгі кітабы 1968-жылы шыққан «Большой террор: Сталинские чистки 30-х» болды. Оның ойынша, Сталин билігі жасаған ашаршылықта 20 миллион адам өлген. Ол 1986-жылы «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» деген, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы кітапсымағын шығарды. Совет Одағына, орыс халқына жауыққан Конквест те, Мейс және басқалар да дәлел еткен «ғылыми тәсіл» Совет Одағының ішкі-сыртқы өшпенділері таратқан сан түрлі өсекті және орысқа қарсы А.Солженицын     мен В.Гроссманның кітаптарын пайдалану болды. Х.Костюк, Д.Соловей сияқты украиндық ұлтшылдардың шимайларын да ескерді. Солайша «қаруланған» Мейс американ Конгресінде Украинадағы қолдан жасалған аштықты зерттеу комиссисын құра алды, бірақ жолы болмады, зерттеуді әділ жүргізгендер өздеріне табыс етілген құжаттардың  барлығы нақты дерексіз, құр ғана сөз, аты-жөнсіз жалақорлық екеніне көз жеткізді. Канадалық зерттеуші Дуглас Тоттл «Фальшивки, голод и фашизм: миф об украинском геноциде от Гитлера до Гарварда» деп атаған ғылыми кітабында Конквестің көпе-көрінеу жалақорлығын бастан-аяқ әшкерелеген. Конквестер «Украинада қолдан жасалған аштықта» қырылғандар санын бірі 5 миллион десе, әрқайсысының «қиялы» әржаққа тартып, 25 миллионға дейін жеткізісті. Ал Украина мұрағаттарының сол жылдары жинақталған ресми деректерінде 1932-жылы 668 мың, 1933-жылы 1 миллион 309 мың адамның өлгені жазылған. Демек, жиыны 5 немесе 25 миллион емес, 2 миллион шамасы... Украинада ашаршылық неліктен болды? Аңызқұмарлар «астықтың болмағанынан» дегенді бетке ұстайды. Ресми дерек Украинада: 1930-жылы 1431,3 миллион пұт; 1931-жылы 1100 миллион пұт; 1932-жылы 918,8 мың пұт; 1933-жылы 1412,5 миллион пұт астық өндірілгенін, одан мемлекетке жоспарлы тапсырылғанды шығарып тастағанда, Украинаның 30 миллионға жуық халқының жан басына 1932-1933 жылдары орта есеппен 320-400 килограмнан айналған. Ашаршылықты тиянақты зерттеушілер оның негізгі себебі табиғи қуаңшылықтың болуында деп тұжырым жасады. Мысалы, Ресейде астық шықпай қалған 1891-жылы 2 миллионға жуық, 1900-1903 жылдары – 3 миллион, 1911-жылы – 2 миллион адам өлгенін анықтады. Ал 1932-1933 жылдардағы ашаршылыққа «адамның қатысы» болғанын ешбір зерттеуші жоққа шығарған емес. Бірақ Троцкий мен Свердлов құрған қысмысты топтың «еңбектерін» ескермейді. «Қолдан жасалдыға» жүгінсек,  ол зобалаңға бір ғана Сталинді, Совет үкіметін кінәлі ету шындыққа жанаспайтынын аңғарған боларсыздар. Совет үкіметі ашаршылықтың бетін қайтаруға мүмкін болған шараның бәрін қолданды. Бірақ жергілікті басшылық кереғарлық жасап отырған. Кейінде анықталғандай, одақтас республикалар партия ұйымдары хатшыларының көбі троцкий-свердловшылдар болыпты. Совет үкіметі 1932-жылы мамыр айының 6-сы күні елде астық дайындау жоспарын төмендету жөнінде декрет жариялаған-ды. Конквест оны «білмепті» де, оның есесіне Ресейде 1918-1921 жылдардағы аштықта көшелерде, далада өліп жатқан адамдардың суреттерін «1932-1933 жылдардағы суреттер» деп беруді  ұмытпапты. Жалпы  аштық сол жылдары КСРО-да  ғана емес, дүние жүзінің бірнеше елінде: АҚШ, Польша, Румыния, Чехословакия, Испания, Венгрияда  болыпты. Мысалы, 30-жылдары: Америка Құрама Штаттарында 6,5 миллион, Англияның өзі мен отарларында  7 миллион, Үндістанда 4 миллион адамның аштан өлгені туралы дерек бар... Әу баста тройкийшіл болған, меніңше, сол пиғылын жылмақайлықпен жасырып өткен Н.Хрущевтың (бабасы – Перелмутр): - Сталин ашаршылықты әдейі ұйымдастарды, өзіне оң қарамаған халықтарды сөйтіп бағындырды; Сталин елдің, партияның өміріне қатысты өте маңызды мәселелердің көбін айлап ескермей, қарамай отыра беретін» деп лаққаны бар. Біздің бүгінгі жазғыштарымыздың біреуі: Сталиннің орысша тәрбие алғанын, орысша жазғанын, орысша ойлағанын, өзін орыспын дегенін, тіпті түсті де орысша көргенін баяндап (сірә, екеуі бір төсекте ұйықтап, бір түсті бөліп көріп те жүрген-ау?!), Хрущевтың Сталинге қазақ халқы жайында «жанашырлық пікір айтқанын ғажап  дерек» етіпті. Ал алаяқ «көсемнің жанашыршылығы» былай еді: «Мен Сталинге: «Қазақ халқының халы ауыр, аштан қырылу қаупі бар», деп едім, ол: «Сол сары пәлекеттерден сөйтіп құтылмай болмайды» деді». Өзі дүлейлене атын қойған Целиноградқа келгенінде Хрущевтың көлгірсіп көйіткен көп өтірігінің көбігі – сол. Ал біздің жазғыш  ол көкезу «көсемінің» сол 1932-жылы қайда, кім болғанын білуді керек етпепті. Керек етсе, Мәскеу қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, Қазақстанда болмаған, қазақты көрмеген Хрущевтің 1-хатшыдан аттап өтіп Сталинге барып, «қазақтардың адвокаты» болып сөйлей алмағанын білер еді. Ол кезде «Наш Никита Сергеевич» (Хрущевтің билігі жылдары жағымпаздар шығарған фильмнің