Аз. Тасқараұлы - Туған жердің иісі

Қай жаққа ақтың, менің қасқа бұлағым, Сәлем саған, бетегелі боз далам. Айналайын, атам жатқан Ұланым, Іздеп келген өз балаң.
Бұлт боп неге түнердің, Бар ма алдыңда әлдеқандай жазығым? Мен бір тапқан күреңмін, Қайта айналып қазығын. Ізі қалған қаймалдың, Ызбан оты қаулаған. Қасиетті топырағыңнан айналдым, Менің мынау реңімнен аумаған. Боз ағашы бөрте қалған күздерде, Шоқ боп ұшқам томардан. Бөрі жортқан түздерде, Бір тағамыз (талтүсте ме?) жоғалған. Қара өлеңдей – шөптей болсам деп едім, Қасқа құлын емін-еркін аунаған. Құс самғаған көктей болсам деп едім, Қара нөсері жерді оярдай саулаған. Тайынты-Тарғын... Тау жайлаған бұ жұртта, Кім, кім өткен, кім өткен?!. Күннің өзін тегін сөзбен қызарта, Билер орта гулеткен. Тауды көрсем қасқайған, Көргендеймін қарыс маңдай әкемді. Ат тағалап жастайдан, Сүйген мынау селеу басқан мекенді. Қосын тігіп құлан ауған далаға, Сыры бардай өзі ғана білетін. Аттың терін алабажақ жағама, Жаға салып жүретін. Шыбынды су, шұбар сайым – сағымым, Сауыр желі кеулеген. Аттың иісі – арқыраймын – әлі күн, Бұрқырап кеп кеудеден. Жүрекке ыстық туған жердің иісі ол, Қызуы бар күзде өртенген шетеннің. Туған жердің иісі ол, Иісі ол – менің асқақ әкемнің. Аз. Тасқараұлы