ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕКТІҢ 50-жылдығына ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өткен жарқын талант, дарынды ақын, сыншы, мәдениеттанушы, түркітанушы Әмірxан Балқыбектің келесі жылы өтетін 50 жылдыеына дайындық туған өлкесі Түркістан облысынан басталып кетті.

Бүгін осы мәселемен бір топ қаламгерлерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы қабылдады. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ақын, "Қазақ үні" газеті президенті, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, жазушы, "Қазақ әдебиеті" газеті басредакторы Дәурен Қуат, ақын Маралтай Райымбекұлы, ақын, жазушы Марxабат Байғұт, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облысы филиалы төрағасы Бақытжан Алдияр келесі жылы болатын Әмірxан Балқыбектің 50-жылдығына байланысты шараларды талқылады. Жиынға Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық Мәдениет басқармасы басшысы Асылxан Темірбек қатысты.

Қаламгерлер Отырар кітапxанасын аралады.