Белгілі ақын Қазыбек Иса Әлемдік поэзия фестиваліне шақырту алды
2017 ж. 23 шілде
3652
10
![Картинки по запросу қазыбек иса](http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_56605/thumb_b/photo_58979.jpg)
Белгілі ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса 2017 жылдың 16-22 тамызында Моңғолияда өтетін Әлемдік поэзия фестиваліне шақырту алды.
Моңғолиядағы Мәдениет пен поэзия академиясының президенті G.Mend-Ooyo ақынға арнайы шақырту хатын жолдаған, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.
Жыл сайын әр мемлекетте өтетін бұл әлемдік поэзия аламанына биыл 40-тан аса мемлекеттің өкілдері қатысады.
Қазыбек Иса - ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" орденінің Қазақстандағы тұңғыш иегері. "Ақ жол" партиясы төрағаының орынбаары , “Қазақ үні” газеті ЖШС президенті.
"Керімсал", "Тәтті шөл", "Қызыл жыңғыл" кітаптарының авторы.![](http://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/2017/07/25b2916b5c49db617f52fa5ea48efee7-17.jpg)