МҰХТАР ШАХАНОВ: ТАМЫРСЫЗДЫҚ ҮЛКЕН ҚАУІП ТУДЫРАДЫ ҚОҒАМҒА
2018 ж. 30 қыркүйек
5023
3
Жантақ деген өсімдік бар, түйе қорек ететін,
Тамыры оның отыз құлаш тереңдікке кететін.
Қызыл құмда бет қаратпас долы дауыл ескенде,
Құм теңіздей толқынданып, оңға-солға көшкенде,
Бар қимылы сыртқы күштің ыңғайына құрылып,
Даңққа бөлеп өзі ғұмыр сүріп жатқан кезеңді,
Жантақ əркез орынында қалып қояр ежелгі.
Қаңбақ сорлы тамырынан лезде оңай жұлынып,
Жел қайда үрсе, солай қарап домалап,
Ық пен сайды, бұта түбін паналап,
Жиі-жиі мекен-жайын жаңалап,
Дүниені өз мұң-зары деңгейіне бағалап,
Тамырлыға қызғанышпен қарап əрі табалап,
Тұрақсыз күй кешетіні обал-ақ.
ШЫНШЫЛ РУХ ДАРЫНЫНАН ҚҰЛҚЫН ОЗҒАН ЗАМАНДА,
ТАМЫРСЫЗДЫҚ ҮЛКЕН ҚАУІП ТУДЫРАДЫ ҚОҒАМҒА!!!
Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақ үні