Ақиық ақын аруақтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

[caption id="attachment_66498" align="aligncenter" width="600"]Мұхтар Шаханов Мұхтар Шаханов[/caption]

Әлеуметтік желіде қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шахановтың Мұқағали Мақатаев туралы жазылған өлеңі оқырман тарапынан қызу талқылануда. Сонымен қатар, ақынның Алматы арнасына берген сұхбаты да бірқатар әдебиет айналасындағы қауымның түсініспеушілігін тудырғаны белгілі.

Осы орайда ақиық ақын отандық телеарнаға берген сұхбатында шындық туралы өз ұстанымын сақтай отырып, қазақтың аймаңдай перзенттерінің әруақтарынан кешірім сұрайтынын жеткізді.

Әлеуметтік желіде әруақты саясатқа араластырып, ортаға от тастап, шоқ көсеушілердің кесірінен шыққан дауға осымен нүкте қойылады деп сенеміз.

[video width="640" height="352" mp4="https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2018/04/2018041005011531.mp4"][/video]