Мұхтар ШАХАНОВ: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕДЕ БӘРІМІЗ БІР БОЛЫП, ӘРҚАЙСЫМЫЗ ТІЛІМІЗДІ САҚТАУҒА ТАЛПЫНБАСАҚ, ҚҰНЫМЫЗ КӨК ТИЫН!?.

 Жаңаөзенде ешбiр елде алға шықпаған зұлымдық көрiнiс тапты. Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде үкiметтiң арнайы тапсырмасымен КСРО Қауiпсiздiк комитетi, iшкi iстер министрлiгi бiрлесiп “Метель” операциясын құрған. Алаңға кiлең жас қыз-жiгiттер шыққанда олар жүрегi жарыла қуанған. Өйткенi, 1 жыл 2 ай бойы “Метель” операциясы жатып қал­ған едi. Егер дәл осы “Метель” сынағы болмаса, жастар өзiнiң ой-тiлегiн айтып алаңда 1-2 күн тұруына болатын едi. Мiне, осындай зұлымдық болған. Бiрақ, тiптi сол зұлымдықтың өзiнде халыққа оқ жау­дырған жоқ. Ал мына Жаңаөзенде халыққа аяусыз оқ жаудырды. Кiм оларға тапсырма бердi? Кiнәлi адамдарды неге судың бетiне шығармаймыз? Мiне, осы мәселе күнi бүгiнге дейiн шешiмiн тап­қан жоқ. Өйткенi, билiк бүркеп отыр. Олардың ойынша, барлығы дұрыс жасалған. Ал бiз бұл мәселенi аша алмасақ, азаматтығымызға сын.
Десек те, бұл оңайлықпен шешiлетiн шаруа емес. Бұған үлкен дайындық керек. Билiк бiздiң айтқанымызға көне салмайды. Әрбiрден қысым көрсетедi. Соттайды, айыппұл салады, түрмеге тоғытады. Бiздiң бар кiнәмiз – шындықты айтқанымыз, шындықтың бетiн ашуға тырысқанымыз.
Бiр мәселенi шешiп алуымыз керек. Дұрыс, орыс тiлiне ешкiм қарсы емес. Бiрақ, елдiк, ұлттық мүддеде бәрiмiз бiр болмасақ, әрқайсымыз ұлтымыздың тiлiн сақтауға талпынбасақ, құнымыз көк тиын?! Тiл үшiн, дiл үшiн қанша күрес­тiк? Қарсы шығып жатқандардың басым бөлiгi өзiмiздiң қазақ жiгiттерi. Оларды бiрiзге салып, соларға ой тастауымыз керек. Бiрлесiп, елдiк, ұлттық мәселелердi ту еткенде ғана жеңiске жетемiз.