аты) Мәскеудің асты-үстінен «халық жауларын» итше тіміскілеп іздеп,  аласұра қара тізім жасаудан қолы босамай жүрген. Кейінгі ресми зерттеу деректері Хрущев Украин компартиясының басшысы, Мәскеу облыстық және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы жылдарында «халық жауларын әшкерелеуде» 1-орында болыпты. Оның әміріндегі  «үштік соты» жиыны 220 мыңнан астам «жауды» тұтқындатып, оның төрттен бірін аттырған. Былтырғы жылдың қаңтар айында біздің интернет-сайттардың бір-екеуінен Мирзоянды сағынып жүрген рухани шикілердің әлі де бар екенін байқадым. Жас мөлшері немереммен шамалас журналист жігіт (аты-жөнін атамай-ақ қояйын) Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық жайында айта отырып, Мирзоянды сонау ағаларынша «мырзажаншылап»: «...қолынан келсе, одан да көп жақсылық жасар еді» депті. «Одан да көп жақсылығы» немене екен? Ол бізге ондаған жемтіктесін жетектеп келмей, үйірлеген жылқы, табындаған сиыр, отарлаған қой айдап келіп пе? Әлде Голощекин – «қужақтың» астықты, сонша малды тығып тастап кеткенін естіп, іздеттіріп тауып, жинаттырып алып па?!. «Мырзажаншылдар» Кремльдің одақтас республикалар басшылығына кеңес беруі нәтижесінде бізге жан-жақтан аз-аздап болсын астық, мал жеткізіліп берілгенін «білмейді». Олар сол жылдары бізде әлі де болса аман, намысты Ағаларымыздың ұсынысымен, тікелей байланысымен Мәскеу құптап іске асқан кейбір игі істерді де – «Мырзажанның қамқорлығы» деседі. Ой-хой, әсіребілгіштік-ай!.. Қаражүрек Мирзоян, егер сұрқиялықтары үшін өзі тұтылып қалмағанда, иә, «одан да көп жақсылық жасап», тұтқындаттырған мен аттырғандарының санын еселеп көбейтер еді. Ол Қазақстанды билеп-төстеген кезінде 110 мың «халық жауын» тұтқындатып, оның 25 мыңын аттырғаны белгілі. Бұл цифрлардың да тиянақты емесіндей, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық  құрбандарының саны да әлі нақтыланған жоқ. Біздің «зерттеушілер» 2,5 – 4 миллион қазақ аштан өлді десіп жүр. Ресей империясында, 1897-жылғы халық санағында, Мұхаметжан Тынышбаевтың есебінше, Қазақстанда 6 миллион адам болған. Одан: елде  аштықта көз жұмғандар – 1,7 миллион. Қытай мен Монголияға ауып кеткендер – 1,2 миллионнан астам. Іргелес республикаларға көшкендер – 795 мың. Яғни елде қалған халық – 2 миллион 305 мың. Қазақ ССР Халық-шаруашылық есеп басқармасының мәліметі бойынша, 1936-жылы республика халқының саны 3,3 милионға жеткен (ол ауып кеткендердің аман-есен қайтып оралғандары және ішкі өсім есебінен жиынтықталған болар). Бізде сол 1932-1933 жылдарғы ашаршылықта, 1937-1938 жылдарғы зобалаңда, 1941-1945 жылдарғы соғыста қанша қазақстандықтың, оның ішінде қанша қазақтың құрбан болғаны анықталған дерек әзірше жоқ. Айтып, жазып жүргендеріміз әрқилы. Пәлен тарихшының, түглен ғалымның зерттеу еңбектерінен аламыз да, «орта есеппен» тарта береміз. АҚШ Орталық барлау басқармасының Совет Одағына айтақтаған  жалдамалы жазғышы болған Конквестің әшкереленуі «қолдан жасалған аштық» деуді жоққа шығармақ емес. Ал кімдер жасады дегенде, соңғы жылдары әдетке айналғандай, Совет үкіметін, И. Сталинді айыптай жөнелеміз, иә, Троцкий мен Свердловты аузымызға алмаймыз. Ашаршылықтың «тысы» қайсы, «астары» қайсы, оны ажыруға құлық жоқ. Сионистер аспандата мадақтап, кейде Лениннен де жоғары қойып жүрген Свердлов халықтың қахарына ұшырап, халықтың қолынан қаза тапты. Қалайша?   Бүкілодақтық атқару комитетінің төрағасы Я.Свердлов, Қызыл армия мен теңіз флотының халық комиссары Л.Троцкий, қолдарынан келіп тұрғанда аянсын ба, елді арнаулы броньды пойызбен аралайды екен де, пойыздарында сән-салтанатқа  керектің бәрі болады екен. Сведлов сондай саяхатының бірінде, 1918-жылы наурыз айының 7-күні Орел қаласына тоқтайды. Тоқтамақ емес екен, бірақ тұрмыс титықтатқан теміржолшылар ереуіл жасап, келген пойыздарды вокзал шегінен шығармай қойыпты. «Көсемдігі» ұстаған Свердлов төрелік сөз айту үшін теміржолшылар тобына барады. Ал ызалы  топ оны бассалып ұрып жығып, тепкілей бастайды. Төрағаның вагонда қалған күзетшілері көріп, жүгіріп жетеді, бірақ темір- жолшылар оларды қолдарына не түссе, сонымен ұрып, бет қаратпайды. Таяқ жеген күзетшілер тобы ереуілші жұртты атқылауға кіріседі. Біржарым сағатқа созылған қақтығыста Свердлов жайына қалып, мұз жапқан алаңда ес-тұссыз жатады. Мәскеуге шалажансар жеткізіліп, қаншама емделсе де, бүкіл денесінің қабынуы қайтпай, бір жылдан соң  о дүниеге кетіп тынды. Совет Одағын, оның құрамында болған елімізді жайпап өткен 1932- 1933 жылдардағы ашаршылық туалы жазуда сыңаржақтылыққа ұрынудан сақтанған жөн болар.                                                                                          
  1.         «Қызыл  қырғынның»  басы мен аяғы
