Әшірбек Сығайға арналған "Сын сардары" кітабы жарық көрді
2017 ж. 12 қыркүйек
3017
0
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Әшірбек Сығайдың өмірі мен шығармашылығы жайында «Сын сардары» аттты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Тұсаукесерге қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов, жазушы Төлен Әбдік, кино және театр актрисасы Меруерт Өтекешова, драматург Рахымжан Отарбай және т.б. қатысты.
- 70 жылдар қазақ әдебиеті үшін алтын ғасыр деп ойлаймын. Сол жылдары қазақ әдебиетіне Төлен, Ақселеу бастаған Әшірбектермен толысты. Әшірбек өмірде достарына адал, өз саласында мықты маман болды. 10 жас кіші болса да туа біткен қабілеті болды. Өнердің бақыты – Әшірбектің келуі. Өнерде оқып жүріп, әдебиетке өтіп, сын деген салаға көшіп кеткені үлкен бақыт. Жақсылыққа шек жоқ. Театр өнері, драматургия бақыт. Театрды жоғалпайық. Халықпен жеке дара сөйлесу – ұлы бақыт. Әшірбектей іні менің бақытым. Аға-інілі өмір сүрдік. Әшірбек, Райымбектерге ризамын. Достықтарына ризамын. Уақытша ғана өмірде қызғанышты қойып, дос болып, сырласқан үлкен бақыт. Бәріңді достыққа шақырамын, - деді кеш барысында Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
Іс-шараға қатысқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, журналист Шәрбану Бейсенова өз ойын былайша білдірді:
- Әшірбек Сығайдың 70 жылдығы өте жақсы деңгейде өтіп жатыр деп өзімді үлкен қуаныш үстінде жүрмін. Онымен бірге жүрген кездер, бірге жүрген уақытымызды еске түсіп, жастық шағымызға қайта оралғандай, бір сезімде басынан бері көріп жатырмыз. Жастық шағымыз бірге өткен адамдармыз. Ол кісінің еңбегі туралы атсақ айтар дүние көп. Қазіргі актерлар қауымы туралы энциклопедиялық тарапқа енбек. 2000 жылы мемлекеттік сыйлық алған болатын. Сол кітаптың өзінде барлық біздің актерлар туралы мағлұмат алуға болады. Содан бері қаншама кітаптар шығып жатыр. Әшірбек Сығай – еңбегі өте мол адам. Сол еңбегіне орай мына бүгінгі көріп отырған, тұсауын кесіп отырған кітапқа Әшірбек Сығайдың рухани ғұмыры жарқын болсын! Әшірбек ағамыздың кітаптарын қайта шығарсақ та, оқырмандарымызға жақсы болушы еді. Қанша кітап шығарсақ та артық болмайды. Қашан да көңілімізден шығады. Біз ол кісі туралы сіздердің айтқан сөздеріңізге толық қосыламыз. Оның ойы бүкіл жақсылықтан тұратын адам. Биыл басталған фестиваль жыл сайын өтіп жатса артық етпейді.Бұл өте дұрыс бастама екен. Ол сынды мәдениетті жеткізе алған сыншы.
Әшірбек Сығай - қазақ жазушысы, сыншы, аудармашы, Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 20-дан астам кітаптың және жүздеген мақалалардың авторы. Олардың әрқайсысында театр жұмысының толық кәсіби сараптамасы жазылған. Мольер, Гольдони, Шайкевич есімді атақты драматургтердің пьесаларын қазақ тіліне аударды.
2014 жылы «Қазақфильм» студиясында Әшірбек Сығай туралы «Сын сардары» атты деректі фильм түсірілді.