Астанада Айтматовты еске алу кеші өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қырғызстанның халық жазушысы, танымал мемлекеттік және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әлем әдебиетіндегі алып тұлға» атты еске алу кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – Шыңғыс Айтматовтың мұрасын танымал ету және Айтматов оқулар мәдениетін қалыптастыру.Ұлы жазушының прозалық жұмысын және оның әлемдік мәдениетке әсерін талқылау. Ұлы жазушының, ойшыл-философтың, журналист және дипломаттың естелігін құрметтеу, сондай-ақ, қоғамға табиғат пен адамдар арасындағы үйлесімді сақтау мен барлық адамзатты құтқару туралы Шыңғыс Айтматовтың терең философиялық ой-пікірлерін түсіндіру болып табылады.

Кеш барысында «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында қаламгердің кітаптарының және фото көрмелері өтті.

Іс-шараға Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кулубаев Жээнбек Молдоканұлы, ақын, драматург, жазушы, сатирик Баянғали Әлімжан, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Бодаубай, ақын, прозшы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Марат Мәжитов, Қазақстан мен Қырғызстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері, әдебиеттанушылар, мәдениет орталықтарының өкілдері және кітапханашылар қатысады.