Бүгінде кешегі КСРО тарихын бұтарлап, өзінің қалыбына салып алып, өзгелерге қай мәселені қалай айту-жазу керектігін уағыздаушы «тарихшылар» көбеймесе, азаяр емес. Ресейде де, шет елдерде де. Ал ресейліктер біздегі еліктегіш-солықтағыштарға көке болып алды. Олар квас ұсынса, біз онысын қымыздан артық көріп сыңғытамыз. Хрущев-солженицыншылдар кезкелген тақырыпта бірдеңені көңірсітсе: «Міне-мінеки, осылай жазу керек!» деп жалаулатамыз. Мысалы, ресейлік бір «ғұламаның» мақаласымағы «Жас алаш» гәзетімізде басылды. Автор: «Соғыста қазақтар майданнан кету үшін аяқ-қолдарын өздері ататын» деп жәдігөйленіпті. Соны «шындықты айту» деп білген аудармашының да, жалақорлық шимайды гәзетінде жариялаған  редактордың да ұстанымдарын түсіне алмадым. «Оқымыстылар» КСРО тарихында «қызыл қырғын» деген  атпен қалған 1937-1938 жылдардағы нәубетті де аударып-төңкеруде. «Халық жауы» деген атауды 1859-жылы француз журналшысы Жан  Поль Марат шығарыпты. Кейінде: Г.Ибсеннің, В.Лениннің, Л.Троцкийдің,                М. Горькийдің... айту-жазуларымен қалыптасып кеткен. Тарихқа үңілсек: ешбір елде ешкім ешқашан өзінің халқына жау болған емес,  дұрысы - «биліктің жауы». Рас, халықты мүлде алымсынбаған әулекілер де болды, солардың бірі - Гитлер: «Егер мен құрыр болсам, онда  неміс халқы да құрысын, ол маған лайық бола алмады!» - деп шабыныпты. Миллиондаған тағдырды тәлкек еткен зұлымдық туралы айта беру   оңай да, оның ұшығын табу қиын. Осыны ойлағанда, мәселен, патшалық Ресейдің құзырындағы ұлттар мен ұлыстарға бостандық алып берген, еңбегі қаналудан құтқарған В. Лениннің мынау бұйрықтары «тым қызық»  (үзінді): «Тіршілік үшін емес, байлар мен арамтамақтарды, буржуазияның интеллигенттерін жою үшін күресу... оларды сәл-пәл қылмыстары үшін де жазалау керек... Бір жерде түрмеге отырғызып... бір жерде дәретхананы тазалаттырып... үшіншісін карцерге отырғызып, одан соң сарғылт билет беріп... төртіншісін  ұстаған жерде атып тастау керек... Жазалау сан түрлі болған сайын жалпы тәжірибе молаяды...» (1918 ж., маусым); «Пенза. Губерния атқару комитетіне: ...Кулактарға, поптарға және ақгвардияшыларға қарсы жаппай аяусыз қырғын жүргізілсін; күдіктілер қала сыртындағы концентрациялық лагерьлерге қамалсын» (1919 ж., желтоқсан); «...Менің күмәнсіз тұжырымым бойынша, біз дәл қазіргі сәтте діни қаражүзтіктерге шешуші де аяусыз соққы беріп, қарсылығын жаныштауға тиіспіз, олар оны ондаған жылдар бойы ұмыта алмайтын болсын... Реакцияшыл дін өкілдері мен реакцияшыл буржуазия өкілдерін қаншама     көп қырсақ, соншама жақсы болады» (1920 ж., тамыз); «...Ғажап жоспар! Дзержинский екеуің жеріне жеткізіңдер. «Жасылдар» болып (кейін соларға жаба саламыз), 10-20 шақырым ілгерілеп, кулактар мен поптарды, помещиктерді дарға асамыз. Біреуін дарға асқанға 100.000 сом силық береміз...» (Республика революциялық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Э.Склянскийге.1920 ж., тамыз); «Луначарский жолдасқа. Театр атаулыны түгелдей жоюды ұсынамын. Халық ағарту комиссарына театрмен емес, сауат ашумен шұғылдану шарт» (1922 ж., наурыз). Жаппай жазалауда  ақ пен қараны айыру  қиын болатынын, әділдікті  берік ұстану қажеттігін Ленин неге ескермеді? Жас Совет өкіметіне тездетіп жол ашу үшін  «қарсы» атаулыны дереу жойып жіберуді дұрыс деп білді ме? В.Лениннің сол әрекеттерін және Ленинге жасалған қастандықты іштей  өзіндік есептері көп болған Л.Троцкий мен Я.Свердлов өз пайдаларына жаратуға шұғыл кіріскен. Сол пиғылымен «қызыл қырғынды» дереу және аяусыз бастау - уақыт талабы деген қағида Л. Троцкийдің «Террор и коммунизм» мақаласында негізделген. Бір «қызық» жәйт: Ленин де, Троцкий де «аяусыз» деген сөзді жиі қолданыпты. Ленин  дінге өшпенділігін 1919-жылғы  1-майда «Поптармен және дінмен күрес туралы» жарлық шығарумен көрсетіп, православиелік шіркеулерге қарсы жорық бастапты. Шіркеулердің қымбат бұйымдары «революцияның игілігіне» тәркіленіп, өзі не өртеп жіберілген, не қоймаға айналдырылған. Діндарлар  не түрмеге тоғытылған, не жераударылған. Лениннің ол жарлығы бүкіл Кеңес Одағы шегінде жүзеге асырылып, мысалы, бізде мешіттер жауып тасталып, молдалар қуғындалды. Жер-жерде діни салада  да сан түрлі бұрмалаушылық болып жатқанына көзі жеткен  Сталин 1939-жылы қараша айының 11-і күні Ленин жарлығының күшін жою туралы шешім жасаған (П.Дорохиннің  «Сталин и религия» кітабынан).                                                                                        «Қызыл қырғын» деген сөзді алғаш эсер З.Коноплянникова айтыпты. 1906-жылы сотқа тартылғанында: «Үкіметтің қанды ақ қырғынына біздің партия қызыл қырғанмен жауап беруді ұйғарды», депті. Троцкий 1917-жылы желтоқсанның 17-сі күні кадеттерге үндеу жазып, революция жауларына қарсы қызыл қырғынды аяусыз және еселеп күшейтіп жүргізу керектігін екілене айтыпты. Ал қызыл қырғынды заңдастырған күш иесі  Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің (БОАК) төрағасы Я.