Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды. "Қазақ үні" ақпарат агенттігі марапатқа ие болған қаламгерді құттықтайды. Сыйлыққа лайық деп танылған авторлардың тізімі: Ғұсман Жандыбаевқа “Арман ауыл” өлеңдер жинағына; Нұрдәулет Ақышқа “Рақымсыз көктем” әңгімелер жинағына; Сайлаубай Жұбатырұлына “Абыржы”  3 томдық шығармалар жинағына; Қайсар Әлімге “Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа” хикаят сапарнамасына; Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына; Мира Шүйіншалиеваға “Ар азабы” пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін; Дәулеткерей Кәпұлына “Терісбұрау” өлеңдер жинағына; Мырзан Кенжебайға “Өттің дүние” өлеңдер жинағына; Сайлаубай Тойлыбаевқа  “Сарноқай саздары” жинағына; Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына; Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы; Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына; Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына; Дәурен Қуатқа “Бөрісоқпақ” әңгімелер жинағына; Өмірзақ Қажымғалиевке “Жаңғырық” трилогиясы үшін; Мінуар Әкімхановқа “Көңілге тұнған көп сурет” өлеңдер жинағына; Патигүл Мақсатоваға Патям “Хар пәсилнин гузаллиги бар” өлеңдер жинағына; Әмина Құрманғлиқызына “Әулет пен нәубет”  шығармалар жинағына; Серікбай Оспановқа “Алқоңыр” өлеңдер жинағына берілді.