Ұлттық академиялық кітапхананың "Кітап музейі" ICOM мүшесі атанды
2017 ж. 18 мамыр
4374
0
Бүгін елімізде Халықаралық мұражай күні аталып өтуде. Бұл күнді 1977 жылы ICOM (International Council of Museums) кезекті 11-ші Бас конференциясында бекіткен болатын.
ICOM - 172 елдің ең ірі музейлері біріккен БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның құрамына кіретін материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтайтын одақ. Бұл одақ тек музей саласы ғана емес, кітапхана, мұрағат, мұражай және өзге де мәдени мекемелерді сақтайтын бірден бір мекеме.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана 2014 жылы Астана қаласында тұңғыш рет «Кітап музейін» ашқанын атап өткіміз келеді. Құнды кітаптарға толы «Кітап музейі» бүгінде кітапханаға келуші оқырмандарды өз жәдігерлермен қуантуда.
Мұражай күні қарсаңындағы елеулі жаңалық, ол - Ұлттық академиялық кітапхананың «Кітап музейі» ICOM (INTERNATIONAL COUNCIL OF MUSEUMS) құрамына кіріп, толыққанды мүшесі атануы.
"Қазақ үні" ұлттық порталы осы жетістікпен кітапхана қызметкерлерін құттықтай отырып, еліміздің барлық мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.