Свердлов екен. Ол Ленинге жасалған қастандыққа және Петроград Төтенше комиссиясының төрағасы Урицкийдің өлтірілуіне жауап ретінде қызыл қырғын жасау туралы 1918- жылы 2-қыркүйекте қаулы шығарған. Сол қаулыдан бір үзінді: «...Революцияға қарсыларды ату керек! Аудандарға өз төтелерінен ату құқы берілсін! Аудандарда шағын концлагерьлер ашылсын... Атылғандардың өліктері ешкімге берілмесін. Бүкілодақтық төтенше комитеттің аудандық комитеттеріндегі жауапты жолдастар топтап атуды қадағалап көріп тұруға  тиіс. Аудандық комитеттерге келесі мәжілістерінде өлік мәселесін шешіп отыру міндеттелсін...» (В.Шамбаров, «Оккультные корни Октябрьсой революции»). Троцкий ол кезде В. Лениннен кейінгі басшы – Революциялық әскери кеңестің төрағасы. Ол, қазірде айтыла бастағандай, Свердлов екеуі  астыртын ұйымдастырған қастандық – Лениннен құтылу жоспарлары сәтті болмаған соң, оны керісінше пайдаланып, Ленинге қарсыларды жазалауға  кіріскен. Троцкий Курск партия өкілдерінің бірлескен жиналысында 1918-жылы желтоқсанда былай депті: «...Тәжірибесіздігіміздің орнын немен толтыруға болады? Тек қана қырғынмен, жолдастар, бұл естеріңде болсын! Толассыз және ешбір аяусыз қырғынмен! Босаң, көңілшек болсақ, онымызды  тарих ешқашан кешірмейді. Егер біз бұған дейін жүздеп, мыңдап қырған болсақ, енді, қажет болғанда, он мыңдап қыра алатын ұйым, аппарат құратын мезгіл келді...» (Ю.Емельянов, «Троцкий. Мифы и личности»). «Донда бүлік  шыққанын естіген Троцкий шәкірті, оң қолы - Михаил Тухачевскийді  дереу аттандырып: «Дондағы бүлікті тас уатқандай талқандау керек! Бүлікшілерді ғана емес, казак хуторлары мен станицаларының тұрғындарын аяусыз жою  керек!» деп бұйрық берген. Ол зымияндықты БОАК бюросы 1919-жылдың 24-қаңтарындағы шешімімен (Свердлов, оның әйелі Новгородцева және Володарский, Крестинский қол қойған) қуаттады» (А.Шамбаров, «Черный дьявол революции»). Міне, «қызыл қырғын» осылайша заңдастырылып, троцкийшілдер   әуелі жеке Ресейді, одан соң Ресей Федерациясын, КСРО-ның құзырындағы одақтас республикаларды шарпып, 1918–1938-жылдары ой мен қырды аяусыз тазалап тынды деуге болар.  НКВД (Ішкі істер халық комиссариаты) құзырында ГУЛАГ-тың (Мемлекеттік лагерьлер басқармасының) жүздеген лагері ашылып, 10-25 жылға сотталған «халық жаулары» лықа толтырылған. Бұл сұрқиялыққа әу баста жол ашқан – Лейба  Давидович Бронштейн (Лев Давыдович Троцкий). Петроград Кеңесінің төрағасы болып тұрғанында ең жақын дос-жолдастарының ортасында былайша лепіріпті (үзінді): «...Мы должны превратить Россию в пустыню, населенную белыми неграми, которым мы дадим такую тиранию, какая не снилась никогда самым страшным деспотам Востока. Разница лишь в том, что тирания эта будет не справа, а слева, и не белая, а красная. В буквальном смысле этого слова красная; ибо мы прольем такие потоки крови, перед которыми содрогнутся и побледнеют все человеческие потери капиталистических войн. Крупнейшие банкиры из-за океана будут работать в теснейшем контакте с нами. Если мы выиграем революцию, раздавим Россию, то на погребальных обломках ее укрепим власть сионизма и станем такой силой, перед которой весь мир опустится на колени. Мы покажем, что такое настоящая власть...» (В. Хатюшин: «Рабочий скот для европейского подворья». Журнал «Молодая  гвардия». Москва. 1991. № 8).   ...«Қызыл қырғынды» ұйымдастыруға И.Сталиннің қатыс-ықпалы болғанын, яғни нұсқау-бұйрық  бергенін растайтын ресми құжат тіпті оны мейлінше қаралағандардың «зерттеу еңбектерінде» де кездеспейді. «Бары» -  троцкий-хрущевшылдардың өсек-өтіріктері. «Халық жауларын әшкерелеуді» кімдер бастағаны, жер-жерде қалай жүргізілгені жайында толық деректер, мысалы: Е. Прудникованың «Хрущев. Творцы террора», А. Елисеевтің «Правда о 1937 годе. Кто развязал «большой террор?» деген, мұрағаттық құжаттар негізінде жазылған кітаптарында жеткілікті. Сөз ыңғайына орай, енді ауылымыздың көнекөз қарттарынан естіген жәйттерді  баяндайын: 1.