Тарихта махаббат дастандары аз емес. Соның бірі де, бірегейі де, 18 жастағы Ару Бегімай мен алпыстан асқан ақын Ыраймалының махаббатын сол қоғамдағы түсінбеген тобыр қос ғашықты отқа өртеді…
Ал бүгінгі күннің Бегімайы мен Ыраймалылары қандай күй кешуде? Танымал ақын Қазыбек Иса осы тақырыпты өлеңге арқау етті. Ақынның ғашықтық жырын оқырман қауымға ұсынамыз.
БІЗ БӘРІБІР БІРГЕМІЗ
Бегімайдың әнін тыңдап жүргенде,
Мен де бүгін саған, күнім, жолықтым.
Ғашық болған ақынды ақтап бір демде,
Жүрегімнің барын білдім – соны ұқтым…
Туылсақ та сен кештеу, мен ертелеу,
Бізді босқа жолықтырған жоқ құдай…
Еркем, саған жарасады еркелеу,
Аялаймын, бойымды өртеп от бұлай…
Түсінер ел –
асқан кезде арнадан,
Ақынды бұл сөзі құнды, көзі -мұң…
Біздер, жаным, тілейік бір Алладан,
Бегімайдың тағдыры емес, сезімін…
Жанғандарды Маxаббаттың отына
Неге өртеді тобыры өңкей түнектің.
Тап болмай біз соқырлардың сотына,
Өртенейік жалынына жүректің!..
Құлай сүйдім-
Түсе алмай бір байыпқа,
Кінәлайды ойлайтындар тым қысқа…
Ару болып тусаң айым, айып па,
Сұлулыққа ғашық болсам, қылмыс па?!.
Қиындықтың бәрін бірге жеңерміз,
Күллі әлемнен Күттім сені, біле біл…
Елігім-ау, кездеспесек егер біз,
Әділетсіз болар еді бұл өмір!..
Саған, жаным, алып ұшып жетейін,
Бір көруге кедергі екен тегі не?.
Еркем, сені ертіп алып кетейін,
Ел бармаған Ертегілер еліне!
Тосқауылдар жолымызда жоқ емес…
Оның бәрін, жаным, жақсы білеміз…
Көңілдерден кетпес мәңгі көп елес –
Біз бәрібір бірге өмір сүреміз!
Қазыбек ИСА
25.11.2018.
qazaquni.kz
Тамаша жыр
Махаббат жырын 15 мың адам оқыпты, көп пікір жазылыпты
15 мыңға жуық адам оқып, көп адам пікір жазыпты
өте әсерлі
Міне, нағыз Махаббат туралы жыр!
Ғашықтық жырдың мәтінін жариялап қойыпты осы постқа. Қазыбек аға, рахмет!
БІЗ БӘРІБІР БІРГЕМІЗ
Бегімайдың әнін тыңдап жүргенде,
Мен де бүгін саған, күнім, жолықтым.
Ыраймалы ақынды ақтап бір демде,
Жүрегімнің барын білдім – соны ұқтым…
Туылсақ та сен кештеу, мен ертелеу,
Бізді босқа жолықтырған жоқ құдай…
Еркем, саған жарасады еркелеу,
Аялаймын, бойымды өртеп от бұлай…
Түсінер ел –
асқан кезде арнадан,
Ақынды бұл сөзі құнды, көзі -мұң…
Біздер, жаным, тілейік бір Алладан,
Бегімайдың тағдыры емес, сезімін…
Жанғандарды Маxаббаттың отына
Неге өртеді тобыры өңкей түнектің.
Тап болмай біз соқырлардың сотына,
Өртенейік жалынына жүректің!..
Құлай сүйдім-
Түсе алмай бір байыпқа,
Кінәлайды ойлайтындар тым қысқа…
Ару болып тусаң айым, айып па,
Сұлулыққа ғашық болсам, қылмыс па?!.
Қиындықтың бәрін бірге жеңерміз,
Күллі әлемнен Күттім сені, біле біл…
Елігім-ау, кездеспесек егер біз,
Әділетсіз болар еді бұл өмір!..
Саған, жаным, алып ұшып жетейін,
Бір көруге кедергі екен тегі не?.
Еркем, сені ертіп алып кетейін,
Ел бармаған Ертегілер еліне!
Тосқауылдар жолымызда жоқ емес…
Оның бәрін, жаным, жақсы білеміз…
Көңілдерден кетпес мәңгі көп елес –
Біз бәрібір бірге өмір сүреміз!
Қазыбек ИСА
Өлеңді жариялау туралы оқырмандар сұрауын орындау парызымыз. сондықтан өлең мәтінін алда жариялайтын боламыз.
Өлеңіме Ақ тілек айтып жатқан баршаңызға мың алғыс! Алла жар болсын!
Сонда ән жазғысы келген композиторларға да оңай болады
Фейсбукта «осы махаббат жырының тексін жариялаңыздаршы, видеодан жазып ала алмаймыз, қиын ғой.»-деген Іңкәрдың өтінішіне қосыламын. Шынында да, алдымен бұл ғашықтық жырының тексін жариялау керек!
Ән жазатын композиторлар жетеді, бірақ ол әнді қандай әнші орындаса әдемі шығады?
қалай ойлайсыздар, қай композитор жаза алады мұндай жырға әнді?
Енді осындай мөлдір махаббат туралы жүректен шыққан өлеңге әдемі ән жазылса жақсы болар еді
Осы Бүгінгі Бегімайлардың суретін де салу керек еді, таныс болатын едік…
Мына өлеңге мықты композиторларымыз ән жазса қатып кетер еді!!. Тебіренерлік терең ойлы, шалқар сезімді жырға ән жаза алатын кім бар екен?
Кәусар сіңілім дұрыс айтасың. Шынында «Мынадай мөлдір махаббатты жырлаған ғажап жырды ғашықтық ғаламатын сезбеген, өз басынан өткізбеген ақын жаза алмайды!» Қазыбек аға, бұған не дейсіз?
Шын маxаббатты шынайы сезінетіндер ақындар ғой! Қазыбек аға, мөлдір сезімді жырлаған өлеңіңізді оқып, терең сырыңызды білгендей болдым! Аман болыңыз! Жырыңызға арқау болған шын ғашықтар шын бақытты жандар екен!
Осындай тамаша жыр арналған қызда арман бар ма екен?
Мынадай мөлдір махаббатты жырлаған ғажап жырды ғашықтық ғаламатын сезбеген, өз басынан өткізбеген ақын жаза алмайды…???
Шынында да жүрек тебірентерлік жыр екен!
Иә, Гүлім дұрыс айтасың
бәрекелді, аға!
Жүрек тебірентер жырларыңыз көп болсын, Аға!