Біздің «әлем таныған» деп мақтанатын шығармаларымыз қайда?
2018 ж. 20 маусым
4953
0
Адам баласының тәрбиесіне, біліміне, рухани жетілуіне игі ықпал еткен 100 әдеби туындыны таяуда Би-Би-Си агенттігі анықтап тізімін жасаған екен. Жазушылар, аудармашылар, академик ғалымдар, журналистер, әдебиет сыншыларынан тұратын 35 елдің мамандары қатысқан сараптамада проза, поэзия, халық ауыз әдебиеті, эпостық жырлар, драмалық туындылар, қысқа әңгімелер талқыға түсіп, үздік 100-ін анықтаған. Жүздікке енгендер арасында 23 әйел жазушы бар. Сондай-ақ, әлемге кең тараған шығармалардың сыртында кейбір аса танымал болмаса да, белгілі бір ұлттың салт-дәстүрі мен ерекшеліктерін, аң, өсімдіктерін және ас-суларына шейін таныту арқылы әлем халықтарының танымына, көркемдік сезіміне, өнеріне, ғылыми ұғымына ықпал етті деп танылған туындылар да қамтылған. Тіізмге Зимбабвенің, Нигерияны46 Пәкістанның жазушысы да енген. Ал, біздің «әлем таныған» деп мақтанатын шығармаларымыз қайда? Сонымен тізіммен танысайық: 1. Одиссэй (Гомер, б.з.д.VIII ғ, Ежелгі Грек). 2. Том ағайдың күркесі (Гарриэт Бичэр Стоу, 1852, АҚШ). 3. Франкэнштэйн (Мэри Шэллэй, 1818, Англия). 4. Мың тоғыз жүз сексен төрт (Жорж Орвэлл, 1949, Англия). 5. Қирату (Чинуа Ачэбэ, 1958, Нигерия) 6. Мың бір түн ертегілері (VIII-XVIII ғ, Арабия). 7. Дон Кихот (Мигуэл де Сервантэс, 1605-1615, Испания) . 8. Гамлет (Уильям Шекспир, 1603, Англия). 9. Жүз жылдық жалғыздық (Габриэл Гарсиа Маркез, 1967, Колумбия). 10. Илиада (Гомер, б.з.д. VIII ғ, Ежелгі Грек) 11. Сүйкімді (Тони Моррисон, 1987, АҚШ) 12. Құдіретті комедия (Данте Алигиэри, 1308-1320, Италия). 13. Ромео мен Джульетта(Уилъям Шекспир, 1597, Англия). 14. Гилгамэш жыры (б.з.д. XXII-X ғ, Шумер) 15. Гарри Поттер (Дж.К Роулинг 1997-2007, Англия). 16. Күңнің әңгімесі (Маргарет Этвуд, 1985, Канада) 17. Улисс (Джэймс Джойс, 1922, Ирланд). 18. Жануар фермасы (Джордж Орвэлл,1945, Англия). 19. Жэйн Эйр (Шарлоттэ Бронте, 1847, Англия) 20. Бовари ханым (Густав Флобэрт,1856, Франция). 21. Үш елдің тарихы (Ло Гуанжон, 1321-1323, Қытай). 22. Тансан діндар ертегі (Ү Чэн Эн 1592, Қытай). 23. Қылмыс пен жаза (Фёдор Достоевский, 1866, Ресей). 24. Мақтаныш пен дансайсу (Жэнь Остин,1813, Англия) 25. Суық тау жазуы (Ши Най Ань, 1589, Қытай). 26. Соғыс пен бейбітшілік (Лев Толстой, 1865-1867, Ресей). 27. Мазақтағыш құсты өлтіру (Гарпэр Ли,1960, АҚШ) 28. Саргассо кең теңіз (Жин Рис,1966, Англия) 29. Эзоптың сарказм ертегілері (Эзоп, б.з.д. 620-560, Ежелгі Грек). 30. Заңдылығымен жүрген әлем (Вольтэр, 1759, Франция). 31. Мэдэя (Эврипид б.з.д. 431, Ежелгі Грек) 32. Махабрата (Вяса, б.з.д. IV ғ, Үндістан). 33. Лир патша (Уильям Шекспир, 1608, Англия). 34. Гэнжи жыры (Мурасаки Шикибу, 1021, Жапония) 35. Жас Вэртэрдің уайымы (Иоган Вольфган фон Гете, 1774, Германия). 36. Сот алдындағы әрекет (Франц Кафка, 1925, Австри). 37. Ұмытылған уақытты іздеу (Марсэл Пруст, 1913-1927, Франция) 38. Желді үстірт (Эмили Бронте,1847, Англия) 39. Көрінбейтін адам (Ральф Эллисон,1952, АҚШ) 40. Моби Дик (Герман Мөрвилл,1851, АҚШ). 