Әкемнің ағасы, колхоз ұстасы Құрманбай егін науқанын бақылауға  аупарткомнан келген өкіл жігітті бір іңірде өздерімен іргелес үйдегі жесір келіншекті зорламақ сәтінде ұстап алып, сабап, қуып жібереді (келіншектің алты жастағы қызы  Құрекеңнің үйіне еңіреп жылап кіріп, бөтен бір кісінің келіп, тәтесін ұра бастағанын айтқан екен). Екі күннен кейін ауданнан екі милиционер келіп, Құрекеңді алып кетеді. Бертінде іздестіріп білгенімдей: «коммунисті  соққыға жығып, партияны мазақ еткен халық жауы» он жылға сотталып, Магаданға айдалыпты. Сүйегі сонда қалды. Құрекеңнің балалары әкелері тұтқындалысымен жұмыстан, мектептен қуылған. Тұңғышы Ізғұтты Семей қаласын паналап, сол жақтан  И. Сталинге: «Менің колхозшы әкемді «халық жауы» деп он жылға соттап жіберді. Маған соғысқа баруға рұхсат беріңіз. Мұнда «халық жауының баласысың» деп әскерге алмай қойды. Мен қарапайым колхозшы әкемнің абыройын ақтау үшін соғысамын, әкемнің халық жауы болмағанын, өзімнің халық жауының баласы емес екенімді дәлелдеймін!» деп жазған хатынан кейін 1942-жылы маусымда майданға алынып (22 жасында), қолұрыста (рукопашный бой)  фашистердің 51 солдат-офицерін жайратқан, түнгі барлауда жаудан 22 «тіл» әкелген. 1944-жылы шілденің 8-і күні Батыс Двина өзенінен өткендегі қиянкескі ұрыста ерекше ерлік көрсеткені үшін Совет Одағының Батыры атағы берілген (оған дейін: «Қызыл Жұлдыз», «Ленин» ордендерімен, «Даңқ» медалінің 3-нші, 2-нші дәрежелілерімен марапатталыпты). Сол жолы ауыр жараланып, госпитальге түскен Ізғұтты ағекем сонда бір аптадан кейін көз жұмыпты. Госпитальге түскен күнінің ертеңінде «Комсомольская правда» гәзетінің тілшісі барып жолығып, Батыр атағымен құттықтап, әліне қарай әңгімелесіпті. Бір апта өте бере газетте «Здесь сражался комсорг» деп аталған мақаласы шыққан. Ізғұтты батальон комсомол ұйымының хатшысы екен. Ізғұтты ағаның И.Сталинге хат жазып, оны «пошташы орыс дядяның» көмегімен  Мәскеуге жөнелткенін Із-ағаның сүйген қызы, бірақ, «жазмыштан озмыш жоқ», аңырап қала берген Жібек  апайдан бертінде, Құрманбай әулетінің қасіреті туралы жазбақ болып жүргенімде, естіп білдім.
  1. Көшербай Кешубаев деген тентектеу жігіт: «Осы үкіметінің  салыққа тоятын күні бола ма, болмай ма?!» дегені үшін (бірге жүрген қайран қазекемдердің бірі «керек жерге» жеткізген ғой!) «халық жауы» ретінде тұтқындала жаздап, алып кетуге келген екі милиционерден қашып құтылып, тауға сіңіп кетеді. Милиционерлер ақырында оны ұстай алмай, үшінші күні қашқын інісінің орнына үйінен шыға алмайтын жарымжан ағасы Сыдықты алып кетеді, сөйтіп, «халық жауы Кешубаев ұсталды» болады.
  2. 1937-жылдың күзінде біздің Тоқсанбай ауылымызда (ШҚО, Ұлан ауданы) бір шілдәханаға кешігіп келген Қайырлы деген жігіт: «Менің  аудан орталығынан келгенім жаңа ғана, кәне, шүйінші беріңдер! Аудандық «Социалды майдан» деген гәзетіміз шықты!» деп қойынқалтасынан  бүктеулі гәзетті алып көрсетеді. Сонда Рақыш деген жігіт:
                     «Ау, алақандай «Майдан»,         шыға келдің қайдан?         Бастықтарға жағарсың,         бізге болмас пайдаң!» - деп жұртты күлкіге қарық қылады. Содан үш күннен кейін: «Коммунистік партияның гәзетін жамандаған халық жаулары» Қайырлы, Рақыш  ұсталып кетеді. Әрине, «дос-жолдастары» ұстатқан соң. Ол ненің көрінісі? Сатқындықтың! Қазекемнің осы бір «кәсібі» бағзы заманнан бар. Көне дастандардан, Бұхар жырау мен Абайдың, Махамбеттің... өлеңдерінен оқып білдім. Иә, «Қазақ десең, өзіңе тиеді», бірақ, не шара, қазекемнің біразында болған, бар, болатын да бір «кәсіп» - сатқындық.   Мұндай мысал толып жатыр. Сонда «халық жауын әшкерелеудің жоспары» кімдердің есебінен орындалған болды? Кейінде қызмет ретіммен облыстарды аралап жүріп естіп-білген осындай сұмдықтардан түйгенім, мысалы, Қарағанды тұтқындар лагерінің (КарЛАГ) «дәмі тартқан» қазекемдердің 80 пайызы: құрманбай-сыдық-қайырлы-рақыштар болғаны сөзсіз! Оған кінәлі кімдер?.. «Үштік сотты» шығарған троцкийшілердің айтағымен  «шаш ал десе, бас алған» жергілікті желөкпе, тексіз белсенділер! Облыстық, өлкелік партия басшылығындағылар өздері көзге сүйел   бола бастаған кезде Кремльге хат жазып, пәленбай «халық жауына» жаза қолдануға  мұрсат (лимит) сұрайтын айла тапқан және бекітіліп келген санды толтыруды, яғни кімдерді «жаулардың» тізіміне енгізуді өздері білген. «Лимиттерді» БКП(б) Орталық комитетінің Саяси бюросы бекітіп отырған. Алайда, мұрағаттардан табылып жатқан құжаттар  айғақтағандай, Ішкі істер халық комиссары және Мемлекеттік қауіпсіздік Бас басқармасының бастығы Генрих Григорьевич Ягода (Иегуда Енох Гершевич. Свердловтың немерелес жиені), одан кейін Ішкі істер халық комиссары болған Н.Ежов «лимитті»  өздері-ақ «реттеп» жүріпті. И. Сталиннің еңбектерінен оқығандарымның ішінен оның 1937-жылы   5-наурызда БК(б)П Орталық комитетінің пленумындағы сөзінен бір үзінді: «...Взять, например, товарищей Мирзояна и Войнова. Первый из них является секретарем краевой партийной организации Казахстана...  перетащил с собой в Казахстан из Азербайджана и Урала, где он раньше работал, 30-40 человек «своих» людей и расставил их на ответственные  посты в Казахстане. Есть, стало быть, своя артель у товарища Мирзояна. Разве нельзя было подобрать работников из местных людей?.. Конечно, можно было...  