ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ӘЛЕМ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫНДА!
2017 ж. 01 қыркүйек
6016
7
Өткенде, 16-22 тамыз аралығында Моңғолияда өткен Дүниежүзілік поэзия фестивалы мен Әлем ақындарының 37 конгресі туралы баспасөзде жазылып жатыр. Әлемнің 40 шақты елінен 200-ден аса ақындар бас қосқан аламанда ағылшын тілінде "ӘЛЕМ ПОЭЗИЯСЫ-2017 антологиясы" жарық көрді. Әлем ақындарының таңдамалы жинағына қазақ ақындары тұңғыш рет кіріп отыр. Олар Қасымхан Бегманов, Жүкел Хамай және Қазыбек Иса.

