Елордада үш арысқа ескерткіштер орнатылады
2019 ж. 01 қазан
4455
0

Елордада қазақтың үш арысы - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталып кетті. Соның аясында тұңғыш рет елордамызда №87 Абай атындағы мектепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқушылар сарайына беру жоспарланған. Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», - деді қала әкімінің орынбасары.