Астанада Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді

«Сендер менің бақытымның бұлағы...»

«Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын».

Бұл қалың қазаққа белгілі сағыныштың жаршысы Төлеген Айбергеновтың өлеңі еді. Ғұмырын өлең атты асауды тізгіндеумен өткен сыршылда, лирик ақынның өмірі қайғы мен қуаныштың мұнарасы секілді. Өзіне ғана тән элегиясы бар Төлеген табиғатының кереметін өлеңдеріне үңілу арқылы сезінуге болады.

Жыр кештеріне арқау болып, тіпті облыс, республика, халықаралық деңгейлерде конференциясы өтіп жүрген Төлеген атамыздың насихатталуы кем болып жатқан жоқ. Әсіресе, жастардың ақын өлеңіне деген махаббаты сөнген емес. 2015 жылдың шілде айынан басталған Маңғыстау облысы, Таушық ауылындағы жыр кеші, Ақтау қаласы қазақ-түрік лицейіндегі халықаралық конференциясы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы зиялы қауымның қатысуымен өткен конференциясы, Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар Одағында өткен конференциясы, жақында ғана Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен жыр кештерін мақтанышпен тілге тиек етуге болады. Осы кезекте ақынның ардақты атын өшірмей, ұрпақпен сабақтастырып жүрген қызы Салтанат Айбергенова апамыз, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялвқ партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанаты, «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының және т.б. тұлғалардың еңбегі ерен.

Енді міне Астана қаласында өткелі отыр.

Құрметті Астана қаласының қонақтары және тұрғындары!

Сіздерді "Ақ жол" ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы "Ақ жол-жастар" жастар қанаты мен «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін Ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арналған «Сендер менің бақытымның бұлағы...» атты әдеби - сазды кешіне шақырамыз.

Өтетін жері: Астана қаласы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы

(Достық көшесі, 11- үй.)

Өтетін уақыты: 22 желтоқсан, 2017 жыл

Сағат: 15.00

Байланыс телефоны:

8(775) 478 72 29

8 (7172) 472653