Я его несколько раз предупреждал, не таскай за собой своих приятелей ни из Азербайджана, ни с Урала, а выдвигай людей в Казахстане, не отгораживайся от местных людей в Казахстане, потому что... - что значит таскать с собой целую группу приятелей, дружков из Азербайджана, которые коренным образом не связаны с Казахстаном? Что значит таскать с собой целую группу приятелей с Урала, которые тоже не связаны с Казахстаном?    Это значит, что ты получил некоторую независимость от местных организации, и, если хотите, некоторую независимость от ЦК. «У него своя группа, у меня своя группа, они мне преданы...». Это значит недоверие местным кадрам...». Мирзоянның «құйрығы» 30 - 40-тан көп болған.  Облыстардағы партия, совет атқару комитеттерінің, прокуратура мен сот, милиция, хауіпсіздік органдарының бірінші не екінші басшысы, бөлім бастықтықтары, т.б. орындарға оның ертіп келген сыбайластары отырғызылыпты. «Халық жауларын» жергілікті жандайшап түйсіксіздердің көмегімен тізімдеген - солар! «Қазаққа жайлы болған Мырза-жан» И.Сталиннің сынын елемей, жергілікті кадрларға сұқтануға кіріскен. Мысалы, оның БК(б)П  Орталық комитетінің Саяси бюросына және И. Сталинге жазған хаттарына қатысты мына екі дерекке үңілелік (Юрий Жуков, «Иной Сталин»):         1) «Лимиты», запрошенные руководителями региональных парт- организаций и утвержденные ПБ» (Политбюро; Саяси бюро, - Ғ.Қ.): «...Казахская ССР. Расстрел - 2346. Высылка - 4403» (Мирзоянның 1937-жылғы шілденің 11-індегі хатынан). Жиыны - 6749  «халық жауы». «Лимит» сұраушылар арасында «Мырзажан» алтыншы орында.    Ежов Мирзоянның «лимитін»: атылатын - 2700, жераударылатын - 4950, яғни жиыны - 7650 кісі етіп бекітіп қайтарған. «Жоспарды артығымен орындау»! 2) «13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания: «Во время съезда Компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме съезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после съезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни». Спустя  два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян...». Алматыдағы Мирзоян: «с оружием в руках; контрреволюционная организация; национал-фашистская организация» деп ышқынып жатса,   оған Саяси бюро, Сталин  неге сенбесін?! Қанқұйлы Мирзоянның 110 мыңнан астам «халық жауын» тұтқындатып, оның 25 мыңын аттырып кеткені мәлім. ...Танымал журналшы-жазушы Эдуард Поляновскийдің «В гранитном  лагере» деген мақаласынан: «...Ел қанға боялып жатты. Партия органдары басшыларының қызметін қадағалаушы Г. Маленков жер-жерден мағлұмат алып отырып, 1937-жыл туа  Сталинге хат жазып, ішінара тексертуінің нәтижесі сотталғандардың төрттен үші жазықсыз екенін көрсеткенін, жағдайдың асқынғанын мәлімдейді. Сталин: «бұл мәселені бір хатпен реттеу мүмкін болмас, пленум шақыру керек» дейді. Пленум ашылып, Маленков баяндама жасайды. Ол «қызыл қырғынды» алғаш рет ашық айыптау болған. Маленков елде «есуастық белең алды» деп, нақты цифрлар мен деректерді жайып салады. Мінберден залдағыларды нұсқай сөйлеп, Әзірбайжан Компартиясы Орталық комитетінің 1-хатшысы Багировке: «Сен тізімдеп аттырып жүрген адамдарыңның кімдер екендерін де білмейсің!» десе, Куйбышев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы Постышевке: «Сен барлық аудандық партия комитеттерінің мүшелерін не түрмеге тоғыттың, не о дүниеге жібердің!» дейді. Багиров қорғана, ақтала жалпылап сөйлесе, Постышев: «Аттырдым және аттырамын да! Айналамыз жауға толы, мұнда отырған сендер оны білмейсіңдер!»  деп қарсыласады... Ақырында, қуғын-сүргінді айыптау туралы қаулы қабылдау дауысқа салынғанда троцкийшіл 1-хатшылар жеңіп кетеді. Г. Маленковтың ұлы А. Маленков «О моем отце Георгие Маленкове» деген естелігінде былай депті: «...Г.Маленков 1937-жылы тамыз айында Сталинге «Бұрмалаушылықтар туралы» тағыда хат жолдады. Бұл жәйтті әкемнің айтқаны бойынша жаздым, ол жазғанымды пысықтап отырды: «Мен хатымды  Сталинге хатшысы Поскребышев арқылы тіркетіп жеткіздім. Ішкі істер халық комиссариатында (НКВД) бұрмалаушылық бар, партияға берілген мыңдаған коммунистің қазасына Ежов пен оның ұжымы кінәлі дедім. 40 минөттен кейін Сталин шақыртты. Бардым. Сталин кабинетінде ары-бері жүр екен, үндемейді. Бір кезде: «Өзіңіз жаздыңыз ба?» деді. «Иә, өзім жаздым». Біраздан соң: «Өзіңіздің тұжырымыңыз ба?» деді. «Иә, өзімнің тұжырымым» дедім. Сталин үстеліне барып, хатыма: «Саяси бюро мүшелеріне. Мен келістім» деп бұрыштама жазды». Сөйтіп, дейді А. Маленков, Сталин Ежовқа енді сенбеуді ұйғарған.               