АСТАНАДА ҮКІЛЕНГЕН ҮШ КІТАП

1
1318

Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, жазушы Жәди Шәкенұлының «Оспан» (құрастырған), «Қаралы көш»(2-басылым), «Жалғыз­дың үні» кітаптарының Астана қала­сындағы тұсаукесуіне орай жа­қында Лев Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітап­ха­насында әдеби кеш өтті.

Аталған шарада Рахымжан Отарбай, Тұрсын Жұртбай, Қаржаубай Сартқожа, Зиябек Қабулдинов, Сайлау Батыршаұлы, Бекқожа Жылқыбекұлы секілді қаламгерлер өкілі сөз сөйлеп, жазушы еңбегін жоғары бағалады. Соның ішінде жазушының екінші рет басылып отырған «Қаралы көш» романы жайында толғамды ойлар ортаға салынып, әңгіме еркін сұрау-жауаппен жалғасын тапты. Бауыржан Қарақыз, Ұларбек Нұрғалым секілді бір топ жас ақын өз өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Жазушының үш кітабы Астана кітапханалары мен оқырмандарға сыйға берілді.

Бас қосуға Астана қаласында тұра­тын белгілі қаламгерлер, БАҚ өкілдері, филология, журналистика факул­теті­нің ұстаздары мен студенттері қатысты.

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз