Ұлттық академиялық кітапханаға Қытайдағы қандастар туралы сирек кітаптар сыйға тартылды
2017 ж. 08 маусым
2248
0
Қазақстан-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қытайда тұратын қандас бауырларымызбен кездесу болып өтті.
Шыңжаңда тұратын қазақ бауырларымыздың өміріне қатысты құнды мәліметтер, атақты Жәңгір хан туралы шежірелер, «Құтты білік» және «Манас» дастандары туралы 90 томдық кітаптар Қытай мемлекетінің баспаларынан арнайы шығарылған болатын. Жақын арада осы 90 томдық кітаптар Ұлттық академиялық кітапхана қорына сыйға тарту етілмек. Қазақстан-Қытай әдеби-мәдени байланыстары және халықаралық ынтымақтастығына қатысты кітаптар «Мәдени мұра» деген атпен шығып отыр. Бір ерекшелігі бұл кітаптар Қытай мемлекетінің 2012-2020 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асырылыпты. Сондай-ақ, Қазақстан-Қытай мемлекеттерінің әдеби-мәдени байланыстарын және дипломатиялық қарым-қатынасын дамыту мақсатында іске асқан жобалардың бірі.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарында орнаған болатын. Қытайда Қазақстан елшілігі бар. Екі ел арасындағы тығыз байланыс Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШОС) аясында жүзеге асырылып келеді. Ал, екі ел арасындағы келіссөздер 2016 жылы басталған болатын. Келіссөздер барысында екі мемлекеттердың сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, отын-энергетикалық ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту мәселелері көтерілген болатын.
«Біздің байланыстар мемлекетаралық қарым-қатынастардың үлгісі болып табылады. Біз экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтере отырып, стратегиялық әріптестіктің үлгілі моделін құрдық. Қазақстан мен Қытай Үкіметі белсенді қол жеткізілген келісімдер негізінде қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп келеді. 2016 жылы біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ал келер 2017 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл өте маңызды күн болып табылады, – дей келе Елбасы жылда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арқасында сенімділіктің айтарлықтай нығайғанын да атап көрсетті.