Лондонда қазақ мәдениеті мен әдебиетінің форумы өтеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениет және әдебиетінің Халықаралық форумын өткізеді.

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады. Сонымен қатар мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби мамандардың қазақстандық ұлттық сәйкестік идеясы шеңберіндегі күш-жігерлерін біріктіріп, Қазақстан мен оның халқын әлемдік өркениеттің маңызды элементі ретінде позициялаудағы рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әдебиеттің рөлі мен мәдени алмасуға және кәсіби ынтымақтастыққа негізделген.

Іс-шараға ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов, «OpenCentralAsia» журналының редакторы Марк Ахмед пен журналист-жазушылар Ник Филдинг және Каролина Уалтон (Лондон), ағылшын зерттеушісі Джил Браун, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, жазушы, «Жалын» баспасының директоры, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бексұлтан Нұржекеев, ғалым, жазушы, академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім, кинорежиссер, сценарист, суретші, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Абдрашев, ақын, ғалым, аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқов, ақын, жазушы, журналист, филология ғылымдарының докторы, бірнеше әдеби байқаулардың жеңімпазы Есболат Айдабосын, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Атабаева Замзагүл қатысады.

Форум аясында Қазақстандық авторларының: Бексұлтан Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» мен «Шыңғысхан Іле өңірінің ұланы» және БахытжанТобаяковтың «Звуки кобыза» кітаптарының тұсаукесері, сондай-ақ, Руслан Ақанаевтың «Жыл мезгілдері» көрмесінің және «Қазақстанның өнері мен мәдениеті» фотокөрмесінің тұсаукесері өтеді.