«ЖЕЛТОҚСАН» МҮШӘЙРАСЫНЫҢ БАС БӘЙГЕСІ – АВТОКӨЛІК!

Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына байланысты «Ақ жол» партиясы бастаған Қоғамдық комитет «ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ – ЖЕЛТОҚСАН» атты Республикалық мүшәйра өткізеді Мүшәйраның мақсаты: Жел­тоқсан көтерілісінің маңызы мен Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылында жеткен жетістіктерді бейнелеу. Мүшәйра тақырыбы: Қазақстан Тәуелсіздігің 20 жылдығы мен Тәуелсіздік қарлығашы – Желтоқсан көтерілісінің бағасы мен маңызы. Мүшәйраға қатысушы талапкер осы тақырыпқа арналған өлеңдерін 2011 жылдың 20 қазанынан 20 қарашаға дейін «Мүшәйраға» деп, бүркеншік атпен жіберуі тиіс. Қосымша бөлек конвертте автор жайлы мәлімет (аты- жөні, мекенжайы, телефондары, суреті, ақынның шығармашылығы туралы шағын ақпарат, т.б.) толық жазылуы керек. Өлеңдердің электрондық нұсқасы қоса жіберілуі тиіс. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады. Қатысатын ақындардың жасына шек қойылмайды. Мүшәйраның өту мерзімі 2011 жылы Желтоқсан айының алғашқы күндері. Нақты мерзім қосымша хабарланады. Жеңімпаздарға тағайындалатын сыйақылар көлемі: Бас бәйге – автокөлік Бірінші орын – 500 000 теңге Екінші орын – 300 000 теңге Үшінші орын – 200 000 теңге. Өлеңдерді мына мекенжайға жіберу керек: 050006, Алматы қаласы Қалқаман-3 мөлтекауданы; К. Сейітов көшесі 11 үй, «Жас қазақ үні» газетінің редакциясы. Электронды почта: zhas-kazakh@mail.ru Телефондары – 8-727-398-57-31, 8-777-200-96-46 Жүлдегерлердің шығармалары республикалық басылымдарда жарияланып, іріктелген өлеңдер жеке кітап болып шығады. Ұйымдастыру алқасы