Г. Маленковтың көмекшісі Сухановтың айтуынша, Сталин комиссардың 1-орынбасары болуға кандидат іріктеуді тапсырып, ол үш шартқа: органда      істеген тәжірибелі, партиялық жұмыста ысылған және өзі - Сталин сене алатын әділ кадр болу талабына сай таңдалсын деген. Маленков көмекшісі Донскойға тапсырма беріп, жиыны жеті кандидат іріктелген. Сталин Берияны таңдапты. Берия Мәскеуге 1938-жылы қыркүйек айында Ежовтың 1-орынбасары болып келді. Ежов оны маңына жолатпау үшін өліп-тіріліп қарсылық жасапты. А. Маленковты тағыда тыңдалық: «Ежов 1939-жылы қаңтар айының соңында Поскребышев арқылы Сталиннің қабылдауына сұранған.  Сталин оны қабылдаған. Жалғыз емес, жанында Маленков отырған. Ежов Маленковқа шүйіліп: - Халық жауларын жақтайды, ақгвардияшылдығы ұстап жүр! - дейді, Маленковтың ақсүйектер әулетінен екенін меңзеп. Өзіне білдірмей жер-жерден мәлімет алдырғанына ашуы және бар.  Ал Маленков қарсы тұрып, Ежовтың өзі де, ұжымы да партияға адал коммунистерді қуғындатқанын, соттатқанын, атырғанын айтады. Ежов Саяси бюро мәжілісін өткізуді талап етеді. Сталин: «Екеуің Маленковтың кабинетіне барып сөйлесіп, түсінісіп, жөнге келіңдер, мен шешімімді содан соң айтамын» дейді. Екеуі Маленковтың кабинетіне кетеді. Біраздан соң оларға Берия барып қосылады. Үшеуі кабинеттен шыға бергенде Ежов тұтқындалады. Маленков Ежовтың сейфін ашуды талап еткен. Одан партия Орталық комитетінің көптеген мүшелерінің, Маленков пен Сталиннің де  «Жеке іс» папкалары табылған. Ю.Жуковтың кітабынан және бір үзінді: «...ежовшылдардың күні  батты. Саяси бюро жер-жерге жеделхат жолдап, репрессияны тоқтатуды, «Үштік сотты» таратуды талап етті. Жеңген Сталин тобы Ішкі істер халық комиссариатын нысаға алып, қатаң тергеу  жүргіздіріп, қырғын жасауға қатысы болған қызметкерлерін жауапқа тартты. Сөйтіп, «Үлкен қырғын» тоқтатылды». ...Өлі Сталинмен «шайқасқа шығар» алдында Хрущев КСРО Бас прокуроры Р.Руденкоға, Ішкі істер министрі С. Кругловқа, Әділет министрі         К.Горшенинге «қызыл қырғынды ұйымдастырған Сталиннің қылмысын» тексеруді тапсырған (08. 12. 1953 ж.). Құрылған комиссия тексеруді Ленин-Троцкий тұсындағы қырғыннан бастап, 1953-жылмен аяқтаған. Мұрағаттық құжаттар негізінде жасалған қорытынды: «1921-1953 жылдар аралығында: саяси қылмыстық жазаға тартылғандар – 3. 777. 380 адам,  оның ішінде халық жауы – 1.344.923. Атылғандар – 642. 980, қалғандары – 10-25 жылға лагерь мен түрмеге кесілген. Жазаланғандардың арасында: түрлі себеппен кісі өлтіргендер, қаскүнемдік, ұрлық-зорлық, алаяқтық жасағандар болған. Ол жылдары жеке Ішкі істер министрлігі (милиция) болмағандықтан қылмыстылар топқа жіктелмеген. 2,9 млн. адамды ОГПУ (Оперативная группа политуправления), «Үштік соты» және Төтенше кеңес, ал 900-ге жуығын Әскери трибунал соттаған». Бұл мағлұмат алдына барғанда Хрущев: «Мұның ешкімге керегі жоқ!» деп долданып, үстелінің суырмасына тастай салыпты да, партияның ХХ-съезіндегі «құпия» делінген баяндамасында: «Сталиндік қуғын-сүргін жылдары 10 миллион адам құрбан болды!» деп тепсінді. Сол-ақ екен, бастапқы ресми цифрды (3,7 млн) түзетушілер көбейді. Мысалы: Д.Волкогонов – 5 миллион; А.Антонов-Овсеенко – 16 миллион; Ю. Феофанов – 20 миллион; Р.Медведев – 40 миллион, - десе, бетпақ А.Солженицын(Солженицкер) Франконы қолдау үшін 1976-жылы Испанияға «тарихи» сапар шеккенінде: «сталиндік социализм 110 миллион адамды құртты» деп, 1938-жылы  халқы 168 миллион КСРО-ны жағрапиялық картадан өшіріп тастай жаздады. «Ерікті  ауызға бөрікті бас» қана емес, бөшкелі арба сиып кетіп жатқан заман!.. «Қызыл қырғынның» Қазақстанда қалай жүргізілгені, қанша адамның құрбан болғаны жөнінде тиянақты ресми тұжырым жоқ. «Бәрінбілгіштер» цифрларды қақпақылдап әлек: бірі «0,5 миллион адам» десе, екіншісі «1 миллион» дейді және ешқайсысы Троцкий мен Свердловты атамайды. Бәрі  де лақпа Хрущев албастана қаралап кеткен Сталиннің аруағына жармасып жүр. Ал Хрущевтың зәлімдігін білгісі, тарихи шындыққа жүгінгісі келгендер, мәселен, халықаралық деңгейде танымал тарихшы ғалым Гровер Феррдің «Антисталинская подлость» атты нақты деректі кітабын оқыса, өкінбес еді.                                                                                             
  1. «Екінші  дүниежүзілік  соғысқа қазақтар  өз еркімен     қатысқан жоқ»; «9-мамыр - қазақ  үшін қаралы күн»
