Жұматай Көксубай: Қалың жылқы жусап жатқан бұл бөктер
2018 ж. 15 қараша
3638
1
Қасқырлар Тіліменен күннің бетін жалайтын, Түгіменен түннің шашын тарайтын. Мынау сайқал дүниеге дүбірлі, Еркіндіктің көзіменен қарайтын. Қасқырлар-ау, қасқырлар-ау, қасқырлар, Қайсы белде айды тістеп жатсыңдар. О, даламның дара бөтен тағысы, Түн ұйыған жанарында намысы. Азу тісін айға қайрап отырып, Жұлдыздай көп болса дейтін табысым. Түн пердесін жыртып-жыртып ұлыған, Сол бір дауыс һәм такаппар тұнық ән. Қалың жылқы жусап жатқан бұл бөктер, Теуіп ашқан жерді шұқып жүр кептер. Қасқыр келіп араласты әнеки, Қар бетіне сызып қызыл суреттер. Қайран тай бойынан дірілдеп, Қашып шықты бұлқынды да бір рет. Кәрі қойшы ерік берді күмәнға, Қара мылтық ажалды аңсап тұр анда. Тұяқтарын тұман жуып көкжалдың, Ұзақ-ұзақ ұлысын кеп қыран да. Азан даусы сіңіп қалған тау ішін, Мекіренген қойдың басар даусы. Қойшы көзін сүйеді кеп ұйқы қыз, Өтті уақыт, ол уақыт, түлкі қыз. Самал келіп түртеді сол жігітті, Самал шытпен жанарыңды сүртіңіз. Намыстылар бірін-бірі күзетіп, Таң атырар табанынан сыз өтіп. Өз көзіммен көрсем дейтін өмірді, Түн көзінен байғұз үні төгілді. Сенің даусың естілмеді не заман, Сол заманнан бері адамдар көңілді. Қайсы белде айды тістеп жатсыңдар, Қасқырлар-ау, қасқырлар-ау, қасқырлар. Қараша айы Ақыры мен мұңнан алқа тақтым-ау, Тағы еске түсірейік, тәттім-ау. Жебе дерсің, кеме дерсің аспанда, Қапсалаңнан құс қайтатын шақ мынау. Қараша айы. Қанат жауып тұрған тұс, Аспанымды бүркеп солай мың сан құс. Әппақ бұлттар мезгіл шеккен шылым ғой, Ал кеңестік, күміс ернеу күл салғыш. Арқалайтын арқар белдер асыл ой, Қараша айы, бізде қыстың басы ғой. Қыз дегеннен күз дегенге өзгерген, Жапырақтар сары кемпірдің шашы ғой. Қойымды айдап қошқар мүйіз белдерде, Өлең оқып беруші едім ерменге. Деп ойлаушы ем қырқаларды ғасырдың, Керуенінен қалып қойған теңдер ме? Сәл езіліп пысқанындай өріктің, Мен іңірдің тәтті шағын көріппін. Бүлдірген бет, таңқурай шаш, күн сұлу, Қараша да менің жалғыз көріктім. Ата таулар, салалаған сақалын, Самал желмен жіберетін мақалын. Жалғыз досын күте-күте жалығып, Жұлдыз жерге ағып келе жататын. Өз тілінде ұзақ-ұзақ сөйледі, Анау бұлттар қыстың жазар сөйлемі. Ақ ұлпаға айналатын осылай, Қарашаның қоңыр торғын көйлегі. Бүгін ойлап кеңсірігім тұр ашып, Сол дүбірі жүрегіме ұласып. Топ құйрығын айға қадап кісінеп, Күрең айғыр кетті үйірі қыр асып. О, қапсалаң мені мұңға көндірдің, Барамын деп өзімді алдап сендірдім. Сағынышты ішіп-ішіп тауыса алмай, Жалғыздықты құшақтап ап мен жүрмін. Кешір! Ауылым Түйе өркеш, қоян жонды, түлкі бауыр, Тауымның туысы еді бұлты да ауыр. Аспанға алақанын жайған көкпен, Түрленіп кеткен шығар шіркін ауыл. Қарашыдан басталған орақ бұлақ, Қапсалаңды ағатын орап құлап. Тәңір таудың шыңдарын құрсаулайтын, Мәңгілкке шешілмей сол ақ тұмақ, Аспан түріп алғандай түңілігін, Жаратқанның қызды- ау деп күні бүгін. Шешем кейде осылай күбірлейтін, Қырқаларға көз тастап құлын мұрын. Сары қурайдың сабына сөз ілгендей, Жел түрткенде боздайтын бозінгендей. Күн батыстан құлаған көлеңкелер, Қызыл жардың түбіне көз ілгендей. Құлагерлі мекендер күміс ерлі, Күмісіне көз салып күн ішеді. Жалғыз ара ұшады жанай сені, Домбрадай үзілген бір ішегі. Осы шақ қоян үркіп қашқан белге, Қаз мойын түтін жүзіп аспан көлде. Сиырлар сыйырағымен сырға тоқыр, Бақайын балпаң-балпаң басқан белге. Сендерге бермесін деп алапат күн, Шешем бәрін тілейтін шарапаттың. Иегін иізен белден асыратын, Күрең сайға кілкіген қарақат түн. Ауыл ғой ол... Арман Шешендердің сөзінен, Төр орнатып берейін. Бүкіл қыздың көзінен, Көл орнатып берейін. Айдың әппақ нұрымен, Айна жасап берейін. Жұлдыздардың жүзінен, Саған сырға терейін. Жапырақтың тамшысын, Алқа етіп берейін. Ажарыңды кірлетпей, Жанарыма бөлейін. Найзағайдың жарқылын, Шарпың етіп қояйын. Бұлбұлдардың барлығын, Әншің етіп қояйын. Ақша бұлытты гүлімен, Көрпең етіп қояйын. Кемпір қосақ нілімен, Кірпігіңді бояйын. Сәбилердің күлкісін, Шашып қоям жолыңа. Мен ауадан басқасын Ұстатпаймын қолыңа. Мен осылай бақытты, Қылсам деп ем өзіңді. Сен басқамен кеттің де, Қайыран арман көз ілді.Жұматай Көксубай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Астанада өткен "Қасиетті қазақ елі" халықаралық фестивалінің "Поэзия" аталымы бойынша Бас жүлде иегері. "Қазақ үні" ақпарат агенттігі жас ақынның бір топ өлеңін оқырман қауымға ұсынады.