41. Олар Құдайды көріп тұрған (Зора Ниэл Хорстондун, 1937, АҚШ) 42. Терезе (Виржиниа Вульф,1927, Англия) 43. Ай Кю-дің шын тарихы (Лү Синь, 1927, Қытай). 44. Алиса ғажайыптар елінде (Льюис Кэролл, 1865, Англия) . 45. Анна Каренина (Лев Толстой, 1873-1877, Ресей) 46. Тас қараңғылықтың жүрегі (Жозэф Конрад, 1899, Англия) 47. Қырсық маймыл (Гелен Гарнэр, 1977, Австралия) 48. Доловэй ханым (Виржиниа Вулф, 1925, Англия) 49. Эдип патша (Софокл, бзд 429, Ежелгі Грек). 50. Құбылыс (Франц Кафка, 1915, Австрия) 51. Орэстэя (Эсхил, бзд.V ғ, Ежелгі Грек) 52. Жәрмеңке (авторы мен жылы беймәлім) . 53. Айғай (Олэн Жинсбэрг,1956, АҚШ) 54. Кәдірсіз адамдар (Виктор Гюго,1862, Франция). 55. Мидлмар (Джордж Элиот, 1871-1872, Англия) 56. Пэдро Парамо (Хуан Рулфо, 1955, Мексика) 57. Лян Шаньбо және Жү Интай (ертек, Қытай) 58. Кэнтэрбур мақалалары (Жофри Чосэр, 1387, Англия) 59. Бес өсиет (Вишнү Шарма, бзд 300, Үндістан). 60. Браз Кубас қалдырған естелік (Жуакин Мариа Машаду де Ассис, 1881, Бразилия) 61.Жин Броди ханымның ажарлы жылдары(Мюриэл Спарк,1961, Шотландия) 62. Тозған шалбарлы қайырымдылар (Робэрт Трэссэлл, 1914, Ирландия) 64. Алтын жазбалар (Дорис Лэссин, 1962, Англия) 65. Түн ортасындағы бала (Салман Рушди, 1981, Пәкістан-Британия) 66. Алаң көңіл (Цици Дангарэмбга, 1988, Зимбабве) 67. Кішкентай падишах (Антон де Сэнт-Экзюпори, 1943, Франция). 68. Мастер и Маргарита (Михаил Булгаков, 1967, Ресей). 69. Рамаяана (Вармики, б.з,д.XI ғ, Үндістан). 70. Антигона (Софокл, б.з,д.441, Ежелгі Грек). 71. Дракула (Брам Стокэр 1897, Ирландия) 72. Тас қараңғыдағы сол қол (Урсула Ле Гуин, 1969, АҚШ) 73. Рождество әні (Чарльз Дикэнс, 1843, Англия) 74. Америка (Раул Отэро Рэйч, 1980, Боливия) 75. Заң алдында(Франц Кафка, 1915, Австрия) 76. Гэбэлавидің баласы (Нагиб Мафуз, 1967, Мысыр) 77. Пэтрарка әуені (Пэтрарка, 1374, Италия) 78. Кэбра Нагаст (көп авторлы, 1322, Эфиопия) 79. Кішкентай бикеш (Луиз Маи Алкот, 1868-1869, АҚШ) 80. Революция (Овид, VIII ғ, латын) 81. Омэрос (Волкот Дэрэк, 1990, сэнт-люси) 82. Иван Денисовичтің бір күні (Александр Солженицын, 1962, Ресей). 83. Орландо (Виржиниа Вулф, 1928, Англия) 84. Кемпірқосақ жылан (Австралияның ежелгі тұрғындары ертегісі) 85. Төңкерісшіл жол (Ричард Ятэс, 1961, АҚШ) 86. Робинзон Крузо (Даниэл Дэфо, 1719, Англия). 87. Менің әуенім (Волт Витман, 1855, АҚШ) 88. Хаклбэрри Финнің хикаялары (Марк Твэйн, 1884, АҚШ). 89. Том Соир хикаялары (Марк Твэйн, 1876, АҚШ). 90. Алеф (Хорхэ Луис Борхэс, 1945, Аргентина) 91. Диханның әңгімесі (Ежелгі Мысыр ертегісі, б.з.д. 2000) 92. Патшаның жаңа киімі (Ганс Кристиан Андэрсон, 1837, Дания). 93. Шілік (Энтон Билл Синклэр, 1906, АҚШ) 94. Хамрият (Абу Нувас, VIII-IX ғ, парсы) 95. Родэцки маршы (Жозэф Рот, 1932, АҚШ) 96. Қарға (Алан Эдгар По, 1845, АҚШ). 97. Сайтанның жыры (Салман Рушди, 1988, Пәкістан-Британия) 98. Құпия шежіре (Донна Тартт, 1992, АҚШ) 99. Қарлы күн (Эзра Жак Китс,1962, АҚШ) 100. Тоба Тэк Сингх (Саадат Хасан Манто, 1955, Пәкістан)
Қуандық Шамахайұлы Фейсбуктегі парақшасынан