Ақыт Үлімжіұлы шығармаларының түп нұсқалары жарық көрді
2017 ж. 29 қазан
3810
0
Қазақ жазба әдебиеті негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын, ағартушы, діни қайраткер Ақыт Үлімжіұлы туралы Моңғолияда тағы бір кітап жарық көрді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кітаптың авторы Моңғолия Ғылым Академиясының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы (Sc.D), профессор Хурметхан Мухамадиұлы. Жауапты редакторы зерттеуші Шынарбек Сейітханұлы.
Аталмыш кітап Ақыт Үлімжіұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ақын жайлы зерттеулер және сонау 1895-жылдардан Қазан қаласында Шағатай әліпбиінде жарық көрген Ақыт шығармаларының түп нұсқалары қамтылған тұңғыш кітап.
Бұған дейін ҚХР, Түркия, Қазақстан, Моңғолияда ғұлама ақын Ақыт Үлімжіұлы және оның шығармалары туралы бірнеше кітаптар жарық көрген. Бірақ ақынның Қазан қаласына бастырған кітаптарының түп нұсқалары бүгінге дейін жарық көрмеген. Сондықтан бұл кітап Ақыттанушылар мен тарихшылар үшін аса құнды еңбек екені белгілі.