ҚАРСЫ АЛДЫҚ БІЗ ҚАРА ӨЛЕҢМЕН - ЦИВИЛИЗАЦИЯНЫ
2017 ж. 25 шілде
2847
2
Қалды сол ауылда, далада көнерген,
Менің асқақ феодальдық-патриархальдық қиялым,
Темірхан Медетбектің қиялы.
Қарсы алдық біз Қара өлеңмен,-
Цивилизацияны!
Заманға кеткен көп бізде есе,
Тәнірінің көзінен қағыс қап;
Біреулер есекке мінген шалдарын іздесе,
Біз Мағжанды іздедік шам ұстап!
Қайда екен сол ақын,
Көкке ұшқан-батпақты жалдамай?!.
Қара өлең-атаңның аруағы арқаңа қонатын,
Айхой, жалған-ай!
Құл менен тексіз күң- төңірек,
Жүрек жоқ,-қампиған қарыны;
Темағам сөйлейді кеудесін керінеп,-
Көк Түріктер сарыны...
Кеудеде кек кетіп;
Рух қап-Қағанда;
Темағам Тоныкөк көкеме кетті өтіп,
Қап қойған- мен мына заманда...
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