                     туралы Ұлы Отан соғысы деп аталған 1941-1945 жылдардағы шайқас - шын мәнінде дүниежүзілік соғыс. Себебі оған ондаған елдің қатысы болды. КСРО-ның болғаны, оның құрамына одақтас республика дәрежесінде Қазақстанның да енгені – тарихи құбылыс. Яғни одақтас 14 республика үшін КСРО ортақ Отан болды. Гитлершіл фашистер  ел шетіне тұтқиылдан басып кіргенде, «совет халқы» делінген көп ұлтты жұрт басқыншыларға қарсы қол ұстаса бірге аттанды. Өйтпегенде ше? Гитлер: - Орыстарды ғана қырамын, басқаңа тиіспеймін, - деген жоқ қой? Дегеннің өзінде де, мысалы, ата-бабасы: «Көрші хақысы –тәңір хақысы» деп өткен қазақ, ғұлама жиеніміз Лев Гумилев жазғандай, Көне Русь  пен Ұлы Дала заманынан бері көрші, туыс орыс халқын жау оғының өтінде жалғыз қалдырып, жайлауында жата берер ме еді? Былтыр 9-ншы мамырда Өскеменде болғанымда жасы тоқсанды артқа тастаған майдангер ақсақал Уәжіп Жексенұлы: - Қарағым, Жеңіс күнін «қазақ үшін қаралы күн» деп айтып, жазып жүрген анау үлкен-кіші шіркіндерге айта баршы, әке-шешелерін, иә, өздерін де гитлершіл жауыздардан қорғап қалған біздің там-тұм жүйкемізді жұлмаламасын, 5-6 жыл шыдай тұрсын, біз өліп таусыламыз, содан кейін сүйегімізді көрден алып, итіне тастаса да еріктері! –деп налығанда бетіммен жер басқандай хал кештім. Ұлы Отан соғысын, ондағы жеңісті мансұқтап, гитлершілдерді жоқтап, лаң салушылар біраз елде пайда бола бастады. Ресейдегі «тақырбастар» ма, Балтық жақтағы «өжеттер» ме, әрқилы аталатын жастар топтары тіпті жеңдеріне, туларына фашизмнің «бүйісін» (свастикасын) жапсырып алып, Гитлердің туған күнін атап өтіп, нәсілшілдік құртын қоздырып, басқа    ұлттарды кемсітіп, кісі өлтіріп те жүр. Санкт-Петербургтағы ол сұмырайлардың көшеде келе жатқан бейтаныс, жазықсыз қазақ қызын қазаға ұшыратқандары кеше ғана емес пе?! Елін, жерін фашизмнен азат еткен совет жауынгерлеріне орнатылған ескерткіштерді ластау, қирату сияқты өрескелдік те кездесіп жатыр. Гитлершілдердің қаскөйлігін көрген, түсінген неміс халқы өздерін де, жер жүзін де фашизмнің обасынан арашалап қалған совет солдатына Берлинде орнатылған ескерткішке тиіспейді, ал Ресейде, Балтық елдерінде, Украинада, басқа да жерлерде қиратады. Сонда олар, егер фашизм жеңген күнде, өздерінің ұшпаққа шығатынына көздері жеткендер ме?!. Ұлы Отан соғысында КСРО жеңілсе, ол оның құрамындағы барлық республикалардың, барлық ұлттар мен ұлыстардың жеңілісі болмас па еді?  Фашистер славяндарды ғана қырып, өзгелерге, мысалы, қазаққа тиіспеуге, достасып, құда болып, құйрық-бауыр жесіп жүруге уәде беріп пе еді? Сөйткен күннің өзінде қазақ басқыншыларға қарсы ұмтылған әрі тағдырластары, әрі көршілері - орыс, қырғыз, өзбек, т. б. халықтардан жырылып қалар ма еді? Жоқ, қалмас еді! КСРО жеңілсе, Қазақстан да құрдымға кетер еді. Ендеше, кейбір «сәуегөйлер» айтып жүргендей, 1945-жылғы мамырдың 9-ншы күні қазақ үшін қаралы күн емес! Ол - Жеңіс мерекесі күні!  Қазақтың қамын жегенситін сыңарезулердің қазаққа бұл күнді ұмыттырғылары келіп жүргендері - елін, жерін, кейінгі ұрпағын қорғап құрбан болған: Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Ізғұтты Айтықов, Нұркен Әбдіров, Баубек Бұлқышев және басқа мыңдаған боздақтарымыздың, қанмайданнан жеңіспен оралып, күні кеше ортамызда жүрген: «Отан үшін отқа түс, - күймейсің!» деген Бауыржан Момышұлы, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдінев, Қасым Қайсенов, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, басқа да жүздеген аға-апаларымыздың аруағынан аттап кету! Бүгінде алдымызда аман-есен жүрген жеңімпаз қарт майдангерлерімізге     күл шашу! «Өткенге оқ атпа, ол өзіңді табады» дейміз. Ал «атқыштар» қырда да, ойда да қоқиланып жүр. КСРО-ның, екінші дүниежүзілік соғыстың тарихтарын бұрмалатып, өңін айналдыртып, марқұм И. Сталиннің аруағын бетпақтықпен күстаналап, өзінің сол кезеңдердегі сұрқия істерін бүркемелеуге жанталасқан алаяқ Н. Хрущевты жоқтап жүрген, іштерінде қайран қазекемдер де бар, саяси шаласауатты топтар өтіріктің көрігін күрпілдетуде. Ол көріктің көмірі – Хрущевтың СОКП  ХХ-съезінде жасаған «құпия» баяндамасы. Ол баяндаманы халықаралық деңгейде танымал тарихшы ғалым Г.Ферр: – «Өсек-өтіріктің әлемдік үлгісі» деді. Біздің кейбір «үлгілілер» екінші дүниежүзілік соғысқа 2,5-3 миллион қазақ еріксіз қатыстырылып, оның жартысы қырылғаны туралы шімірікпей жазды (әлі де жаза берер). Ал соңғы ресми деректер ол соғысқа Қазақстаннан 1.196.164 адам қатысқанын, үштен бірі (398.721 адам, оның ішінде 125.000 қазақ) қаза болғанын мәлім етті.   ...Совет Одағының нығаюын тілемеген Ф.Рузвельт пе, ашық дұшпаны болған У.Черчилль ме, В. Лениннен жеңіліп, шет ел асып кеткен А.Керенский ме, елдегі жаңа бағытты жатсынып, капиталистік қоғамда өмір сүріп өткен  жазушы И. Бунин бе... көпке мәшһүр басқа да ондаған тұлға дүние жүзін иемденуді көксеген Гитлерді жеңу – КСРО-ны, Ресейді, бүкіл әлемді фашизмнен аман сақтап қалу болды деген. Белгілі қаламгер ғалым Р.Гароди (Франция): «Фашизм жеңсе, біз Освенцим дәуірінің жемтігі болып жүрер  едік» депті. Әрине!.. ...Өңезе  өсекке үйір  болғанша, ақиқатқа  жүгінсекші!                                                                                     Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫ,  Қазақ үні